
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
У әрпі –
1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
а) ҰУ: ұу (у), бұу (бу), сұуұқ (суық), сұуұн (суын), т.б.
ә) ҮУ: білүу (білу), жүрүу (жүру), келүу (келу), сенүу (сену), т.б.
2. Орыс тілінен енген сөздерде:
Университет, уран, укол, клуб, кубок, т.б.
Қорытынды:
1. Түбір сөздерде де, туынды сөзде де, бірде жуан, бірнеше жіңішке естілетін дауысты у дыбысының, сондай-ақ дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін у дыбысының таңбасы ретіндк қолданылады.
2. ы, і дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың –у жұрнағы жалғанғанда: ы, і дыбыстары түсірілп жазылад.Мысалы, оқы-оқу, тоқы-тоқу, жібі-жібу.
27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
Тілдік қатынас ауызша жіне жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсу тілдердегі қажет. Норма-белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын, жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай нормалар болады деген сөз. Тілдің ауызша формасын нормалауды орфоэпия, ал жазбаша формасын орфография қарастырады.
Орфоэпия (гр.дұрыс сөйлеу) – сөздер мен бунақтардың бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.Сөздердің бірізді айтылуы тілдік қатынасты жеңілдетеді.
Өлең-өлөң Қонған-қоңған
Айдын көл-айдыңгөл Тас бауыр-таспауұр
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф. М.Балақаев. Ол өзінің «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» атты еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: «Сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз болып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады.мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынасы теріс дегенді көп естиміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді бәрібір әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек». Сөздердің айтылуы мен жазылуында бірлестік болуы мүмкін емес екенін нақты фактілермен дәлелдейді. Соңы ы,і дыбыстарға біткен етістіктерге у қосымшасы жалғанғанда, олардың ұ,ү-ге айналып кететіні де айтылып өтеді.
Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі болар еңбек - Р.Сыздықованың «Сөз сазы» (сөзді дұрыс айту нормалары), 1983 ж жарық көрген бұл кітапшада орфоэпия қағидалары жүйеге түсірілген.
Сонымен орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен бунақтарды әдеби тіл нормасына сай неғұрлым бірізді, дұрыс айтуды қамтиды.Қысқасы, орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшін тілдегі әрбір дыбыстың акустика-артикуляциялық белгі-қасиеттерін, айтылу, жазылудағы ерекшеліктерді, яғни фонетика ғылымын жақсы білу қажет.