
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
3. Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а‚ ә;
ә) жартылай ашық дауыстылар: о‚ ө‚ е;
б) қысаң дауыстылар: ұ‚ ү‚ ы‚ і‚ и‚ у;
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де‚ қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.
Дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны - 25, кейде 26. Фонетиканың бас оқулығы: “Қазіргі қазақ тілінде мынандай 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң” дейді де, бұларды топтастырған кезде щ әрпін қосады. Дұрысы, щ – дыбыс емес, әріп. Ол созылыңқы ш (немесе қос ш) дыбысының таңбасы, транскрипцияда оны ш: түрінде таңбалайтыны айтылды. Қазақ тілінде щ әрпі тек ащы, тұщы, кеще сөздерінде жазылатыны белгілі.
12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса‚ онда оған жалғанатын қосымша тек дауыссыздардан басталады делінеді. Алайда кейбір оқулықтар мен ереже‚ зерттеулерде осы аксиомаға қайшы‚ жаңсақ пікірлер де кездеседі. Олар:а) бу‚ су‚ ту‚ ми‚ ине‚ биле‚ у‚ жуан‚ уық сөздерінің у‚ и əріптерін дауысты дыбыстар деп қарау. Бұлай болғанда бу-ы‚ бу-ын‚ бу-ады‚ бу-ар болып‚ дауыстылар (уы‚ уа) түрінде қатар тұрар еді. Тағы қайталап айту керек болады‚ жеке сөз тұрмақ‚ сөз бен сөздің аралығында да қатар келген дауыстылардың бірі айтылмайды. Ал біріккен сөздерді Молдаахмет‚ Қандыағаш‚ Сарыағаш‚ Сарыөзек‚ қалааралық‚ өліара түрінде жазу – орфографияның ісі.ə) “ы‚ і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың у жұрнағы жалғанғанда
ы‚ і дыбыстары түсіріліп жазылады” (“Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері”). Əрине‚ əңгіме əріптер туралы болса‚ бұл қағидаға келісуге де болар еді. Тұйық етістіктің -у жұрнағы дыбыс емес‚ əріп. Оның дыбыстық бейнесі -ұу‚ -үу‚ -у (тау дегенде).Мысалы: барұу‚ келүу‚ ойла-у.Ал соңында ы‚ і əріптері бар сөздерді де екіге бөліп қарау керек. Бірінші: аңқы‚ апшы‚ ары‚ байы‚ балқы‚ бекі‚ дары‚ ері‚ есті‚ жары‚ жасы‚ зекі‚ кеңі‚ қасы‚ қышы‚ мыжы‚ саңғы‚ сарсы‚ сасы‚ серпі‚ сырғы‚ тайқы‚ таны‚ тасы‚ телі‚ шарпы т.б.Екінші: божы‚ босы‚ жоры‚ жосы‚ жүнжі‚ қоры‚ құры‚ мүжі‚ мүлгі‚ нұқы‚ оқы‚ өксі‚ сусы‚ суы‚ тоқы‚ торы‚ ұлы‚ үсі‚ шоқы‚ шұқы‚ шошы‚ шөкі т.б. Сонда бұлардың біріншілерінің соңында тұрған ы‚ і дауысты дыбыстар да‚ екіншілерінің соңындағылар (ы‚ і) əріптер‚ ұ‚ ү дыбыстарының жазудағы таңбасы. Бұл екі топқа да тұйық етістіктің жұрнағы жалаң үнді у дыбысы түрінде жалғанады. Сонда, дұрысы, бұларды біріншілерінің соңындағы ы, і қысаңдары қос ерін у дауыссызының алдында ұ, ү еріндіктеріне айналады: аңқы-у – аңқұу (жазылуы – аңқу), апшы-у – апшұу (апшу), бекүу (беку), телүу (телу). Ал екінші топтағы етістіктерде, дыбыс тұрғысынан қарағанда, ешқандай да түсу, алмасу болмайды: оқұ-ұ (оқу), жорұ-у (жору), мүжү-у (мүжу), үсү-у (үсу).Алдыңғы морфеманың (сөздің) соңындағы дауыстылармен көрші тұрып айтыла алатын дауыссыздар мыналар:а) Үнді дауыссыздар. Əсіресе л, м, н, ң үнділерден жалғаулар да, жұрнақтар дабасталады жəне олар дауыстылардан кейін еркін тұра береді: қала-лар, қала-мыз, қала-ңыз, қаланы, терезе-лер, терезе-міз, терезе-ңіз, терезе-ні, ойла-н, ал-ма. Ал р, й, у үнділерінен тек жұрнақтар ғана басталады: ала-й, ала-р, қара-у, қара-й, жақсы-рақ, əдемірек. Үнді дауыссыздар дауыстылармен еркін қатар тұрып айтыла береді жəне ешқандай алмасуға ұшырамайды. Бұл қасиет олардың құрамында салдырдан гөрі дауыстың (тонның) басым болуымен байланысты. ə) Ұяңдардан тек г, ғ, д дыбыстарынан басталатын қосымшалар ғана дауыстылардан кейін тұра алады: терезе-ге, терезе-де, жылқы-ға, жылқы-да, жара-дар, қара-ған, де-ген,қала-ды, де-ді. Ал сөз басында ұяңдар дауыстылардан кейін айтыла береді: қара белбеу,қара вагон, сары гүл, қара дауыл, сары жылан, жаңа заң. б) Əдетте дауыстыға біткен сөздерге қатаң дауыссыздан басталатын қосымшалар жалғанбайды делінеді. Алайда с жəне ш қатаңдарынан басталатын қосымшалар бұл заңға көнбейді, ретіне қарай дауыстымен көрші тұра береді. Олар: – сы, – сі (бала-сы, əже-сі), – сың, – сің (бала-сың, əже-сің); – сыз, – сіз (бала-сыз, əже-сіз);
– с (қара-с, істе-с), – са, – се (қара-са, де-се), – сын, – сін (дана-сын, кісі-сін); – шы, – ші (жылқы-шы, түйе-ші); – шы, – ші (қарашы, деші); – ша, – ше (балаша, кісі-ше); – ш (сəуле-ш, Айна-ш), – шық, – шік (қала-шық‚ төбе-шік).Сондай-ақ т қатаңынан басталатын бірер қосымша кездеседі: – т (ойна-т, тіле-т), – тай(əже-тай, əке-тай).Қатаң с жəне ш дауыссыздарынан басталатын қосымшаларды ерме қосымшалардейміз. Өйткені бұлар алдыңғы морфеманың соңғы дыбысын талғамай ере береді. Олайболатыны‚ бұлар əсте ұяңданбайды.Соңы дауыстыға біткен сөздерге басқы дыбысы қатаңдардан басталатын қосымшаларжалғанбайды дейтін қағида ең алдымен қатаң қ, к, п дыбыстарына негізделеді. Шынындада‚ морфемалар жігінде қ, к фонемалары дауыстылармен қатар тұра алмайды, тұрақалғанның өзінде (сөз бен сөздің аралығында) айтуда міндетті түрде ұяңдайды: қарағой(қара қой), алағарға (ала қарға), балагезде (бала кезде), жаңагелді (жаңа келді), сондай-ақағешкі (ақ ешкі), тарағы (тарақ-ы), шелегі (шелек-і). Ал п қатаңының бұлардан біререкшелігі кейінгі сөздің басында ұяңданбай айтыла береді; “бір пайда – пайда, екі пайдақайда” (мақал); қара пышақ, өте пысық, қара піл. Дегенмен: к, қ қатаңдарының да бірер кірме морфеманың басында дауыстылардың ықпалына илікпейтін кездері бар: күнə-кар, айла-кер, арба-кеш, түйе-кеш, кіре-кеш, пайдакүнем, бəле-қор, дүние-қор, жала-қор. Сондай-ақ Алмакүл, Айнакүл, Балакүл, Зəйкүл, Жұмакүл, Қынакүл, Тəттікүл сияқты біріккен түбір есімдердің екінші сыңарындағы күл (гүл) сөзі де ұяңданбай айтылады.