Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика НАТЫ НСАСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.5 Кб
Скачать

17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелік, белгі-қасиеттердің, олардың фонемалық мәнінің айқын да тұрақты көрінетін орны-бір буынды түбір, сондай-ақ көп буынды сөздің бас буыны. Сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. А ф/ы барынша ашық,жуан:орақ,ошақ,қора.Өзге жуан (о,ұ,ы)дауыстылармен қатар сөздің барлық буындарында айтыла да, жазыла да береді. Айтуда кейде о-ға жуықтап кетеді:ойбой, ойпұрмой,соноу. Тіпті көркем шығарма тесттерінде де кездеседі. Жазуда а кейбір жіңішке дауыстылардың таңбаларымен қатар түзейтін тұстары бар: ділда-ділдә, кітап-кітәп, қазыр-кәзір. Қазақ тіліндегі шын мәніндегі ашық фонемалар-а және ә.Айырмашылығы:1-сі жуан,2-сі жіңішке. Ә фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің басты себебі-оның қазақ тіліне басқа күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты болуы керек. Халық тілі-халықтың ауызекі тілі «әр өлкенің жергілікті қазағының тіліне тән диалектілік белгілер мен құбылыстардың жиынтығын, халық диалектілері мен говорларын, ауызекі тілді (тек жергілікті формасын)білдіретін ұғым» Әсіресе а мен ә дауыстыларының бірінің орнына бірінің қолданылуы – говорларымызға тамырын кең жайған құбылыс.Е,ы,і фонемалары езулік, қысаңдығы және тілде қолданылуы жағынан бір-біріне ұқсайды. Ә.Жүнісбеков е-нің й және і дыбыстарының қосындысынан (йі) тұратынын айтқан. Шынында ад тілде: әне-әні, бәтеңке-бәтіңке, кәне-кәні, ерегісу-ерегесу түрінде айту,жазу кездеседі. Е,Ы,І әріптері барлық буындарында жазылады, бірақ ылғи да солай дыбысталмайды. Өзен,өлең,өнер,осы, орын,оқы,ұғым дыбыс емес әріп болып тұр. Айтуда олар ө,ұ,ү түрінде болады.қысаң ы,і фон\ы көп буынды сөздерде кейде көмескі естіледі:дәрꞌгер,қатꞌнас,тәжꞌрибе. Тіпті л,р дыбыстарының алдынан келгенде олар жазылмайды: лақ,леген,рас,лас. Еріндік о,ө ф\ы бір-бірінен тек жуан не жіңішкелігімен ғана ажыратылады.Екеуінің де алдынан әнтек у айтылады. Тілде о, ө-нің ұ,ү түрінде кездесуі айтылуы жағынан жуықтығын көрсетеді:домала-дұмала, оян-ұян, сөйтіп-сүйтіп.

Орыс тілінен енген сөзде о-ға екпін түседі: вагона, анекдот. Ө ф\ның жазудағы таңбасы ө ж\е е әріптері. Өзен,өрен,көбелек. Еріндік ұ,ү ф\ы жуан, жіңішкелігінеен ажырат. Жазуда ұ ф\ы бұлбұл, мазмұн, ы әрпімен де таңбаланады: қойшы, қозы, бұрым, осы. Ү ф\ы дәстүр, дүл-дүл, і түрінде жаз.: үміт, көркі, өнім,өкім. И ф\ы орыс тілі арқ енген сөз\дің құрамында ғана кездеседі: институт,университет,магазин,филолог. Уф\ы да тек орст тілінен енген сөздерде ғана кезд.:университет, ультра, учаске, пункт.Әсіресе есте болатын жай‚ дауыссыз у дыбысынан кейін е‚ ы‚ і дыбыстарының уе‚ уы‚ уі түрінде келуі – жазудың ісі. Айтуда бұлар: уө (әуө‚ әуөс‚ әуөз‚ сәуөгей‚ әуөл‚ әуөн‚ кеуөк); мәуө‚ пәуөске‚ тәуөкел‚ тәуөлді); уұ (дауұл‚ ауұл‚ қауұн‚ бауұр‚ жауұн‚ жауұр‚ қауұн‚ сауұн); уү (әуүз‚

әуүт‚ дәуүт‚ дәуүр‚ сәуүр‚ тәуүп‚ тәуүр). Дұрысы‚ “сөз жазылу керек айтылуы бойынша” (А. Байтұрсынұлы) десек‚ осылай жазылғаны абзал. Қысаң ы‚ і фонемалары көп буынды сөздерде кейде көмескі естіледі. Орфоэпиялық сөздіктерде олар тіпті түсіріліп (шартты белгімен)

жазылады: дәр`гер‚ қат`нас‚ тәж`рибе‚ аң`зақ‚ ад`раңдау‚ аз`рақ‚ бад`рақ‚ ед`реңдеу‚ и`рім‚ кеш`рім‚ қас`рет. Тіпті л‚ р дыбыстарының алдынан келгенде сөздің лексикалық мағынасына нұқсан келмесе‚ олар жазылмайды: лақ‚ лаң‚ ләм‚ леген‚ лекер‚ лес‚ лай‚ лайық‚ лас‚ рас‚ разы‚ рай‚ рақат‚ рақмет‚ рең‚ рәсуә‚ рәсім‚ рәт. Мұнда да А.Байтұрсынұлының қағидасын басшылыққа алған жөн.

Жалғанатын қосымша дауысты болса‚ немесе дауыстыдан басталса‚ кейбір сөздердің екінші буынындағы ы‚ і (айтуда да‚ жазуда да) түсіп қалады: халық – халқы‚ қарын – қарны‚ қалып – қалпы‚ ырық – ырқы‚ қырық – қырқы‚ айыр – айрық‚ сарық – сарқыл – сарқады‚ ерін – ерні‚ ерік –еркі‚ кейіп – кейпі‚ ірік –іркіп – іркеді‚ қырық – қырқып – қырқады. Бұл қасиет е фонемасында жоқ. Еріндік о‚ ө фонемалары бір-бірінен тек жуан (о)‚ жіңішкелігімен (ө) ғана ажырайды. Бұл екеуінің де алдынан әнтек у (бірінде жуан‚ бірінде жіңішке) айтылады. Тілде о‚ ө-нің ү‚ ұ (көбіне диалектіде) түрінде кездесуі бұлардың айтылуы жағынан жуықтығын көрсетеді: домала – дұмала‚ оян – ұян‚ қош – құш‚ қолдану – құлдану‚ сұра – сора‚ мұқал – моқалу‚ сорақы – сұрақы‚ үлгер – үүлгір (айтылуы – үлгөр – үлгүр)‚ төңірек – төңерек‚ үме – өме‚ көсу – күсу‚ шүберек – шөберек‚ сөйтіп – сүйтіп‚ өйтіп – үйтіп‚ бөгелек – бүгелек‚ бүлдірге – бүлдіргі. Сөйтіп‚ өйтіп түрде жазып айту қолдан беріде жасалған. Ал жақтың қатысы жағынан бұлар қысаң дауыстыларға жуық. Кейбір себептермен бұлар жартылай ашықтарға жатқызылды (жоғарыда айтылды). Еріндік о фонемасының өзге фонемалардан ерекшелігі бұл байырғы сөздердің бірінші буынында ғана айтылады және жазылады. Мұны тіл зерттеушілердің көбі-ақ аңғарған. П. Мелиоранский мұны қазақ тілінің қырғыз тілінен ажырайтын ерекшелігі түрінде ескерткен. А. Байтұрсынұлы алғашқы “Тіл-құралында”: “О дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі.

Басқа буындарында әм дауысты дыбыстардан соң қазақ сөзінде еш орында естілмейді” деп жазды. “Қымқырындылар бас буыннан басқасында келмейді”– деп‚ еріндіктерді бас буында қаңтарып қоюына да осы О себепші болған сияқты. Шынында да‚ байырғы сөздердің екінші‚ үшінші буынында о дыбысы мүлдем ұшырамайды. Мұның өзі стол‚ роза сияқты кірме сөздердің айтылуын өзгертуге мәжбүр етеді. Өйткені қазақ тілінде бұлардың алдынан дауысты (ұ) дыбыс жамалып‚ о дыбысы екінші буынға өтуге тиіс. Оны болдырмау үшін тіл үстөл‚ ырауза түрінде айтпасқа лажы жоқ. Майордың майыр болып айтылуы да содан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]