
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
Жасалымы‚ айтылымы және басқа белгі-қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым-белгі‚ ерекшеліктер мынадай болып келеді.
1. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да‚ салдырдың қатысы елеусіз болады. Ал дауыссыздар‚ керісінше‚ салдырдан жасалады. Тон қатысуы да‚ қатыспауы да мүмкін.
2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз‚ қарқынсыз шығады да‚ дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мәселен‚ а дегенде дауыс шымылдығы дірлдейді‚ тіл артқа тартылады‚ жақ (ауыз) кең ашылып‚ ерін екі жаққа қарай керіліп (езулік болып) айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда‚ ауа кедергіге ұшырап‚ қарқынды шығады да‚ бірер ғана дыбыстау мүшелері қатысады. Мәселен‚ п дыбысын айтқанда‚ екі ерін‚ тіл қатысады.
3. Дауыстылар буын құрайды‚ дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі – дыбыстарды жіктеудегі басты айырым-белгі.
4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5. Дауыстылар дауыстап‚ айқайлап созып айтуға келеді. Ән (вокаль) дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат‚ ет‚ от‚ өт
сөздерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатыны айтылды.
Орыс тілінде керісінше‚ дауыстыларға дауыссыздардың ықпалы күшті болады. Қазіргі қазақ тілінде
11 дауысты фонема бар. Олар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай іштей үш топқа жіктеледі.
1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
а) Жуан (гуттураль) дауыстылар: а‚ о‚ ұ‚ ы‚ у;
ә) Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә‚ е‚ ө‚ ү‚ і‚ и;
Жуан дауыстыларды айтқанда‚ жіңішкелермен салыстырғанда‚ тіл сәл артқа қарай тартылады (арты көтеріліңкірейді)‚ жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Е фонемасы да а-ның жіңішке сыңары болып табылады‚ яғни а//ә/е.
Дауыстылардың бұлайша (тіл қатысына) жіктелуін дұрыс білмейінше‚ тіліміздегі ең күшті заң – үндестікті (оның ішінде тіл үндестігін) түсіну мүмкін емес. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан‚ не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.
Байырғы сөздерімізді айтқанда (а-на-ла-ры-мыз-дың‚ ә-же-ле-рі-міз-дің) тіліміз бір-ақ қимыл жасап‚ бір қалыпта тұратын болса‚ ма-те-ма-ти-ка сөзін айту үшін ілгері-кейін бес қозғалыс жасауға мәжбүр. Тіліміздің бітім ерекшелігін осыдан-ақ түсінсек керек.
2. Еріннің қатысына қарай:
а) Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о‚ ө‚ ұ‚ ү‚ у;
ә) Езулік дауыстылар: а‚ ә‚ ы‚ і‚ е‚ и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп‚ сүйірленеді де‚ езуліктерді айтқанда‚ үерін бейтарап қалыпта тұрады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы үндестікті (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор. Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке‚ еріндік не езулік болып келуі тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.