Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodika_shpor-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.77 Кб
Скачать

1

Биологиядан сабақ өткізу әдістерінің мақсаты мен міндеті, жайлы не білесіз?

Бұл курстың алдына қойған басты мақсаты – мектеп қабырғасындағы биология мамандығы бойынша білімді, білікті деңгейдегі биология мұғалімдерін мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарна сай етіп даярлау. Осыған орай болашақ мұғалім оқушыларға жалпы білім берудің мақсаты мен міндеттері бағдар жасай отырып, жеке тұлғаны дамытып, тәрбиелеу. Осы пәнді оқып игеру нәтижесінде студент биология саласынан сабақтан тыс жұмыстар жүргізе отырып, оның алдын ала үлгісін жасауды үйреніп, әрбір оқушының жас ерекшеліктеріне психофизикалық деңгейіне сәйкес кластан тыс шараларды іске асыра білуді, оны ұйымдастыруды уйренуі тиіс, тиімді қолайлы әдістемелерді таңдап алу арқылы оқу материалынынң мазмұнына, мақсатына қарай және оқушылардың жасқа сай типтіе ерекшеліктеріне сәйкес оптималды әдістерді қолданып , білім беру барысында кешенді құралдарын тиімді пайдалануды меңгеру.

Биологиялық әдістеме пәні:

  • Пәнге тиісті ғылыми практикалық білімнің негізін қалап, жалпы және әдістемелік пәндердің теориялық және практикалық негіздерін меңгеруін ұйымдастыру.

  • Әдістемелік іскерлігін қалыптастырып, кәсіби педогогикалық білімін дағдыға, шеберлікке өзгеруін қамтамасыз ету.

  • Биологиядан сабақ беру барысында инновациялық әдіс тәсілдерді болашақ мұғалімдерге үйрете отырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы тәжірбиелі жаңа технологияларды меңгеруге үйрету.

  • Педогогика және оқу дала практика кезінде алған тәжірбиелерін тереңдетіп, білікті жетілдіре отырып, теориялық білімін практика жүзінде қолдануға үйрету.

  • Педогогикалық танымын және кәсіби сапасын мәдениетін шығармашылық ойлау жеке бастың стилі және зерттеушілік әдістерін өз бетімен ізденіп өзінің кәсіби деңгейін жетілдіруші биолог мұғалім дайындау сияқты мәселелерді шешуге арналған.

Биологияны оқыту әдістемесінің басты атқаратын қызметі:

  • Педогогикалық

  • Адаптациялық

  • Білімділік

  • Дамытушылық

2. Биология оқыту әдістемесі пәнінің қалыптасу тарихы жайлы жазыңыз. Биология ғылымының басқа салалары сияқты биологияны оқыту әдістері де педагогика ғылымына жататын пән болып есептеледі. Мектептегі оқу пәні ретінде оның да өзінің даму тарихы бар. Ол осыдан 200 жыл бұрын басталған деп айтуға болады. Осы пәннің құрылуына, пайда болуына көптеген ғылыми-биологтар, әдіскер мұғалімдер үлкен үлестерін қосты. Көптеген оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарын дайындап, жарыққа шығарды.

Биологияны оқыту әдістерінің алғашқы даму тарихы XVIII ғасырдың соңғы жылдарынан басталады. Жаратылыстану пәні атымен аталып 1783 жылы Ресейдің халық училищелеріне және мұғалімдер семинарияларына енгізіле бастады. Жаратылыстану пәнінен алғашқы оқулықты жазған ғалым В.Ф.Зуев (1786). Оқулықта оны оқу әдісі бойынша жаратылыстануды біржүйелікпен, қарапайымнан күрделік бағытына қарай оқыту айқындалады:

Қазба байлықтар патшалығы (өлі табиғат),

Күн өткізуші патшалық (ботаника),

Жануарлар патшалығы (зоология).

Сондықтан да В.Ф.Зуевтің бұл оқулығы ең бірінші оқу пәні ретінде жаратылыстану пәнінің ең бірінші бастамасы болып есептеледі.Жаратылыстануды оқытумен қатар В.Ф.Зуев маңызды әдістемелік проблемаларды шешу бағытында да көптеген еңбек істеді.

ХІХ ғасырдың бас кезінде биология ғылымында өсімдіктер мен жануарлардың жүйесін жасау кең өріс алды. Соған орай К.Линнейдің «Табиғат жүйесі» деген еңбегі жаратылыстану пәнін үйренуге үлкен ықпалын тигізді.

1809 жылы В.Ф.Зуевтің оқулығы А.М.Теряевтің «Ботаникалық философияның бастапқы негізі» деген оқулықпен алмастырып, барлық оқу орындарына енгізіле бастады. Оқулықтың мазмұны негізінен ботаникалық терминдердің жинағы еді. Сонымен қатар кейбір діни қағидалардың да сипаттары берілген. Кейіннен И.И.Мартынов өзінің «Үш ботаника» деген оқулығын дайындап жарыққа шығарды. Бірақ оқулықтың әдістемелік жағынан кемшіліктері болды.

Мектеп биологиясының білімділік дамуына үлкен әсерін тигізген ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы Ч.Дарвин ілімінің дүниеге келуі деп айтуға болады.Дәл осы кезде жаратылыстану пәнінің әдістемелік негізін қалап, оны жастарға үйретуге аса еңбек еткен А.Я.Герд болды.

Биология пәнін оқыту методикасы, дамуындағы басты роль атқарушы профессор Борис Евгеньевич Райков (1880-1966) болды. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары және оның даму тарихын зарттеу, және зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытудағы арнаулы кабинеттік жүйелікпен өткізуді насихаттаушы.

40 жылдары биология ғылымының дамуында айтарлықтай өзгерістер болды. Атақты ғалымдар И.И.Шмальгаузен, Н.П.Дубинин, С.С.Четвериков және көптеген шет ел ғалымдары Ф.Добржанский, Г.Симпсон, Дж. Хаксли, Э.Майер басқада ғалымдардың қосқан еңбектерінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. Сонымен қатар сол кездегі кең түрде таралған В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің, Н.В.Сукачевтің биогеоценоз туралы ілімдері, мектеп биология пәнін оқытудағы эколого-эволюциялық бағыттар бойынша дәріс беруді басты мақсат етіп қойды.

3. А.Ф. Зуевтің биологияны оқыту әдістерінің дамуына қосқан үлесін түсіндіріңіз?Биологияны оқыту әдістерінің алғашқы даму тарихы XVIII ғасырдың соңғы жылдарынан басталады. Жаратылыстану пәнінен алғашқы оқулықты жазған ғалым В.Ф.Зуев (1786). Оқулықта оны оқу әдісі бойынша жаратылыстануды біржүйелікпен, қарапайымнан күрделік бағытына қарай оқыту айқындалады:

Қазба байлықтар патшалығы (өлі табиғат),

Күн өткізуші патшалық (ботаника),

Жануарлар патшалығы (зоология).

Сондықтан да В.Ф.Зуевтің бұл оқулығы ең бірінші оқу пәні ретінде жаратылыстану пәнінің ең бірінші бастамасы болып есептеледі.

Сондықтан да В.Ф.Зуев XVIII ғасырдағы жаратылыстану пәнін ең алғашқы негізін салушы және оны бірінші оқу жүйесіне енгізуші деп есептеледі.

Осы кездерде биология ғылымында өсімдіктер мен жануарлардың жүйесін жасау кең өріс алды. Соған орай К.Линнейдің «Табиғат жүйесі» деген еңбегі жаратылыстану пәнін үйренуге үлкен ықпалын тигізді.

1809 жылы В.Ф.Зуевтің оқулығы А.М.Теряевтің «Ботаникалық философияның бастапқы негізі» деген оқулықпен алмастырып, барлық оқу орындарына енгізіле бастады. Оқулықтың мазмұны негізінен ботаникалық терминдердің жинағы еді.

4. Хх ғасырдың басындағы биологиядан сабақ беру әдістеріндегі ерекшеліктерді атаңыз.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, биология саласындағы ашылған ғылыми жаңалықтардың нәтижесінде қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның, оның ішінде адамзат баласының мәдени, рухани дамуының болашағы жайлы көзқарастар түбірінен өзгереді. Қазірде де сондай сеніммен, батылдықпен болжап айтатын болсақ, биология саласында адамзат баласын жаңа ғылыми жаңалықтар күтіп тұр деуге болады.

ХХ ғасырда биология ғылымында орта мектеп деңгейінде, жоғары оқу орындарында жастарға білім беру мен тәрбие берумен қатар ғылыми – зерттеу жұмыстарын да дамыту керек деген мәселелер биолог – педагог мамандарды қатты толғандырады.

Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орнындағы студенттерге биология салаларынан білім берудің басты мақсаты мен міндеттері:

  • Табиғаттағы тірі ағзалардың құрылысы мен қызметінің және генетикалық негізінің жүйелілігін игеру, білу;

  • Тірі ағзалардың көбеюі мен дамуын, биолгияның әртүрлілігін түсіну;

  • Биосферадағы ең бір бірегейлі және бағалы бөліктері экожүйе, биологиялық әртүрлілік, оның эволюциялық дамуы;

  • Тірі табиғат негізіндегі білімін дамыта отырып оның ғылыми бейнесі, жалпы адамзат мәдениетінің компоненті ретінде болатындығын қалыптастыру.

Сабақ беру әдісі – оқушылардың танымдық қабілеттерін басқаруға және бақылауға арналған құралдар мен тәсілдер, ақпарат алмасу жолдары.

Оқу әдісі – оқу материалын қабылдаудың жолдары, құралдары мен тәсілдер, оқу мен өзін-өзі бақылаудың репродуктивті және продуктивті әдістері.

Мұғалім мен оқушылардың әрекеттерінің тәсілдері оқыту әдістерінің құраушы бөлігі болып табылады (М.И.Махмутов). Тәсілдер – белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған әрекеттер, қызмет ету түрлері. Оқу жұмысының тәсілдері ойлау әрекетінің тәсілдеріне тәуелді (анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дәлелдеу, абстрактілеу, конкретизация, қорытынды шығару, көз алдына елестету және еске сақтау тәсілдері).

Оқыту процесі кезінде мұғалімнің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қоздыруы, жақсартуы және дамытуы оның өз пәнінің мазмұнын бай, терең, қызықты етіп және оқушылардың танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әртүрлі, шығармашылық, продуктивті етіп жасай білуінде.

5. Орта мектептегі реформалар туралы айтып беріңіз.

ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім саласында кең көлемде реформалар жүргізіліп жатыр. Ондай реформалар ТМД аумағындағы мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да жүргізілуде.

Дамыған елдерде білімді реформалау эволюциялық, революциялық жолмен жүріп, стратегиялық және тактикалық міндеттерді жүктеп, интеграциялау, интернационалдандыру, демократияландыру жолдарымен дамуда.

Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне дүниежүзінің 138 жуық мемлекеттері енген. Олардың ішіне дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т. б. кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдады. Қазақстан 12 жылдық білім кеңістігіне енді ғана еніп жатыр. Қазіргі кезде ҚР 107 мектебінде 12 жылдық білім беру үдерісі эксперимент түрінде жүргізілуде.

Бұл жүйенің басты мақсаты-жүйені ашық, заман талабына сай негізде дамыту. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби шеберлік.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін әлемдік дамудың негізгі үрдістері: қоғам дамуының қарқындылығы; постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өршуі; адам капиталы мәнінің артуы. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр. Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі:

-жаңа білім технологияларының енгізілуі;

-оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;

- терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

-оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;

-өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау;

- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

Демек, 12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді етуге дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық – физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес болады. ТМД және шетелдік ғалымдардың пікірінше физиологтар, психологтар, педагогтар 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту және жасерекшелігінің дамуына сәйкес болуын ескеру қажет деп санайды. Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп 3 сатыдан тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі (немесе кіші) орта мектеп 3-6 жыл және жоғарғы орта мектеп 2- 4 жыл.

12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мәселелердің шешілуін талап етеді:

1.Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі;

2.Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар);

3.Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау жүйесін жетілдіру;

4.Жалпы және орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілдірілуі;

5.Санитарлық-гигиеналық нормалар және негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу;

6.Мектепке дейінгі, бастауыш, орта жалпы және жоғары бейіндік білім беруде сабақтастықтың болуы;

7.Білім саласын елдің тарихи дәстүріне, мәдениетіне бейімдеу.

6.Биология және экология пәнін оқыту пәнінің ғылымның басқа салаларымен байланысы жайлы айтып беріңіз? Биологияны оқыту әдістемесі білім беру үрдісінің мазмұнын және оқушылардың оқу материалдарын игерудің заңдылықтарын зерттейтін пән. Осыған орай бұл пән ғылым ретінде мектеп оқулығының ерекшеліктеріне байланысты білім және тәрбие беру процесінің жүйесі деп анықтама беруге болады.

Сондықтан да ғылым ретіндегі басты атқаратын қызметі – зерттеу. Биологияны оқыту әдістемесінің басты мәні осы нәтижеге байланысты теория мен практиканы ұштастыра отырып, тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың дамуын жетілдіру.

Дидактиканың негізіне сүйене отырып дамыта оқыту мәселенің маңызды жақтарын шешу жолдарын жүзеге асыру.

Басқа да ғылымдар іспеттес биологияны оқыту әдістемесі пәнінде білім беру кезінде табиғаттағы процестер мен құбылыстардың обьективті заңдылықтарына сүйене отырып орындалады.

Биологияны оқыту әдістемесі пәні педагогикалық ғылымда дидактикамен тығыз байланыста. Бұл жерде бұл пән оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысының қалыптасу заңдылықтарын зерттей отырып, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Ал, дидактика білім берудің теориясын және ұстанымын қалыптастырады.

Биологияны оқыту әдістемесі психологиямен тығыз байланыста. Себебі, оқыту барысында басты қаперді оқушының жас ерекшелігіне сәйкестендіру. Сонымен қатар тәрбие жұмысын жүргізудің басты тиімділігі оның жасына сай жүргізілуі тиімді нәтиже береді.

Сонымен қатар биология пәнінің оқу материалдары да сыныптан сыныпқа қарай әрбір тұлғаның даму деңгейіне қарай күрделенеді. Егер осы фактор оқушының ақыл-ойы мен жан дүниесінің жасына сай болмаса, атқарылатын жұмыстың тиімділігі төменгі деңгейде қалады. Осыған орай мұғалім 6-7 сыныпта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып білім беруді қамтамасыз етеді. Ал жоғарғы сыныптағы оқушылардың материалды қабылдау процесі тұрақты болғандықтан бір немесе екі түрлі әдістемелерді қолданып жүргізеді.

Әрине ерекше айта кетерлік тығыз байланыс биология ғылымына сүйеніп білім беру.Табиғатта, тірі ағзалардағы құбылыстарды, заңдылықтардың ғылыми түсінігі биологияның жеке-жеке салаларымен байланысты: ботаника, зоология, өсімдік және жануарлар физиологиясы, цитология, гистология, эмбриология, биофизика, биохимия, биотехнология, ғарыштық биология, экология, эволюциялық ілім т.б.

Әрине мектептегі биология пәні мен биология ғылымының арасында айтарлықтай айырмашылық болады. Егер биология ғылымының мақсаты табиғат және тірі ағзаларды ғылыми зерттеу жолымен жаңалықтар ашылатын болса, мектеп биологиясының мақсаты сол ашылған фактілермен заңдылықтарды, оқушыларға үйрету. Сондықтан да биологиядан сабақ жүргізу кезінде мұғалім ғылымдағы фундаменталды фактілерді, заңдылықтарды, ең маңызды проблемаларды таныстырып, түсіндіру.

Биологияны оқыту әдістемесі философиямен де байланысты. Бұл ғылым адамның өзін-өзі танымдылығының дамуына мүмкіндік береді. Адамзат баласының жалпы мәдени даму жүйесінде ғылыми жолмен ашылған жаңалықтардың орны мен рөлі жеке-жеке ғылымдағы фрагменттерді жинақтай, біріктіре отырып дүниенің даму бейнесін суреттеуге ықпал етеді. Философия-әдістеменің теориялық негізі деп қарауға болады. Оқушыларға білім, тәрбие беруде ғылыми дәлелдермен қаруландырып, жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді, яғни материалистік көзқарасын қалыптастырады.

Пән аралық байланыс қызметі:

  1. Методологиялық

  2. Білімдік ой санасын қалыптастырау

  3. Тәрбиелік

  4. Конструктивті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]