Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика НАТЫ НСАСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.5 Кб
Скачать

16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.

Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мəселелерінің біріне жатады. Негізгі үндестік заңдар мынадай болып келеді:

1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса‚ оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады: мал-шы-лық-та‚ ал-ды-рың-дар‚ институт-тар-дың‚ республика-мыз-дың‚

2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады: мек-теп-тер-ің-ді‚ университет-ім-ді‚ мұғалім-дер-ге.

3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса‚ оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады: бала-лар‚ бала-ға‚ бала-да‚ бала-мен‚ жел-дің.

4. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса‚ қосымша ұяңнан басталады: қаз-дар‚ қаз-ға‚ мұқтаж-дық.

5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса‚ қосымша тек қатаңнан басталады: мақсат-қа‚ мақсат-пен‚

университет-пен. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан не жіңішке‚ сондай-ақ бірыңғай еріндік не езулік буынды болып‚ араларында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп‚ үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.

Бұл заң – дыбыстау мүшелерінің үнемді қимыл-қозғалысының нəтижесі. Буындар мен дыбыстардың өзара үндесуінің нəтижесі – үндестік. Үндестік заңы іштей: 1. Буын үндестігі жəне 2. Дыбыс үндестігі болып бөлінеді. Ал буын үндестігін: 1. Тіл үндестігі 2. Ерін үндестігі деп бөліп‚ дыбыс үндестігін: 1. Бейімдестік 2. Үйлестік 3. Бейүндестік түрде бөліп қарастырамыз.

Дыбыстардың бір сөз көлемінде бірыңғай жуан болып келуін‚ немесе бірыңғай жіңішке болып келуін тіл үндестігі дейді. Бұл – тілдің үнемді жұмысының (қимыл-қозғалысының) нəтижесі. Ауыз қуысында жүйткіп тұрған тіл бабаларымыздың‚ əжелеріміздің деген сөздерді айтқанда бір қалыпта тұрады. Айырмашылығы: жуан буынды сөзді айтқанда‚ тіл артқа қарай жиырылса‚ жіңішке буынды сөздерді айтқанда‚ сəл ғана ілгері ұмсынады. Тіл үндестігі – көк түріктің‚ көп түріктің күні кешеге дейін бəріне ортақ болып‚ мызғымай келген заңы. Ертеректе енген араб-парсы сөздерін айтпағанда‚ орыс тілінен енген сөздердің өзі де аралас буын қалпынан ажырап‚ бірыңғай (жуан не жіңішке) буынды болып қалыптасты: бəтеңке (ботинка)‚ бөрене (бревно)‚ кəмпит (конфета)‚ көшір (кучер)‚ нөмір (номер)‚ резеңке (резинка)‚ сəтен (сатин). Бұлай болатыны аралас буынды сөздер тілдің ілгерінді-кейінді қозғалуын қажет етсе‚ ал тіл үндесімі сол тілдің неғұрлым аз‚ үнемді жəне бірбағытты қозғалысына негізделеді. Жеке сөздер тұрмақ‚ қатар айтылып қалыптасқан (біріккен) əр түрлі буынды сөздер де тілдің қызметі жағынан үндесіп айтылуы тілімізге тəн жарасымдылық (үндестік). Мұндайда көбіне кейінгі буын алдыңғыға ықпал етіп‚ өзіне бейімдейді: бүгін (бұл күн)‚ ышқыр (іш құр)‚ ыштан (іш тон)‚ əкел (алып кел)‚ əпер (алып бер)‚ əкет (алып кет)‚ түрегел (тұра кел)‚ өйтіп (олай етіп)‚ бүйтіп (бұлай етіп)‚ сөйтіп (солай етіп)‚ əлөкпө (ала өкпе)‚ сəудегер (саудагер)‚ жəдігер (жадыгер)‚ жəдігөй (жадыгөй)‚ əпке (апа-еке). Бұл əсіресе жалқы есімдердің айтылуында жиі кездеседі. Əйтбек (Айтбек)‚ Əйімкүл (Айымкүл)‚ Əйкүл (Айгүл)‚ Шірінгүл (Шырынкүл)‚ Дəнекүл (Данакүл)‚ Тəшкен (Ташкент)‚ Шімгент (Шымкент)‚ Мəңгент (Манкент)‚ Жəргент (Жаркент)‚ Əйгерім (Ай керім).

Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып‚ үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса‚ қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы‚ түйөлөрүмүздүң‚ көбөлөктөрдү‚ түлкүлөрдү деген сияқты. Бұлай айту‚ яғни ерін үндестігі‚ алтай‚ қырғыз тілдеріне тəн заңдылық түрінде танылады. Қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о‚ ө‚ ұ‚ ү) келіп (оларды жазбасқа мүмкіндік жоқ)‚ екінші буында езулік е‚ ы‚ і əріптері жазылса‚ онда олар (е‚ ы‚ і) сөзсіз еріндік (ө‚ ұ‚ ү) болып айтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]