- •Зот емтихан сұрақтары
- •Дамыта оқыту технологиясының мәні
- •Дамыта оқыту технологиясының мақсаттары мен міндеттері
- •Дамыта оқытудың мәселелері
- •Дамыта оқытудың тарихы
- •Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологиясының айырмашылығы
- •Дамыта оқытудың нәтижесі
- •Тұлғалық- бағдарлы оқыту технологиясының ұғымы
- •Тұлғалық -бағдарлы оқыту технологиясының мақсаттары мен міндеттері
- •Тұлғалық- бағдарлы оқытуда мұғалімнен талап ететін іс –әрекет:
- •В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағытталған білім беруге тән заңдылықтар
- •Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясында ғалымдар мен олардың еңбектері
- •Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың процестері
- •И.С.Якиманская пайымдауы бойынша жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелері
- •Е.В.Бондаревскаяның жеке тұлғаға бағытталған оқытуда қажетті 4 компоненті
- •Тұлғалық -бағдарлы оқыту білім беру мазмұнын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар
- •Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясы қазіргі білім беру саласына қаншалықты маңызды(өз ойын)
- •Ойын технологиясының жалпы сипаттамасы
- •Ойын технологиясына берілген пікірлер (ж.Ж.Руссо,и.Г. Песталоцций,я.К.Каменский,а.С.Гуревич,а.В.Килиниюктер, н.Н.Скаова,р.И.Половинкова,в.К.Романт)
- •Оқыту үрдісіндегі пайдаланатын ойын түрлері
- •Сабақ үстінде ойынды пайдалану шарттары
- •Дидактикалық ойындардың нәтижесі
- •Арнайы пәндер бойынша іскерлік ойын мәні,ерекшелігі
- •Модульдік оқыту технологиясының негізгі ұғымдары,жалпы сипаттамалары
- •Н.Д. Никандрованың пікірінше модульдік оқыту мәні
- •Модуль ұғымы
- •Модульдік оқытудың басты белгісі
- •Модульдік оқытудың міндеттері мен мақсаттары///////толықтыру керек
- •Модульдік оқытудың ерекшеліктері
- •Модульдік оқытудың артықшылығы
- •Модульдің жалпы құрылымы (үш негізгі бөлім бойынша)
- •Проблемалық жағдай түрлері
- •Проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің кезеңдері (п.И.Пидкасистый)
- •Проблемалық ситуациядан туындайтын жағдайлар
- •Проблемалық және дәстүрлі оқытудың ерекшеліктері
- •Білім беруді ізгіліендіру.
- •Тірек сигналдары арқылы оқыту технологисы.
- •Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы.
- •Өздігінен даму технологиясы.
- •Ынтымақтастық технологиясы.
- •Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
- •Деңгейлеп оқыту технологиясының мәні.
- •Деңгейлік тапсырмалар сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар.
- •Жобалау іс-әрекет барысындағы құзіреттіліктер.
- •Миға шабуыл әдісі.
- •Жобалық іс-әрекеттің әдістемесі.
- •Ынтымақтастық оқу технологиясы туралы түсінік, оның басты идеясы
- •Ынтымақтастық оқытудың мақсаты.
- •Ынтымақтастық оқыту әдістері.
- •Ынтымақтастық оқыту технологиясы.
- •Кәсіптік білім беруде компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану.
- •Компьютерлік оқыту технологиясының даму тарихы.
- •Компьютерлік технологиялардың дидактикалық мүмкіншіліктері.
- •Компьютерлік технологиялардың мәні
В.В.Давыдов ұсынған оқушылардың біліктерін сипаттайтын негізгі қағидалар
Дамыта оқытудың нәтижесі
Оқушылар жан жақты дамиды. Ойлау қабілеттері, логикалық ой дамиды.
Тұлғалық- бағдарлы оқыту технологиясының ұғымы
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз-тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.
«Түлғалық-бағдарлы тәрбие» тэжірибесі ерте заманнан- ақ басталады. Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотельдің жан -жақты дамыған, еркін тұлғаны тәрбиелеудің мақсатын, мазмұны мен әдістерін анықтауға арналган жұмыстарын кездестіруге болады.
Тұлғалық -бағдарлы оқыту технологиясының мақсаттары мен міндеттері
Г.К.Селевко мұндай технологияның ең негізгі құндылығы-оқушы жеке тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және қалыптастыру деп атап көрсетеді
Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты, ғалымның пікірінше, жеке тұлғаның өзінің табиғи қабілеттеріне сай қалыптастырып, дамыту болып табылады.
Тұлғалық- бағдарлы оқытуда мұғалімнен талап ететін іс –әрекет:
1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;
2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;
3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;
4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;
5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;
6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;
7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.
В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағытталған білім беруге тән заңдылықтар
В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:
1. Жобалау элементі-"тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады.
2. Оқыту мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі болады: мұнда сұхбаттасу білім беру субьектілерінің өмір сүру тәсілі ретінде танылады.
3. Процесс тұлғалық тәжірибенің бастауы болып шығады.
4. Оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі.
5. Мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлға аралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясында ғалымдар мен олардың еңбектері
Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:
- В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;
- П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;
- В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;
- Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
- Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
Жеке тұлғаны дамыту мәселелері Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерінің негізгі арқауы. Қазіргі кезде Д.Н. Богоявленскийдің, П.Я. Гальпериннің, Б.В. Давыдовтың, Л.В. Занковтың, Е.Н.Кабанова-Меллердің, С.Л.Рубинштейннің, Н.Ф.Талызинаның т.б. жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың психологиялық теориялары жасалып, оқу үрдісіне енгізілген.
