
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
Қазақ тіліндегі дауыссыздардың тіркесін анықтау бір жағынан жеңіл, екінші жағынан қиын. Біздің дыбыстар үндестігі деп жүргеніміз-саралап, сабақтаудың, байланыстырудың нәтижесі ғана. Ол бойынша, қатаң дауыссыздардан соң тек қатаңдар, ұяңдардан соң тек қана ұяңдар, үнділер ғана тұра алады.Қазіргі тілімізде сан ғасырлар бойы дамудың нәтижесінде қалыптасқан табиғи дыбыс тіркесімен қатар, кірме сөздерде ғана кездесетін, жалпы заңдылыққа қайшы келмейтін тіркестер бар. Мәселен, ғд (бағдар, жағдай, тағдыр) тіркесі байырғы сөздердің түбірінде де, түбір мен қосымша аралығында да ұшырамайды.Тек сөздердің аралығында ғана айтылады: ағдала-ақ дала, бағдәулет-бақ-дәулет, ағдауыл-ақ дауыл.Дәл осындай ұяңдар тіркесі ғб екі-ақ сөзде ұшырайды: бағбан, қағба.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тіркесін үш түрлі позицияда қарастыру керек:
1. Түбір деңгейінде (қаққан)
2. Түбір мен қосымша жігінде (қазаққа)
3. Сөз бен сөздің аралығында (ақ көйлек)
Қазіргі тілде түбір ішінде екі дауыссыздың тіркес құрап, қатар тұруы үйреншікті құбылыс.Олардың пайда болу жолдары: алдымен, туынды түбірлердің, көбірек кірме сөздердің есебінен болса, жазудың да әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Дыбыстар тіркесі – дыбыстардың бір-бірімен қатар тұру мүмкіндігі. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы жоғарыда атлған үшеуі және сонымен қатар бұл заң бойынша бір сөз деңгейінде тек жуан дауыстылар немесе жіңішке дауыстылар ғана қатар тұра алады. Үндестік заңдарының өзі түптеп келгенде дыбыстар тіркесінің нәтижесі.
10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
Қазақ тілінде дауыстылардың сөз ішінде, сөздер аралығында қатар тұра алмайтындығы, қатар келе қалған жағдайда алдыңғысы элизияға ұшырайды, яғни айтылмайды.
“Құса игі еді” деген сөздерді “Құсегеді” етіп айтады. “Баласы екен” яки “бала екен” деп дыбыстарын түгелдемей-ақ “баласекен”‚ “балекен” дейді (Cонда). Бұдан шығатын қорытынды: қазақ тілінде дауыстылар араға дауыссыз дыбыстар салмай‚ өзара тікелей тіркесе алмайды. Рас‚ кейде өлеңнің буын саны үшін сөз бен сөздің арасында қатар келген дауыстыларды түсірмей‚ сақтап айту керек болады. Абайды аңдап көрейік:
Өлсе өлер /табиғат/ адам өлмес. (Абай)
Жаман тату/қазады/өзіңе ор.
Күндіз күлкің/ бұзылды/ түнде ұйқың
Иек қағып/еліріп/ жүрсе әсем.
Қазақтың/өзге жұрттан/сөзі ұзын.
Осында бір бунақта қатар айтылатын: өлсе өлер‚ өзіңе ор‚ түнде ұйқың‚ жүрсе әсем‚ сөзі ұзын сияқты сөздердің арасындағы дауыстылар сақталып айтылмасқа амалы жоқ. Бірақ олар дауыстылар тіркесі бола алмайды.
Жалаң дауысты өз алдына дыбыс тіркесін құрай алмайды. Алайда олардың әрқайсысы буын бола алады.
Дауысты дыбыстардың қатарынан келуі айтуға оңтайсыз болып, сөздің әуезділігін кемітеді. Айтқанда сары үй демей, сарүй дейді. Торы айғыр, бала екен, баласы екен демей, торайғыр, балекен,баласекен дейді.Бұдан шығатын қорытынды: қазақ тілінде дауыстылар араға дауыссыз дыбыстар салмай, өзара тікелей тіркесе алмайды.
Дауыстылардың өзара тіркесі мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
1. Жуан дауыстылар жуанмен, жіңішке дауыстылар жіңішке дауыстылармен ғана тіркеседі, бұл – жазудың жемісі.
2. Езулік дауыстылардан соң дауыссыз у-дың көмегінсіз еріндіктер жеке дара тұрмайды, тек кірме сөздерде ғана кездесуі мүмкін.
3. Жіңішке еріндіктерден соң жіңішке, қысаң езуліктер кездеспейді.
Дауысты дыбыстардың тіркесі – түптеп келгенде буындардың тіркесі болып шығады. Дыбыстың өмір сүру ортасы-буын. Яғни дыбыстың тыныс-тіршілігі - буын және буын аралығы. Дыбыстар тіркесінің бастауы да, тірегі де буын. Сондықтан дыбыстар тірксін буынды танудан, буынның дыбыстық құрамын айқындаудан басталады.