Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodika_shpor-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.77 Кб
Скачать

28 Балықтар класынан” дәріс беру әдістерін мысал келтіре түсіндіріңіз.

«__»_____2014 Пәні: Биология Сынып: 7 Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар класы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі, түрлері және кәсіптік маңызы туралы жалпы түсінік беру. Тәрбиелілігі: Сүйекті балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында түсінүк бере отырып, балықтарды сақтауға, қорғауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Дамытушылығы: Сүйекті балықтардың таралу аймақтарымен таныстырып, ой - өрістерін дамыту. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балықтың суреттері. Сабақтың басқа пәндермен байланысы: география, зоология, ихтиология, информатика. Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі А) Сәлемдесу. Б) оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Балықтарға жалпы сипаттама 2. Сүйекті балықтардың ерекшелігі 3. Сүйекті балықтардың класс тармақтары мен отрядтары

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes) — омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы.  Сүйекті (костные) балықтардың қазіргі кезде 20 000 - нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ ірі қабыршықтармен қапталған. Қабыршықтарында ағаш дініндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтарда торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзегі бар. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының құрылысы шеміршекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы миы шағын, екі миы сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Интерактивті тақтадан «Балықтар әлемі» туралы видеоролик көрсетіледі. Сабақтың барысы

І. Балықтың ішкі құрылысы жайындағы сурет – тапсырманы интерактивті тақтадан орындайды. Онда ішкі құрылысындағы мүшелері бағыттауыштармен ғана беріледі, оқушы атауларын өздері жазады. ІІ. Тірек – сызбаларды орындайды. Жүзбеқанаттар (Арқа қанат, құйрық қанат, жұп көкірек, жұп құрсақ, аналь қанаты) ІІІ. «Шығармашылық жұмыс» Оқушыларға балықтардың көбеюі, бекіре балығының кәсіптік мәні, Қызыл кітапқа енген балықтар туралы тапсырмалар берілген болатын. Енді тақтаға сол оқушыларды шығады. ІV. Сабақты бекіту

№18 Зертханалық жұмыс. Балықтың сыртқы құрылысы, қозғалысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]