- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
Қазіргі қазақ тілінде сөз соңында б,в,г,ғ,д ұяң дыбыстары кездеспейді. Бұлардан басқа дыбыстарға аяқталған сөздерге дауысты дыбыстардан басталатын қосымшалар жалғанады. Мысалы: ас+ы (асы), күрек+і (күрегі), қонақ+ы (қонағы), т.б. Түбір соңындағы дауыссыздардың ішінде келесі морфеманың басында кездесетін дыбыстың сапасына сергек қарайтын үш дыбыс бар. Олар қ,к,п. Түбір соңындағы қатаң қ,к,п дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда ұяңданып, ғ,г,б дауыссыздарымен алмасады.Олар түбір мен қосымша аралығыда: тарағы, ағып, қабым, көгер, кесегі; сөз бен сөздің аралығында: ағешкі, көгала, жоғекен. Мұнда қ дыбысының ғ, к дыбысының г дыбысына алмасуынан дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуінде дауысты дыбыстардың дауыссыздарға күштілік жасап, өз ықпалын жүргізіп, бейімдеп тұрғанын көреміз.
Бейімдестік заңына бағынбайтындар:
а) еліктеуіштер: жарқ етті, күңкіл, лап етті
ә) екінші буынындағы қысаң дауыстылар түсіп қалған жағдайда: үрік: үрк-ер, үрк-е, урк-у.
б) сын есім тудыратын ы жұрнағы жалғанғанда: қазақы, тозақы
в) фамилияға –ов,-ев,-ова,-ева қосылғанда: Беков, Қазақова.
Сөйлеу тілінде кейбір бунақтың алдыңғы сөзі қысаң дауыстыларға аяқталып, келесі сөз әртүрлі дауыссыздардан басталса, әлгі қысаң дауысты айтуда түсетін де кезі бар: Қажғали-Қажығали, саржолақ-сары жолақ, қозғұйрық—қозы құйрық.Тіпті соңғы буындағы дауыссыздың кейінгі сөздің басындағы дауыссызбен үндесуіне де қысаңдар кедергі келтірмейді: ошшақ-осы жақ, ошшолұ-осы жолы.
8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
Б‚ п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп‚ тез ажырап кетуінен жасалады. Яғни қос ерін‚ шұғыл. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы дауыс алғашқысына (б) аздап қатысады (ұяң) да‚ екіншісіне (п) қатыспайды (қатаң). Бұлардың тілде қолданылуында да кейбір ерекшеліктер бар. Атап айтқанда‚ б фонемасы сөздің басында (6258 сөз‚ қ‚ т-дан кейін үшінші орында)‚ ортасында актив қолданылады да‚ сөз соңында кездеспейді. Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб‚ гардероб‚ куб‚ клуб‚ ромб‚ прораб‚ штаб) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа‚ клубқа‚ штабпен‚ штабсыз) басталады. Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-дан басталатын (991) сөздердің дені кірме болып келеді. Сөз басында б мен п айтуда‚ тіпті жазуда да (орфографиялық сөздікте) кейде жарысып жүреді: байым – пайым‚ балуан – палуан‚ барабар – парапар‚ батсайы – патсайы‚ бәле – пәле‚ бұйда – пида‚ палау – балау‚ пәтуа – бәтуа‚ пейіл – бейіл‚ пенде – бенде‚ бісміллә – пісміллә т.б.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер (лат. сопsоnans – дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқындалып, бірізге түсіп болған жоқ.
Қазақ әліпбиіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, ғы, ды, жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, ұу, шы. Жүйеге жүрмей, үнемі жіңішке айтылатын кі‚ гі зерттеушілердің назарын әр кез өзіне аударып отырған. Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П. Мелиоранский бұл (қ, ғ, к, г) төртеуінің анық естілетінін айтады.3 А. Байтұрсынов алғашқы “Тіл құралында: “Қ һәм ғ дыбыстары һеш уақытта жіңішкермейді. К һәм г дыбыстар һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады”, – десе, осы ойынан кейін де айныған жоқ.Б‚ п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп‚ тез ажырап кетуінен жасалады. Яғни қос ерін‚ шұғыл. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы дауыс алғашқысына (б) аздап қатысады (ұяң) да‚ екіншісіне (п) қатыспайды (қатаң). Бұлардың тілде қолданылуында да кейбір ерекшеліктер бар. Атап айтқанда‚ б фонемасы сөздің басында ‚ ортасында актив қолданылады да‚ сөз соңында кездеспейді. Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб‚ гардероб‚ куб‚ клуб‚ ромб‚ прораб‚ штаб) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа‚ клубқа‚ штабпен‚ штабсыз) басталады. Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-дан басталатын сөздердің дені кірме болып келеді. Сөз басында б мен п айтуда‚ тіпті жазуда да кейде жарысып жүреді: байым – пайым‚ балуан – палуан‚ т.бАртикуляциялық, жақтан ұқсастығының арқасында б, п және м фонемалары қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады. Мысалы: -бын //-пын//-мын, -мыз//-быз//-пыз, мен//-бен//-пен, -ма//- ба//– па т. б. Сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыбыстардың әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: Ақпала (ақ бала), Сәтпай (сәтбай), т.б. Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып (тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп), сеуіп (сеп-іп).
Т, д фонемаларын айтқанда тілдің ұшы (немесе алды) үстіңгі күрек тіске жабысып, ауа жолын бөгейді де, тез ажырайды. Екеуі де тіл алды, шұғыл; т – қатаң, д – ұяң. Т сөздің барлық шенінде айтыла да, жазыла да береді. Д фонемасы сөздің басында ‚ арасында қолданылады. Жазуда сөздің соңында кездескенімен (аккорд‚ анод‚ катод‚ взвод‚ велосипед‚ вклад‚ абжад‚ жад‚ кислород‚ карбид‚ рекорд)‚ айтуда т болады да‚ қосымша қатаңнан басталады. Қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында да бұл екі фонема бірін-бірі алмастырып отырады. -дың // -тың‚ -да // -та‚ -дан // -тан‚ -дай // -тай. Т – өзге дыбыстардың ықпалынан алмасуға ұшырамайтын (ұяңданбайтын) қатаң дыбыс. Д олай емес. Бунаққа енген сөздің алдыңғысы с‚ т‚ ш қатаңдарына аяқталып‚ келесі сөз д ұяңынан басталса‚ онда д қатаңданып‚ т-ға жуықтап айтылады. Оған көз жеткізу үшін доп‚ дос‚ дәптер‚ дөңгелек сөздерін үш‚ төрт‚ бес сан есімдерімен айтып көру жеткілікті.
С‚ з фонемаларын айтқан кезде тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп‚ ортасы аздап ой түседі. Ауа осы тесік арқылы өтіп‚ үстіңгі күрек тістердің арасынан сүзіліп шығады. Бұл екеуі де сөздің барлық позициясында айтылады. с әлдеқайда белсенді. С-ның бір ерекшелігі сөз соңындағы дауыссызды жатырқамайды:ал-са‚ қара-са‚ жаз-са‚ жар-са‚ жау-са т.б. Ұяң з орыс тілінде сөз соңында жазылғанмен‚ с болып айтылуы орфоэпиялық норма болып есептеледі. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздердің соңындағы з айтылып: газ‚ гипноз‚ карниз‚ катализ‚ заказ‚ колхоз‚ майонез‚ протез‚ қосымша ұяңнан басталады: газға‚ газды‚ совхозда‚ совхозбен‚ шлюзге. Сөз ішінде с өзімен іргелес ш‚ ж дыбыстарының әсерінен ш болып ашшы (асшы)‚ шешше (шеш-се)‚ бешшелек (бес шелек)‚ бешшыл (бес жыл); ал з өзінен кейінгі с‚ ш‚ ж фонемаларының әсерінен с‚ ш‚ ж болып: жасса (жазса)‚ ташша (тазша)‚ жашшы (жазшы) айтылады. Сондай-ақ т дыбысынан кейін келген с ц-ға жуықтап айтылады: кетце (кетсе)‚ атца (атса)‚ өтцө (өтсе)‚ батца (батса)‚ ұтца (ұтса)‚ т.б.
Ш‚ ж фонемаларын айтқанда тілдің ұшы аздап ( с‚ з-ны айтқандағыдай) көтеріледі де‚ екі бүйірі жоғарғы тістерге тіреліп‚ тілдің үстіңгі жағы екі жерден таңдайға жуықтайды.Сондықтан бұлар қос фокусты дауыссыздар делінеді. Өзімен қатар келген қатаң с-ны өзіне ұқсатуына негізгі себеп осы ерекшелігі. Мыс.‚ ашша (асша‚ ашса)‚ қашша (қашса). Ш бір-ақ сөзде ұяңданады: ренжі (реніш-і). Т дыбысынан соң ш да‚ ж да ч-ға жуықтап айтылады: кетчі (кетші)‚ атчы (атшы). Бұл екі фонема сөздің барлық деңгейінде (позициясында) айтылады‚ тек ж сөз соңында аз кездеседі
К г фонемалары тілдің артқы шенінің таңдайға тіреліп‚ тез ажырап кетуінен жасалады. Қатаң к дауыссызы сөздің барлық шенінде қолданылады‚ ал ұяң г-ден басталатын сөздер сөз басында аз ұшырайды ‚ сөз ортасында актив кездеседі де‚ соңында м‰лде айтылмайды. Орыс тілінен енген сөздердің соңында г жазылғанмен (аншлаг‚ биолог‚ варяг‚ геолог‚ гонг‚ диалог‚ идеолог‚ монолог‚ педагог‚ округ‚ саркофаг‚ универмаг) айтуда к болады да‚ жалғанатын қосымша қатаңнан (педагогқа‚ педагогты‚ педагогпен) басталады.Қазақ тілінің байырғы сөздерінде бұл екі фонема (к‚ г) тек жіңішке дауыстылармен ғана қатар тұра алады (жоғарыда айтылды). Алайда қазіргі орфографиямыз мұны ара-тұра елемей: гауһар‚ кастрөл‚ аллауакбар‚ хакім‚ хикая‚ тәкаппар‚ кәнизагы‚ бундестагы‚ бурлагы‚ варягы‚ верстагы‚ галстугы деп‚ га‚ ка‚ ак‚ жазуға қосады.
Қ‚ ғ фонемаларының айтылу жолы бірдей емес. Қатаң қ шұғылға‚ ұяң ғ ызыңға жатады. Екеуінің жасалу орны бірдей. Айырмасы тілдің арты жұмсақ таңдайға қ- ны айтқан кезде нық тиіп‚ тез ажырайды да‚ ғ-да жуықтап тұрады. Бұл екі фонема да жуан дауыстылармен ғана айтылады (жоғарыда айтылды). Қ фонемасы – қазақ тіліндегі ең актив фонема‚ көне т‰ркі тілінде де осындай. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді. Қазіргі қазақ тілі лексикасының 14 проценті (8402 сөз) осы дыбыстан басталады. Ал ғ сөз соңында м‰лдем кездеспейді‚ сөз басында 213 кірме сөзде‚ ал сөз ортасында актив ұшырайды. Қ фонемасы к сияқты көрші дыбыстардың әсерінен ұяңданып (ғ) айтылуға бейім тұрады: қарағой (қара қой)‚ сарғыз (сары қыз)‚ ағала (ақ ала)‚ ағай (ақ үй)‚ тарағы (тарақ-ы)‚ құлағы (құлақ-ы).
В және ф фонемалары орыс тілінен енгендігі айтылды.Бұларды айтқан кезде астыңғы ерін ‰стіңгі к‰рек тіске жуысады да‚ араларынан ауа сыздықтап өтеді‚ яғни бұл екеуі де ызың дыбыс. Айырмашылығы в – ұяң‚ ф – қатаң. В сөздің басында ‚ ортасында кездеседі‚ соңында жазылғанмен (актив‚ архив‚ реактив‚ устав‚ Иванов‚ Александров т.б.) қатаң ф болып айтылады да‚ қосымша қатаңнан (архивке‚ архивтен‚ архивте‚ архивпен) басталады. Қатаң ф сөздің барлық позициясында кездеседі. В дыбысының қазақ тіліне тән еместігі‚ байырғы қазақ сөзін в-мен айту дұрыс еместігі айтылды. Ф дыбысы туралы да осыны қайталауға тура келеді. Алайда қазақ орфографиясы бірер сөздің құрамында ф әрпін жазуға қосады: мүфти‚ фәни (фәни жалған)‚ саф (саф алтын). Бұларға қарағанда жалқы есімдерде көбірек жазылып‚ айтылады: Фарида‚ Фариза‚ Фазыл‚ Фаузия‚ Флора.
Х әрпі қазақ топырағына 1938 жылы табанын тіреп‚ орыс сөздерінің құрамында қолданыла келе төл (қ) дыбысымызды тықсыра бастады. Оған себеп бірсыпыра сөздерімізде х әрпі жазылатын болды. Хат‚ хабар‚ хал‚ халық‚ хан‚ хикмет‚ хикая‚ Махмұт‚ сұхбат. Қырқыншы жылдарға дейін жай ғана қ-мен жазылып келген бұлардың дені кірме сөздер. Х (әсіресе сөз басындағы) әріптен дыбысқа айналып‚ аталған сөздердің айтылу өңін өзгертіп жіберді. Бұлғабар‚ соңғұғабар‚ осұғат‚ бұлғат деу ұмытылып‚ жазылуынша айтылатын болды.. Бұл‚ әрине‚ дұрыс емес.
Ц‚ ч фонемалары аффрикат (қосынды) дауыссыздар делінеді. Ц фонемасы т мен с элементтерінің жымдасқан (жай құлаққа олардың жігі сезіле бермейтін) қосындысы болып келеді. Бұл орыс тілінен енген сөздердің басында‚ ортасында мол кездеседі де‚ соңында (абзац‚ эрзац) сирек ұшырайды. Ц үнемі жуан айтылады‚ көрші тұрған дауыстыларды жуандатып тұрады: цех‚ цирк‚ циркуль‚ цитата‚ цитрус‚ цифр. Қазақ тілінде т‚ с дыбыстарының тіркесі тц-ға жуық айтылады: атса‚ кетсе‚ жатса‚ жетсе‚ татса. Ч фонемасы т және ш элементтерінің кірігуінен құралған. Ч африкатымен айтылатын сөздер қазақ тілінде әзірше аз: чек‚ чекист‚ чемодан‚ чертеж‚ мачта‚ путч‚ скетч‚ бұл әсіресе жалқы есімдерде жиірек кездеседі: Чапаев‚ Чехов‚ Чайковский‚ Петрович‚ Чкалов. Ч дыбысын қолдану тілімізде‚ негізінде‚ говорларға тән. Ч көбіне сөздің басында (анлаутта) айтылады: чал (шал)‚ челек (шелек)‚ чебер (шебер)‚ чай (шай). Әдеби тілде тш‚ тж тіркестері осы тч-ға жуық дыбысталады: кетші‚ итше‚ өртше‚ етже.
М фонемасы артикуляциясы жағынан ұяң б-мен ұқсас. Тек м-да дауыс басым‚ ауа мұрын арқылы шығады. Үнемі м сөздің барлық позициясында актив қолданылады және өзге дыбыстардың ықпалынан өзгеріске түспейді. М қосымшада б‚п-мен жұптасады: -мын/ -бын‚ -мен/-бен/-пен‚ -ма/-ба/-па. Н фонемасы тіл алдының үстіңгі күрек тіске нық тиіп‚ тез ажырауынан жасалады. Ауа мұрын қуысы арқылы шығады. Н сөздің барлық деңгейінде ұшырайды. Н өзінен кейінгі көрші п‚ б‚ м еріндіктердің әсерінен м: Жампейіс (Жанпейіс)‚ жамбады (жанбады)‚ қаммен (қанмен) және қ‚ к‚ г-нің әсерінен ң: жаңға (жанға)‚ кеңге (кен-ге)‚ сәңқой (сәнқой) болып айтылады. Ң фонемасын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да‚ тез ажырайды‚ ауа мұрын жолы арқылы шығады. Ң сөз басында мүлдем кездеспейді‚ ал қалған позицияларда актив қолданылады‚ бірақ өзгеріске ұшырамайды. Буын ң-нан бастала береді: жа-ңа‚ әке-ңе‚ ата-ңа‚ ө-ңөш. ө-ңөз т.б.
Л фонемасын айтқанда тілдің ұш жағы үстіңгі күрек тіс пен қызыл иекке тіреледі де‚ орта тұсы ой түсіп‚ арт жағы жұмсақ таңдайға қарай көтеріліп кейін тартылады‚ тілдің екі бүйірі төмен түсіп ауаның өтуіне мүмкіндік береді. Мұны әдетте қос бүйір фонема дейді. Л сөздің орта‚ соңғы позициясында ұшырайды және өзгеріске түспейді. Еліктеуіштер: лап‚ лақ‚ лау‚ лық‚ лып‚ лоқ л-дан басталады. Қазақ тілінде сөз басында л-дың алдынан келетін қысаң ы‚ і дауыстылар орфографиялық ереже бойынша түсіріліп жазылады. Мәселен:лаж‚ лазым‚ лай‚ лайық‚ лақ‚ лаң дегендер ы-дан‚ ләм‚ леген лекер і-ден басталады да‚ өлең жолдарында өз алдына буын құрап тұрады.. Бұл, ол, сол есімдіктері мен ал, бол, кел, қал, қыл, сал етістіктерінің құрамындағы л айтуда, жазуда түсіріліп те қолданыла береді: бұ, о, со, ап, боп, кеп, қапты, кепті.
Р фонемасы тіл ұшының альвеолға тиіп, ауаның қарқынымен дірілдеуінен пайда болады. Бұл фонема сөздің ортасы мен соңында жиі кездеседі. Қазақ тілінде сөз р дыбысынан мүлде басталмаған. Сондықтан да өзге тілдердегі р-дан басталатын сөздердің алдынан дауысты дыбыстарды селбестіріп (протеза жасап) айтқан. Й фонемасын айтқанда тілдің ұшы төменгі күрек тіске, екі шеті бүйір тістерге тиеді де, ортасы жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың түйіскен тұсына қарай көтеріледі. Қазіргі қазақ тілінде й-дан басталатын сөз жоқ. Тек орыс тілінен келген йод, йог, якорь, яхта, йемен, юмор, юрист, ювелир сияқты сөздердің басында ұшырайды. Орфографиялық, сөздікте: я (шыл), яғни (шыл), яки (шыл), япыр-ай дейтін сөздер бар. Оқулықтар я = йа деп үйретеді. Олай болса, әлгі сөздеріміз: йа, йағни, йаки, йапыр-ай болып шығады. Бұлай десек, сөз й-дан басталмайды дейтін қағидаға қарсы шығамыз. Ал біздің мына сөздеріміз, дұрысы: ыйа//ійә (иә), ыйағыный, ійәкій, ыйапыр-ай. Й дыбысы сөз ішінде тек дауысты дыбыстардан соң ғана тұра алады‚ дауыссыздан соң тұруы мүмкін емес. Бұл да болса‚ оның дыбысталу ерекшелігін аңғартады.
У – қос ерін‚ ызың‚ үнді дауыссыз. У-дың еріндік күші тіпті еріндік дауыстылардан да басым. Сондықтан да ол өзінен кейін ы‚ і‚ е сияқты езуліктерді айтқыздырмайды: ауұл (ауыл)‚ дауұс‚ дәуұр‚ әуө‚ әуөз‚ дәурөн‚ сәулө. Алайда тілдің осы заңдылығын ескермей жазып‚ айтудың салдарынан ы‚ і‚ е дыбыстары туралы ұғым қалыптасты. У дауыссызы да й сияқты сөз басында мүлде қолданылмайды. У да й сияқты тек дауыстыдан соң ғана тұрады‚ дауыссыздан кейін әсте тұра алмайды. Қазақ алфавитінде дауыссыз у-дың арнайы таңбасы да жоқ‚ сол дауысты у-мен тұтасып‚ кіндігі бірігіп жүр. Тау дегендегі у “дауысты” болып кететіні де содан. Оның үстіне бұлардың жасалу‚ айтылуы да жуық. Тек дауыссыз й‚ у буын құрай алмайды‚ сөзді бастай алмайды‚ дауыссыздардан соң тұра алмайды.
