
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
Бір сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрінің бірдей дауыспен (не жуан не жіңішке) ұйқасып айтылуын білім тілінде сингорманизм дейді. Сингорманизм деген сөз, қазақша айтқанда, үндестік, ұйқастық деген мағынада. Сингорманизм түрік тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті. Қазақ-ұырғыз әліпбиін түзегенде, дыбыстың жіңішке түрін белгілеу үшін жуан белгілеген таңбаның алдына дәйекше қойылатын болды. Қолданған дәйекшеміз сингорманизм заңынан туып отыр. Дәйекшенің мәні осы. Мұны ұмытпауымыз керек. Дұрысында қазақ-қырғыз тіліндегі сөздердің түбірі еш уақытта өзгермейді.Қазақ-қырғыз сөзі өзгергенде аяғына жалғанған қосымшалар арқылы өзгереді.Тіліміздегі қосымшалар: а) жалғау; ә)жұрнақ; б)жіктеу болып бөлінеді. Сөз түбірі жуан айтылса, жалғанған жалғау да жуан болады.Сөз түбірі жіңішке болса, жалғанатын жалғау да жіңішке айтылады. Сондықтан жалғаулар қос болады. Тіліміздегі жуан жалғаулар мыналар:а)ның, дың; ә)ға, қа, а, на; б)ды, ны, н; в)да, нда; г)дан, нан; ғ)дар, лар. Бұлардың жіңішке айтылған жұптары мыналар: а)нің, дің; ә)ге, ке, е, не; б)ді, ні, ін; в)де, нде; г)ден, нен; ғ)дер, лер.
Жіктеуде сингорманизм соншама мықты, түбір мен жалғаудың арасындағы дәнекер дыбыс та түбірге сәйкес келеді. Сингорманизм заңы көсемше, есемше етістіктерде айқын байқалады. Енді жұрнақтарға келсек, қазақ-қырғыз тіліндегі жұрнақтар екі түрлі болады: бірі-шын жұрнақ, екіншісі-шала жұрнақ. Шын жұрнақтар: есімдерде: шы(ші), лық, дық, тық(лік, дік, тік), шылық(шілік), шыл(шіл), ша(ше), лас, дас, тас(лес, дес,тес), дағы(дегі), және т.б.Шала жұрнақ деп мағыналы сөзден өзгеріп жұрнақ қалыпқа түскен сөзді я жұрнақтықтың шын қасиетінен айырылып, қосалқы сөздің қалыбына аударылған жұрнақты айтамыз.Олар:еке, нікі, дікі, тікі, ғана, гене, күнем, гер, кер, паз т.б.Шын жұрнақтар сөзге қосылып жазылуы керек, шала жұрнақтар түбір сөзге жалғаспай сызықшамен бөлініп жазылуы керек.
Қазақ-қырғыз тілінің өзіне меншікті түпкі сөздерінің қайсысын алсақ та, түбір сөз болсын, туынды сөз болсын, сөздердің ішіндегі көп өзгерістердің қайсысы болса да сингорманизм заңымен жүреді. Сингорманизм тілімізді үйренуге, үйретуге жеңілдетіп тұр, жаңа сөздер тудырып, сөздер қосып, тілімізді байытады. Ал, жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алуымыз керек.