Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика НАТЫ НСАСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.5 Кб
Скачать

3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.

Үйлестік – ассимиляция (латынша аssіmіlatіv – ұқсау) – морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Басқаша айтқанда‚ дауыссыздардың өзара үндесуі. Үндестікке тән қасиеттер:

1. Дыбыстардың бір-бірін акустикасы, яғни дауыстың қатысына қарай, айтылымы жағынан игеруі. Мысалы: ат-ты, ат-қа, қа-ғаз-ға, қар-ға, қан-ды. Бұл мысалдар үйлестіктің мынадай заңдарына бағынып тұр: қатаңнан кейін қатаң келеді, ұяңнан кейін ұяң келеді, үндіден кейін үнді, қала берді ұяң келеді.

2. Дыбыстардың бір-бірін артикуляциясы, яғни дыбыстардың жасалуы жағынан игеруі. Мысалы: қаңға (қан-ға), башшы (басшы), жамбады (жан-бады), қаммен (қан-мен) т.б. Бұл мысалдардағы қан+ға сөзінде тіл алды н дыбысына тіл арты ғ дыбысынан басталатын қосымша жалғанған кезде тіл алды н тіл арты ң-ға алмасады.

Үйлестіктен түптеп келгенде үндестік заңы туындайды. Үндестік заңы тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп бөлу, оларды сан және сапа жағынан айқындау, әр дыбысқа тән белгі-қасиеттерді мұқият оқып, үйрену, осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының сырын, сипатын білуге, айқындауға қызмет етеді. Осыдан келіп, үйлестіктің тіл мәдениетін сақтаудағы маңызы шығады. Жоғарыда айтылған үндестік заңдарын сақтау, тіл дыбыстарының бірін-бірі акустика-артикуляция жағынан игеруінің тіл мәдениетін, тіліміздегі сөздердің дыбысталу әуезділігін сақтауда маңызы зор.

4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

Транскрипция (лат.-көшіру) – дыбыс пен оның таңбасы, сөздің айтылуы мен жазылуындағы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада қолданылатын арнайы жазу. Транскрипцияның екі түрі жиі қолданылады:

1) фонемалық: дыбысты айтылуына жуықтату. Бір фонеманың алуан түрлі аллофондары бір ғана таңбамен беріледі.

2) фонетикалық: дыбысты дәл беруді мақсат етеді. Бір фонеманың әртүрлі аллофондары ескеріледі.

Біздің жазуымыз – фонемалық жазу.қазіргі практикалық жазуда қолданылып жүрген ә, о, ө, ұ, ү, й, л, м, ң, р, т әріптері ғана фонемалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамай, өз бейнесін үнемі сақтап тұрады.Өлең, өнер, құлын, түлкі сөздерінің транскрипциясы- өлөң, өнөр, құлұн, түлкү.

Транслитерация (лат. Trans арқылы, littera әріп) – бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудың әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды басқа бір әліпбиге ауыстыру. Транслитерацияның ғылыми және практикалық екі түрі бар деп қарастырылған.Бұл әсіресе аударуға, өзгертуге болмайтын жалқы есімдерді жазуға қажет.Ғылыми транслитерация транслитерацияланған таңбалардың жүз пайыздық кері аударылуын қамтамасыз ететін транслитерациялық жазбалар мен түпнұсқаның графемалары арасындағы өзара бірмағыналы сәйкестік принципіне құрылады. Мысалы, орыс кириллицасының латын әріптеріне негізделген ғылыми транслитерациясында орыстың е және э немесе и және й әріптерінің түрліше берілуін қамтамасыз етеді. Халықаралық библиографияда қолданылып жүрген кириллицаның ғылыми транслитерациясы да дәл осы жолмен құрылады. Практикалық транслитерация ғылыми транслитерациядан қабылдаушы тілдің әліпбиі жүйесіндегі дәстүрлі таңбалар репертуарымен шектелетіндігімен ерекшеленеді. Бұл жүйеде, бірнеше жағдайларда, орыс әріптерін оның ішінде е және э (=e), и және й (=i) әріптерін бір таңбамен береді. Осылайша ол толықтай кері аударылуға кепілдік бере алмайды. Мысалы, tvoi екі формадағы твои және твой дегендерге сәйкес келеді.

К.Аханов: «Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. Бір тілдің алфавит құрамы екінші тілдің алфавит құрамына сай келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда транслитерацияны қолдану кейбір қиындықтарға соқтырады»

Графика тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл таныта бермейді.Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті одан да көп дыбысты бейнелейді.

Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудің маңызы зор. Мысалы в, ф, х фонемалары түгелімен орыс тілінен ауысқан фонемалар. Құрамында осы фонемалар бар сөздерді қазақ тіліне икемдеп жазғанда транскрипция үшін в=б, ф=п, х=қ түрінде аламыз. Мысалы: велосипед-белосипет, совхоз-сапқоз Малов-Малоп, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]