
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
Буын – осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нəтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс‚ не дыбыстар (дауысты‚ дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде дыбыстық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді. Буынға тəн сипаттар:
1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс жəне оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса‚ сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде‚ дұрысы‚ бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді. Яғни бір фонема 4 фон құрап тұр.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мəселен‚ ат-ты-лар-ға дейтін төрт буынды сөздің 1-буыны (ат) – түбір‚ 2-буыны (ты) – сын есім тудыратын жұрнақ‚ 3-буыны (-лар) – көптік жалғау‚ ал 4-буыны (-ға) – септік жалғау. Мұны кездейсоқ сəйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на‚ а-ты-ңа‚ ке-лі-сі-мі-міз‚ жар-қы-рай-ды т.б. Алайда мағына болып жатса‚ жоққа шығаруға болмайды.
3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (мəселен‚ ба-ла-ла-ры-мыз-ды‚ а-на-ла-ры-мыз-ға‚ қа-на-ғат-тан-дыр-майды)‚ не жіңішке буынды (жі-лін-шік-те-рі-не‚ бөл-ті-рік-те-рін‚ кү-мі-сі-міз-ді‚ сəн-ден-ді-ріп‚ бе-ре-ке-лі) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса‚ онда олар кірме сөз болғаны. Мұғалім‚ қабілет‚ қажет‚ педагог‚ методика‚ параллелипед т.б. Буынның жуан‚ жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
4. Тіліміздегі байырғы сөздер‚ сондай-ақ буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно)‚ жеребе (жребий)‚ кереует (кровать)‚ кінəз (князь)‚ үстел (стол). Сондықтан да байырғы сөздерді Смаил‚ Сқақ‚ Рза‚ Рсалды‚ Слан‚ Смағұл‚ Спан түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел сөзі (стол) осының айғағы. Ал Октябрь революциясынан бергі жерде орыс тілі арқылы енген сөздер (буындар) екі‚ тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль‚ спорт‚ станция‚ студент‚ процент‚ транспорт‚ спринт‚ стратегия‚ структурализм т.б. Бұларды осылай жазу жəне айту – əдеби норма түрінде танылады.
5. Бір буынға енген дыбыстар бірыңғай жуан не жіңішке‚ бірыңғай еріндік не езулік болып келеді.
6. Бас (бірінші) буын болмаса‚ қалған буындар дауыстыдан басталмайды. Буынның дыбыстық құрамы.
Қазіргі казақ тіліндегі буындар дыбыстың құрамы жағынан мынандай болып келеді:
1) бір дыбысты: а-та, ə-же, а-па, і-ні, а-ла, а-са, о-қы, а, ə, е о, о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі;
2) екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-та, ой-на, тара, қа-ла-да-ғы-сы, ба-ла-сы, ал, ат, ақ, же, де, не;
3) үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл-шек-тер, тастау, бал-шық, бөл-шек-тер, ұлт, үрт;
4) төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, салт, қарқ-қарқ, күрк-күрк.
Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстың құрамы осы төрт дыбыстан аспайды.
Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады:
5) бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенді;
6) алты дыбысты: спектр, спринт.