Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zot_emtikhan_90_voprosov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.14 Кб
Скачать
  1. Дидактикалық ойындардың нәтижесі

Дидактикалық ойындар-оқытудың маңызды құралы. Дидактикалық ойындар-оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар.Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады.  Оның мақсаты: Жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу.  Міндеттері: Оқушының қызығушылығын арттыру, Іскерлік ойындар ұйымдастыру, Теория мен практиканы ұштастыру.  Бұл жерде мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушыларды бақылайды, бақылау нәтижелерін өңдейді, алған нәтижелерді хабарлайды.  Оқушының іс-әрекеті: Оқуға оң көзқарас,жаңаны танып білу,икемділік пен дағдыларын игеру, өз жетістіктерін өздері бақылау.

Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері көрсетілген. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың жинағын ұсынамын. Нәтижесі: Оқу іс – әрекетіне қызығушылық артады, сөздік қоры молайғанына көз жетеді.

  1. Арнайы пәндер бойынша іскерлік ойын мәні,ерекшелігі

 Іскерлік ойындар- әр түрлі  ситуациялардың шешішмін  топ бойынша немесе ЭЕМ   - де берілген тапсырмалар  шешу  барысында қолайлы келеді.

Іскерлік ойындардың конструкциялық үрдісі 4 кезеңнен тұрады:

І - кезең. Ойынның мақсатын анықтау.

ІІ- кезең. Мазмұнын  анықтау. Мұғалімнің, сынып жетекшісінің,  қызметінің құрылымы  бойынша типтік ситуацияларды таңдау.

ІІІ- кезең. Ойынның  жүзеге асуын дайындау. Ойын құжаттары:ойынның жаңа ережелері; ойыншылардың міндеттері; персонаж кіріспесі; екі рөлді ойнаушылар;  мінез – құлықтарының қарама-қайшылығы; марапаттау; нәтижелерінің визуальдық  ұсыныстары;

ІV-кезең. Ойынның құрылымдық-функциональдық бағдарламасын құру: мақсаты, міндеті, ойынның өтілу барысы,  ұйымдастыру құрылымы мен бірізділігі, ойынға қатысатындар саны мен олардың қызметтері, сұрақтар мен тапсырмалар, стимул жүйесі.

Іскерлік  ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен  тұрады:

1. Алдын ала дайындық – ұйымдастырушылық, мини топтарға бөлу, арбитражды құру, көкейкестілікпен  қорытындылау.

2. Дайындық -  мини топтардың өзіндік жұмыстары, нұсқаулары, рөлдерді бөлу, қосымша ақпараттар,  мәлімет кестесін толтыру, жазбаша жауаптарды бағалау.

3. Ойындық – тапсырмаларды мини топтар имитациялайды. Басқа топтағылар толықтырады,  аз уақыт арасында импровизацияларды ендіру.

4. Шешімдерге талдау жасау.  Қорытындылау. Ойынның өтуі, тыңдаушылардың белсенділік танытуы, қателіктерге назар аудару,  дұрыс шешімдер, жарыс қорытындылары.