Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фонетика НАТЫ НСАСЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.5 Кб
Скачать

ФОНЕТИКА НАҚТЫ ЖАУАПТАР

1.Әріп пен дыбыстың ара қатынасын ажыратыңыз. Кейбір әріптердің дыбыстық мәніне тоқталып, олардың жазуды жетілдірудегі рөлін көрсетіңіз.

Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілетін үні дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады. Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз. Әріп — жазуда дыбысты белгілейтін шартты таңба

А.Байтұрсынов өзінің алғашқы “Тіл – құрал” деп аталатын еңбегінде (1914 ж.) осыны айырықша қадағалап айтқан: «Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе». Әріп пен дыбысты шатыстыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе(мәселен‚ о‚ ө‚ ұ‚ ү)‚ кейде бір әріп (мәселен‚ ю‚ я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу‚ йүу‚йа)өрнектейді. Керісінше‚ кейбір әріптердің (ь‚ ъ) дыбыстық мәні жоқ.Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуыныңарасында ала-құлалық тудырады. Мәселен‚ адам‚ ана‚ жер‚ кісі‚ ойла‚ ат‚ қара‚ қызыл‚ кел‚ескер‚ сен т.б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық.

Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Әріптер саны 42. Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады. Бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек:

1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қосар (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды.

2. Орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады.

3. У дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.

Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады. Осындай и дыбысы — ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде) құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты у да жеке дыбыс бола алады.

Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға (жасауға)‚ тануға (түсінуге)‚ ажыратуға қызмет етеді. А.Байтұрсынов айтқандай, «Тілдің, сөздің жаны - дыбысында» демекші, дыбыстар біздің тіліміздегі сөйлеу мәдениетін дамытуға қызмет етсе, әріптердің сөздерді жазудың бірізділігін сақтауда, яғни жазуды жетілдірудегі маңызы зор.

2.Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістерге тоқталыңыз. Олардың тілідің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызын тілі білімі тұрғысынан сараптаңыз.

Экспериментті-фонетикалық әдіс – сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу. Экспериментті-фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөліп қарастырған жөн:

1) акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары‚ олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады;

2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны‚ оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады.

Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланылатын құралдың (аппараттың) түріне қарай іштей бірнеше әдіске ажырайды. Сонда: Акустикалық әдіс: 1. Кимографтық әдіс; 2. Осциллографтық әдіс; 3. Спектрографтық әдіс. Соматикалық әдіс: 1. Палатографтық әдіс; 2. Рентгенографиялық әдіс; 3. Кинофотоға түсіру әдісі.

Экспериментті фонетика қазақ тіл білімінде де кең қолданылады. Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Олай болатыны‚ фонетика бір жағынан акустикамен‚ екінші жағынан физиологиямен (сондай-ақ анатомиямен де) байланысты болып келеді де‚ бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолдануға тиісті. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де‚ сонымен байланысты қарайды. Бұдан аппаратсыз эксперимент болмайды екен деген ұғым тумауға тиіс. Фонетика саласынан мынандай қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны‚ үндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді. Бұл заңдылықты елемей‚ қатаңнан кейін ұяң дыбыстарды айтып көрейік: ат-дың‚ ат-ға‚ ат-да. Әдейі бұзу үшін болмаса‚ бұлай айту қазіргі қазақ тілінде мүмкін емес. Фонетикалық көптеген тұжырымдар қарапайым тәжірибеге негізделген.

Фонетиканы зерттеуде қолданылатын әдістің дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін‚ қарқынын‚ созыңқылығын‚ сондай-ақ оның артикуляциялық табиғатын‚ яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін тілдің дыбыстық жүйесін зерттеудегі маңызы өте зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]