
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
Дыбыстар сөзді‚ сөздер сөз тіркесін‚ сөз тіркестері сөйлемді құрайды. Осылар арқылы ойды білдіретін болсақ, онда сөйлеу дегеніміз дыбыстардың ұзыннан-ұзақ тіркесі болып шығады. Бірақ олар тұтас тіркес емес, түйдек-түйдек тіркес. Жазуда сол түйдектер сөздің ыңғайына қарай іштей бөлшектеніп кетеді. Әр түйдектегі көрші дыбыстар өзара үндесіп, үйлесіп, кірігіп, тұтасып, басқаша айтқанда, бас түйістіріп, қол ұстасып, тіл табысып тұрады. Яғни дыбыстардың қатар тұруында тарихи қалыптасқан тәртіп, жүйе, заңдылық бар. Тілді тіл етіп, бар табиғатын айқындап тұрған да дыбыстардың осы қасиеті деп түсіну керек.Дыбыстар тіркесі – тілдегі дыбыстардың бірімен-бірінің қатар тұру мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Бұл – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің (қаруының) жемісі, нәтижесі. Осыны А. Байтұрсынұлы ерте түсініп‚ жақсы пайымдаған. Ол тілдегі дыбыстарды: “Тілдің өзінің қойған орнынан басқа орынға қойса‚ онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. Ол тілше болмаған соң‚ оның түбі – ол тілді бұзу‚ өзгерту болады”1‚ – дейді.
Қазақ тіліндегі негізгі үндестік заңдар деп жүргеніміздің өзі, айналып келгенде, дыбыстар тіркесінің нәтижесі. Бұл заң бойынша:
1. Бір сөз құрамында тек жуан дыбыстар немесе жіңішке дыбыстар ғана қатар тұра алады.
2. Сөз (түбір) ішінде, сөз бен қосымша, сондай-ақ сөз бен сөздің аралығында қатаң дауыссыздардан соң тек қатаңдар ғана тұра алады.
3. Әлгіндей жағдайда ұяңдардан соң тек ұяң дауыссыздар тұрады.
4. Үнділерден соң ұяңдар, қала берді үнділер келеді. Міне, бұлар – бүкіл тілдің болмыс, бітімін айқындайтын, өзге тілдерден ерекшелендіріп, айшықтандырып тұратын, ұзақ дамудың нәтижесінде қалыптасқан, бұлжымас заңдылықтар.
Қазақ сөздерінің орыс графикасымен хатқа түсе бастағанына бір жарым ғасыр болды. Өткен ғасырда татар, шағатай үлгілерімен шұбарланған, немесе жазудың шалағайлығынан дыбыстық жүйесі бөлінген араб графикасы негізіндегі жазуды айтпағанда, үндестік заңының қақырауына орыстардың да қосқан үлесі (білместіктен де болар) ескерілуге тиіс. Мәселен, алғаш (Н. Ильминскийде) бағлан түрде хатқа түскен сөз күні бүгінге дейін орфографиялық сөздіктерде қайталанып келеді. Бұл ұяңдардан соң тек ұяңдар тұрады дейтін үндестік заңға көрінеу (ғл тіркесі) қайшы екенін ұқпай келеміз, байырғы тіркестердің қатарында қарайтынымыз да бар. Заңды елемеудің, елемегендерге еліктеудің, жөн-жосыққа илікпеудің салдарынан ғасырлар бойы дамудың нәтижесінде қалыптасқан дыбыстар тіркесіне зор нұқсан келіп, айтуды да күйретіп бара жатқаны айқын. Тілдің тазалығын сақтап, айту, жазудың дұрыс, бұрысын парықтап, зерделеу үшін тіліміздегі дыбыстардың тіркесімін білудің маңызы зор. Қазақ тіліндегі негізгі үндестік заңдар деп жүргеніміздің‚ қазақ тілі фонетикасы жайында айтылған пікір, тұжырымдардың бәрі осы дыбыстар тіркесінен бастау алатынын, соның негізінде өрбитінін ескеру керек болады. Лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы ұқсас қазіргі түркі тілдері бірін-бірі жөнді ұға алмай, түсіне алмай қалатын болса, ол дыбыстардың әрқилылығынан емес, сол дыбыстардың өзара қиюласып, ұқсасып‚ ұстасып тұру тәртібіне көп байланысты. Көне түркі тіліне оларды жақындататын да, алшақтататын да негізгі тетік баршасына ортақ, ұқсас дыбыстардың сөздің әртүрлі деңгейінде (басында, ортасында, соңында) өзге дыбыстармен қиюласу, тіркесу мүмкіндігі мен ерекшелігіне байланысты. Бұдан дыбыстар тіркесі фонетиканың өзекті мәселесі деген қорытынды шығады. Тек дыбыстарды транскрипциялаудың өзіндік қиындықтары (әсіресе баспа үшін) оларды фонемалар деңгейінде қарауға мәжбүр етеді. Олай болса, фонемаларға негізделген біздің жазуымызда дыбыстар тіркесі фонемалар тіркесі екені есте болуға тиіс.