
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
Бейүндестік немесе диссимиляция (лат. dissimilatio — ұқсамау) — дыбыстардың комбинаторлық өзгерістердің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір бірінмен үндесі ұқсап тұратын болса , диссимиляцияда керісінше, сөз ішінде бірдей немесе ұқсас дыбыстардың біреуі өз орнын ұқсастығы жоқ дыбысқа береді. Яғни Диссимиляция бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.Олар бірімен бірі қатар және араға басқа дыбыстар салып тұруы мүмкін. Бұл әдеби тілде өте сирек кездеседі, көбіне нормаланбаған, яғни диалект, қарапайым тілде және балалар тілінде кездеседі. Диссимиляция прогрессивті және регрессивті болады. Орыс тілінде қарапайым сөйлеуде бомба, трамвай сөзін бонба, транвай түрінде айту ұшырайды. Яғни б-мен ерін қатысы жағынан жарасым тауып тұрған м дыбысы «аласталып», оның орнын тіл алды н алады. Сонымен қоса коридорды колидор түрінде айту да бар. Бұлар регрессивті диссимиляция. Ал февральды феврарь түрінде айту прогрессивті диссимиляцияға жатады.
К.Аханов «шығу төркінінде молла (араб сөзі) түрінде дыбысталатын сөз, қырғыз, қазақ тілдерінде молда түрінде айтылады. Бұл сөздің құрамындағы үнді л дыбысының ұяң д дыбысына айналуы да диссимиляция құбылысының нәтижесі» деп қарайды. Молда деп айту араб тілі үшін диссимиляция болар еді, ал біздің тіліміз үшін түсініксіз құбылыс емес, табиғи заңдылық болса керек. А.Айғабылов түбір ішінде кездесетін қайталама дыбыстарды атайды. Бұдан гөрі диалектілік айту: маңлай, таңлай, түңлік, қарапайым сөйлеуде кездесетін:айдалайын немесе айланайын (айналайын), балалар тіліндегі қолбақ (қолғап) осы заңға орай жасалған деуге болады. Әсіресе орфоэпияны елемей, сөзді жазылуынша: жанбады ((жамбады), жанған (жаңған),Жанбота(Жамбота), он мың (ом мың), көзсіз (көссіз) түрде бұзып айту диссимиляцияға әрі нақта, әрі мол мысал бола алады.
6. Бейімдестік және оған тән қасиеттерді түсіндіріңіз. Дауысты мен дауыссыздардың үндесуі (ілгерінді) мен дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуінің (кейінді) тіл мәдениетін сақтаудағы қызметін ашып беріңіз.
Бейімдестік немесе аккомодация (лат. accomadatіo – бейімделу) – морфемалар жігінде қатар келген дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп‚ бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат‚ ет‚ от‚ өт деген сөздерде бір ғана т фонемасы дауыстылардың əсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз. Бұл – буын ішіндегі ықпал. Дауыстылар мен дауыссыздардың жəне керісінше‚ дауыссыздардың дауыстылармен көрші тұруында тарихи дамудың нəтижесінде қалыптасқан заңдылық бар. Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап‚ өз ықпалын жүргізеді‚ көбіне дауыстың қатысы жəне айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады. Мысалы: тарағы (тарақ-ы)‚ ағешкі (ақ ешкі)‚ қарағой (қара қой) дегендерде дауыстылар дауыссыздарды игеріп тұр деп түсіну керек. Сондай-ақ‚ орұн‚ орұндұқ‚ құлұн‚ өрүк‚ күлкү сияқты сөздердің құрамындағы дауыссыздар еріндік болып айтылмасқа шарасы жоқ. Керісінше‚ дауыссыздар да дауыстыларға азды-көпті əсер етіп тұрады‚ алайда оларды өзгертуге күштері жете бермейді. Тек қ‚ ғ дыбыстары өз маңында үнемі жуан дауыстылардың‚ к‚ г жіңішке дауыстылардың тұруын талап етеді. Осы тұрғыдан к дыбысына ка‚ ак деп айту тілдің табиғатымен үйлесе бермейді, ал қ дыбысына қе, еқ деп айту үйлеспейді.
Морфемалар жігінде дауыстылар мен дауыссыздар жəне керісінше‚ дауыссыздар мен дауыстылар қатар келген кезде əрқашан дауыстылар күштілік жасайды да‚ аккомодациядағы ықпалдың түрі (прогрессивті‚ регрессивті) дауыстының орын тəртібімен байланысты болады. Сондықтан бейімдестікті екіге бөліп қарауға болады: 1. Дауысты мен дауыссыздардың үндесуі (ілгерінді); 2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі (кейінді).