Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zot_emtikhan_90_voprosov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.14 Кб
Скачать
  1. Проблемалық жағдай түрлері

Проблемалық оқыту технологиясының көрсетілген ерекшеліктеріне қарай, проблемалық оқытудың түрлері анықталады.

      Проблемалық оқытудың түрлері:

      1 Теориялық ізденіс немесе ғылыми-шығармашылық (ғылыми-зерттеу). Оқушының жаңа теорема, заң, ереже т.б. ойлап шығарудағы ізденісі және өз болжамын жасау. Оқу проблемаларының теориялық шешімін табу қарастырылады.

     2 Тәжірибелік ізденіс немесе тәжірибелік-шығармашылық. Оқушы меңгерген теориялық білімін жаңа жағдайда, өмірде қолдан білуі қажет. Проблемалық оқытудың бұл түрінде оқушы оқу проблемаларының тәжірибелік шешімін іздестіреді.

     3 Шығармашылық ізденіс. Оқушы үйреніп білген білім қорын одан әрі дамытып,  шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру қажет. Шығармашылық жұмыстарға көркем зерттеу жұмыстары, ғылыми жобалар, шығарма жазу, әңгіме құрастыру, сурет салу, ән шығару, жоба құрастыру, слайд жасау, т.б. жатады.

         Проблемалық оқыту түрлері студенттердің шығармашылық белсенділіктерін жетілдіреді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, пәннен терең білімділіктерін дамытады. Студенттің ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. Көтерілген мәселе бойынша көпшілік ақпарат құралдары мәліметтерімен, кітапханада, қосымша әдебиеттермен, энциклопедиялық сөздіктермен, т.б. жұмыс істей отырып білім қорларын молайтады. Қозғалған мәселе бойынша бір-бірімен ой бөлісуге,   өз көзқарастарын білдіреді, оны дәлелдейді.   Проблемалық жағдайларды шеше отырып, оқушылардың өз беттерінше саралау, түсіну, игеру, талдау, баға беруі болып табылады.

  1. Проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің кезеңдері (п.И.Пидкасистый)

 Осы айтылғандарға орай, қандай жағдайда проблемалық жағдай туындайды және оны шешудің жолдары қандай?  деген сұрақ туындайды.

         Проблемалық жағдай туғызуда мынадай ережеге сүйену керек:

1        Проблемалық сұрақтарды оқушылардың білмеуі;

     2  Проблемалық сұрақтарды шешуде оқушылардың  бұрынғы қалыптасқан білімін пайдалану, ол жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру.

     П.И.Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің   5 кезеңін былай деп көрсетеді:

     1  Проблемалық жағдай туғызу.

     2  Проблеманы шешу жолдарын  іздестіру және оған өз ой тұжырымын беру.

     3  Қиындық тудырған мәселеге талдау жасау,  себебін іздестіру және оны шешудің ғылыми болжамын беру.

     4 Білімін жетілдіру арқылы берген ғылыми болжамын дәлелдеу.

  1. Проблемалық жағдайды толық шешу, оған көз жеткізу .

  1. Проблемалық ситуациядан туындайтын жағдайлар

Зерттеу нәтижесі проблемалық жағдай мынандай жағдайларда туындауы мүмкін екендігін көрсетті (барлық пәндер бойынша).

      1 Оқушы қойылған мәселенің шешімін табу әдісін білмеген жағдайда, проблемалық сұраққа жауап бере алмағанда және жаңа фактіге түсініктеме бере алмаған жағдайда, яғни жаңа ұғымды түсіндіру үшін бұрынғы алған білімнің жетіспеуі кезінде проблемалық жағдай туындайды.

      2 Оқушының бұрынғы меңгерген білімін тәжірибеде қолдану қажеттігі туындаған кезде және оны тәжірибеде қолдану үшін білімнің жетіспеушілігі анықталған жағдайда проблемалық жағдай туындайды. Білімнің жетіспеушілігін түсінген жағдайда оқушыда танымдық қызығушылық пайда болып, ізденімпаздыққа ынталандырады.

      3 Мәселені теориялық тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны тәжірибеде жүзеге асыру тәсілі арасында қарама-қайшылық болған жағдайда проблемалық жағдай оп-оңай туындайды.

      4 Керісінше, мәселені тәжірибелік тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны теориялық тұрғыда негіздеуге мүмкіндік болмаған жағдайда проблемалық жағдай туындайды.

       Ал оқу үрдісінде проблемалық жағдай тудырудың  дидактикалық негіздері төмендегі 4 түрлі мақсатты іске асыруды көздейді

      1) Қойылған проблемалық сұраққа, мәселеге т.б. оқушының назарын аударту, оның танымдық қызығушылығын ояту;

      2) Оқушының ойлау қабілетін белсендіруге ықпал ететін күрделі танымдық тапсырмалар беру;

       3) Оқушыға берілген танымдық тапсырманың, мәселенің негізгі түйінін шешуге, қиындықтардан шығу жолдарын іздестіруге көмектесу;

       4) Тығырықтан шығудың ең тиімді жолдарын іздестіруге бағыттау.

Проблемалық жағдайлар тудырып, оны шешу дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытуға, интеллектісі мен зейінін арттыруға мүмкіндік туады.