
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып келеді:
1.бір дыбысты: а-та, ә-же, а-ла.Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түріндене сөз басында ғана кездеседі.
2.екі дыбысты: ба-ла, та-за-ла, ой-на.
3.үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бал-шық
4.төрт дыбысты: төрт, былқ, жалт, жылт, күрк-күрк.Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды.Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты да бола алады.
5.бес дыбысты: пункт, спорт, текст, спирт
6.алты дыбысты: спектр, спринт.
Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер мынадай болып келеді:
1.Бір буынды:ай, ат, бал, көк, үш, тез, тарс, жылт, да, де , ғой
2.Екі буынды: а-на, ә-же, жа-сыл, жа-тыр, тү-йе, а-дам, ал-ты, ер-те, дәп-тер
3.Үш буынды: мұ-ға-лім, жа-ма-ғат, а-бы-рой, а-рыс-тан, а-йұ-уан
4.төрт буынды: ы-ра-қы-мет, і-ре-зең-ке, і-ре-сі-мій, рес-пуб-ли-ка
5.Бес буынды: у-ни-вер-си-тет, пуб-ли-цис-ти-ка.
Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алдымен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса маңызды ұғым – сөздің буын жігін табу немесе сөзді буынға бөлу.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны анық.Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап кететініне байланысты.Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан А.Байтұрсынов. Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп, қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынын анықтап түсіндіреді. Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін, ережесін ұсынбайды.
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады:ас, ант, ас-қа, ант-ты. Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.Оның үстіне, қазақ тіінде байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы есте ұстаған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. «Осы қорытындыға сүйене отырып, - деп жазды Қ.Жұбанов, - буын жігін оңай табуға болады. Ол үшін жазылған сөздің әрбір дыбыстарын аяқ жағынын бастап шоламыз.Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып, әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз.Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады.
«Қазақ тілінің орфографиясының негізгі ережелерінде»: «и,у әріптері бар сөздер буындалғанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады.мысалы: бу-ын, су-ық, қи-ын, ти-ын.
29. Ықпалдардың дыбыстық жүйедегі орнын ашып беріңіз.Айтылым және жасалым жағынан игерудің жолдарын көрсетіңіз.
Үндестік заңы көрші дыбыстар мен буынардың бір-біріне әсер етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді.Әсер негізінен морфема мен морфеманың аралығында қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады.Дыбыстар міндетті түрде тіл табысып, үндесіп, үйлесіп тұрады.Арасында үндесім, үйлесім болу үшін біріне-бірі ықпал етіп тұрады.
Ықпал - буындар мен дыбыстардың біріне-біре етер әсері.Ықпалдың, әдетте, үш түрі бар дейді: ілгерінді(прогресті), кейінді (регресті) және тоғыспалы. Ондағы түсінік алмасуға ұшыраған дыбысқа байланысты айтылады.
Ілгерінді ықпал - алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа ықпалы,
Кейінді ықпал - кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа ықпалы,
Тоғыспалы ықпал - ілгерінді-кейінді ықпал.
Ықпалды дыбыстар арасында ғана болатын құбылыс ретінде түсіну біржақты болады. Буындар да ықпалдасып тұратынын ұмытпау керек. Мәселен, бүгін-бұл күн, әкел-алып кел,бүйтіп-бұлай етіп, т.б.
Ықпалдың нәтижесі-игеру. Ықпал игерудің бағытын байқатады.Көрші дыбыстардың бірі игеріп, екіншісі соның ықпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудің өзі екі түрде болады: толық игеру-дәл өзіндей ету: ашшы-асшы, ашша-ашса, каппен,жүжжыл-жүз жыл.Жартылай игеру-өзіне жуықтату,бейімдеу: атқа, кесті, ашты, жазды.
Ықпалдасатын көрші дыбыстардың бірін-бірі игерудің екі жолы бар: 1.айтылымымен игеру, 2.жасалымымен игеру. Мұның біріншісін акустикалық игеру, екіншісін артикуляциялық игеру деп айтуға болады. Бағыттама сөздің астыңғы жағынан қойылса - акустикалық, үстіңгі жағынан қойылса-артикуляциялық игеру.Мысалы, ақпала-ақ бала, жасса-жазса, көгылақ-көк лақ,көбалма-көп алма дегенде- кейінді акустикалық игеру.Башшы-басшы, жамбады-жанбады, жаңған-жанған дегенде- кейінді артикуляциялық игеру.