Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика НАТЫ НСАСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.5 Кб
Скачать

24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.

Қазақ жазуы күні бүгінге дейін 1957 жылы қабылданған емле-ережелерін пайдаланып келеді. Бұл ережеде жазудың негізгі екі түрлі принципі қолданылған болатын:

1. Морфологиялық принцип: сөздердің ауызекі айтылуында көршілес дыбыстардың әсері нәтижесінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар ескерілмей, бастапқы түбір күйіндегі дыбыстық құрамы сақталып жазылады. Мысалы, түнде, түнгі, түнде, түн бойы дегенде, түн сөзінің соңындағы н әрпі үш жағдйда үш түрлі дыбысталады: түнде, түңгі, түмбойы.

2. Фонетикалық принцип: сөзге жалғанатын қосымшалар түбір сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай түрленіп, қалай айтылса, солай жазылып отырады: кітаптың, мектептің, қағаздың.

Енді осы принциптер негізінде 1957 жылы түзілген «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» мен 1983 жылғы «толықтырулр мен түзетулердің» сырына фонетикалық тұрғысынан қарасақ, ережелер төмендегідей тақырыпқа жіктелген.

1.Әріптердің емлесі 5.Қос сөздердің жазылуы

2.Түбір сөздердің жазылуы 6.Шылау сөздердің жазылуы

3.Бөлек жазылатын сөздер 7.Шылау сөздердің жазылуы

4.Бірікке сөздердің жазылуы

3. Айырушы принцип: дыбыстық құрамы бірдей сөздерді бір-бірінен орфографияның көмегімен айыру. Бұл принципке тілімізде бар сөздің мағынасының екіге жарылып, соған орай дыбысталуларының өзгеруін де жатқызуымызға болады. Мысалы: үкімет-өкімет, ақырет-ақирет, ауа-әуе, ғылым-ілім, дуа-дұға, тәлім-тағылым, мәлім-мағлұм, т.б.

Қазақ орфографиясының негізгі принципі – морфологиялық принцип. Осы принциптің негізінде «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» жасалған.

Бұл аталған принциптердің қазақ тілінде әрқайсысының өзіндік орны бар. Болашақта бұл принциптердің зерттеліп, жүйеге түсірілуінің 1) жазба тілде жазудың бірізділігін сақтау, 2) дыбыстарды фонемамен беру,

3) сөздерді бірге, бөлек, дефис арқылы, т.б жазу, 4) бас әрепті пайдалану, 5) тасымалдау сияқты мәселелерді айқындауына қосар үлесі зор.

25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.

И әрпі -

1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:

а) ЫЙ: қыйын (қиын), мый (ми), быйыл (биыл), сыйыр (сиыр), т.б.

ә) ІЙ: кій (ки), кійім (киім), ійне (ине), бійік (биік), кійіз (киіз), т.б.

б) ҰЙ: мұқұйат (мұқият), тұңғұйық (тұңғиық), оқұйын (оқиын), т.б

в) ҮЙ: өсүйет (өсиет), дүнүйө (дүние), көлкүйдү (көлкиді), сүңгүйді (сүңгиді), т.б.

2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:

Институт, университет, кино, физика, т.б.

Қорытынды:

1. Түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін и дыбысының және қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде и қолданылады.

2. я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстарының орнына да и жұмсалады.

3. йы, йі дыбыстар тіркесіне бітетін, етістіктерге көсемшенің –й жұрнағы жалғанғанда, ый, ій әріптерінің орнына бір ғана и жазылады.Мысалы, байы-й-ды – байиды (байыйды, баиды емес), кейі-й-ді – кейиді.

Ескерту: Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде жазылады.Мысалы, сыйлық, сыйлау, сыяды, тыйым, тыяды.

4. И дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын тұйық райдың –у жұрнағы –ю түрінде, көсемшенің –а жұрнағы –я түрінде жазылады.Мысалы, ию, кию, қияды, жияды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]