
- •1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.
- •2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.
- •3."Үйлестікке" тән қасиеттерді ажыратыңыз және нақты мысалдар арқылы сараптаңыз. Тіл мәдениетін сақтаудағы "үйлестіктің" маңызын ашыңыз.
- •4. Транскрипция мен транслитерацияның не үшін керектегін түсіндірңіз. Кірме сөздер мен кірме дыбыстарды қазақ тіліне икемдеудегі аталған жайттардың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •5. Бейүндестік және оған тән қасиеттерді атаңыз, мысалдар келтіріңіз. Бейүндестікке қатысты айтылып жүрген пікірлердің басын ашыңыз.
- •7. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін ашып беріңіз.
- •8. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді табыңыз. Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуы не себепті сәйкес келмеуі тиіс екеніне өз пікіріңізді білдіріңіз.
- •9. Дауыссыздардың бір-бірімен тіркесу қасиетін не себепті зерттеу қажет. Дыбыстардың тіркесу заңдылығы дегенді нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •10. Дауысты мен дауысты дыбыс тіркесі қандай болып келеді. Кірме сөздерді дыбыстық жағынан игерудегі бұл заңдылықтың маңызы қандай екенін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •11. Дауыстылар мен дауыссыздардың айырым белгілерін атаңыз және мысалдар беріңіз. Оларды қандай жағдайда тұтас дыбыстық кешен ретінде қарастыруға болатынын өз пікіріңізбен дәлелдеңіз.
- •1. Тілдің қатысына (қимыл-қозғалысына) қарай:
- •2. Еріннің қатысына қарай:
- •3. Жақтың қатысына қарай:
- •12. Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуіндегі дыбыстардың қызметін нақты мысалдар арқылы ашып беріңіз.
- •13. Дыбыстар тіркесінің заңдылықтарын атаңыз. Оның тіл мәдениетін сақтаудағы рөлін нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •14. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері қалай болып келеді. Болашақта дыбыстарды қандай қасиеті бойынша қарастыру міндеті тұрғанын түсіндіріңіз.
- •15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
- •16.Үндестік заңы және олардың негізгі заңдылықтары қандай болып келеді. Тіл мәдениетін сақтаудағы үндестік заңының қызметін нақты мәліметтермен дәлелдеңіз.
- •17. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •18. Буынға тән сипаттар қандай болып келетінін түсіндіріңіз. Буынның дыбыстық құрамы қандай және дыбыстардың қасиеттерін ашудағы буынның маңызын көрсетіңіз.
- •19.Дыбыстардың бірін-бірі акустикалық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •20.Дыбыстардың бірін-бірі артикуляциялық жақтан игеруінің дыбыстық жүйедегі орнын көрсетіңіз. Қандай дыбыстар бірін-бірі айтылымы жағынан игеретінін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
- •21.Ерін үндестігі және ондағы қиындықтардың пайда болу негіздерін тап. Тіл мәдениетін сақтаудағы ерін үндестігінің орнын нақты мысалдармен дәлелде.
- •22. Кезінде фонетика мен фонологияда жиі қозғалған қ-ғ және к-г дыбыстары туралы пікірлерге тоқталыңыз.
- •23. Қ.Жұбановтың «Қосар ма, дара ма?» атты мақаласында көтерілген мәселелер
- •24. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері. Фонетикалық, морфологиялық және айырушы принциптердің шығу негіздерін түсіндіріп, болашағына тоқталыңыз.
- •25. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) и әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында кездескенде:
- •2. Орыс тілінен енген сөздердің құрамында:
- •26. Қазақ тіліндегі (байырғы және қазіргі) у әрпінің дыбыстық бейнесін көрсетіңіз.
- •1. Тіліміздегі байырғы сөздердің құрамында:
- •2. Орыс тілінен енген сөздерде:
- •27. Қазіргі қазақ тіліндегі орфоэпиялық нормалар
- •28. Сөздің дыбыс, буын құрамын анықтау жолдары. Сөзді буынға бөлудің заңдылығы мен тасымал мәселесі.
- •30. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндгі сингармонизм заңы» атты мақалаының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз.
15. Бунақтың табиғатын түсіндіріңіз. Оның өлең сөз бен қара сөздегі қызметін нақты мысалдар арқылы ажыратыңыз.
Бунақ – өзіндік екпін, ырғақпен айтылатын сөздер тобы. Өлең сөзде тармақтар бунаққа жіктелсе, қара сөзде сөйлем ырғақтық топтарға жіктеледі. Бунақтарда буын саны шектеулі болса, ырғақтық топтар ой түйдектеріне негізделгендіктен, буын саны шектеусіз болады.
Сөйлеу кезінде сөздер кейде жеке тұрып‚ көбіне екіден‚ тіпті үш-төрттен топ құрап айтылады. Мысалы‚ Үш күндік жолдың бүгінгі‚ соңғы күніне‚ шәкірт бала барын салды. (М. Әуезов). Осында: үш күндік жол‚ соңғы күн‚ шәкірт бала‚ барын салды дегендер өзара тіркесіп‚ топ құрап тұр. Сөйлеу кезінде де бұлар жұбын жазбай‚ әрқайсысы өзіндік ырғаққа ие болады. Тек бастауыш болып тұрған бала сөзі өзінің алды-артына тұрған анықтауыш‚ баяндауышты бауырына тартып шәкірт‚ бала барын салды түрде тұтаса айтылуға тиіс. Бұдан сөйлемдегі сөздердің сөйлеу кезінде тұтасып немесе жеке-жеке тұрмай‚ топ құрап‚ әрқайсысы өзіндік екпін‚ ырғақпен айтылатынын аңғаруға болады. Осындай топтар ритмикалық топтар‚ ырғақтық топ делініп жүр. Мұны синтаксистік тіркес‚ синтагма (гр. syntagma – тұтасқан бірдеме)‚ фраза (гр. phrasіs – сөз‚ сөйлеу орамы) деп те атайды. Ырғақ – кейбір белгілері жағынан өзара бірдей‚ немесе біршама жуық элементтердің қайталануы. Бұл әсіресе өлең жолдарынан жақсы аңғарылады. Өлеңге тән буын‚ бунақ‚ ырғақ сияқты негізгі элементтердің әр тармақ‚ шумақта қайталануында белгілі бір тәртіп‚ жүйе болады.
Бұл жөнінде алғаш А. Байтұрсынов жақсы айтқан: “Сондай-ақ сөздің өлең болып‚ көңілге ұнап‚ реттілігінен туатын қасиет сөзді айтқан кезде сағаттың шық-шық еткенінің‚ тамыр бүлк-бүлк соққанының арасы қандай бірдей болса‚ сөз сөйлегендегі дауыс ырғағының арасы да сондай бірдей болады. Сөйтіп дауыс ырғақ-ырғағы сөзді бірдей-бірдей буынға бөледі. Сондықтан сөз табиғи негізде қамыс сияқты бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің айналуы‚ теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ сөйлемдердің ішіндегі буын санының бірдейлігімен‚ кестелерінің реттілігімен‚ сөздердің әуездес ұқсастығымен келетін ырғақ”.
Олай болса‚ ырғақтық топ деп отырғанымыз – бунақ. Сонда сөйлем бунақтарға‚ бунақ сөздерге‚ сөздер буындарға‚ буын дыбыстарға ажырайды. Қазақтың қара өлеңінің әр тармағы (жолы) үнемі үш бунақты болып‚ он бір буыннан құралады және әр бунақтағы буындардың қайталануында да заңдылық бар. Олар көбіне 4-4-3‚ 3-4-4 және 4-3-4 буынды болып келеді де‚ өзара ритм (ырғақ)‚ ағымы (әуені) жағынан ерекшеленеді. Енді бір шумақ өлең қарастырайық:
Келдесең/ негайайын /аттыңтерін//
Сарағаш/сазғабіткен/секілденіп
Қайжерде/отұрекен/бұраңбелім//
Айғабақ /алтыңгірпік/ қызылерін.
Бұл шумақтың әр тармағында үш бунақ бар (олар таяқшалармен ажыратылған). Бунақтардағы буындардың саны – 3-4-4. Әр бунақ өзіндік‚ екпін ырғағымен ерекшеленеді. Яғни әр бунақта (ол бір сөз де‚ бірнеше сөз де болуы мүмкін) бір-ақ екпін болады. Ол бунақ екпіні деп аталады.
Прозаға қарағанда‚ өлең текстеріндегі сөздердің ритмикалық топтарын ажырату оңайырақ‚ өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрылатындықтан‚ ондағы сөздердің топтасуы өз-өзінен шығып тұрады‚ оның үстіне бұған әр тармақтың ара жігі‚ ұйқас дегендер де көмектеседі. Қара сөзбен келген текстерде де сөздер ритмикалық топтарға жіктеліп айтылады. Ақшоқыда туған өлең‚ өлең мен ән /сан салалы жырлар/көшіріліп жатталып‚ әуендеп толқып‚ тарап жатты. /Алуан сырлы жаңа сөз/ арқаның қоңыр желіндей/ жай жылжып‚ бірақ/ кең жайылып тарады (М. Әуезов). Мұндағы үтірлер дауыс ырғағына тура келіп тұр. Оқулықтарда ал‚ алайда‚ бірақ‚ әсіресе‚ тіпті‚ көбінесе‚ тек сияқты сөздерден соң үтір қоюға болмайды десе‚ жұрт қоюға құмар. Олай болатыны‚ бұл сөздер жеке ырғақ‚ екпінмен ерекшеленеді.