
- •11 Билет.
- •Несептік синдром
- •2. Созылмалы пиелонефрит
- •Қауіп-қатерлі факторлар
- •Диагностика
- •Дифференциалды диагноз
- •Емдеу тактикасы
- •Госпитализация
- •3. Жүрек және қантамыр жүйесін зерттеу
- •Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
- •Клиникасы
- •Іштің пальпациясы
- •Соқыр ішекті пальпациялау (4.69 сурет).
- •Көлденең тоқ ішекті пальпациялау.
- •Жоғары және төмен өрмелеген тоқ ішек бөліктерін пальпациялау
- •Жүрек аускультациясы келесі тәртіппен орындалады:
- •Жіктемесі
- •Клиникалық көріністері
- •17 Билет
- •Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі сндромдар: Коронарлық жетіспеушілік, Артериалдық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі.
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •3. Анафилактикалық шок. Жедел көмек.
- •Ревмотоидты артрит. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •Жиа. Миокард инфарктісі. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Квинке ісігі. Жедел көмек
- •Артериальды гипертензия. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Созылмалы гепатит. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Бүйрек аурулары науқастарын сұрастыру және қарау. Пальпация және перкуссия.Бүйрек ауруларын лабороторлы- аспапты зерттеу тәсілдері.
- •1Анемия диагностикасы емдеу шаралары
- •2 Қант диабеті
Клиникасы
Жара ауруының сиптомы жиі қасық асты аймағында орталық сызықтан сол жақта пайда болатын асқазанның денесінің жарасы немесе орталық сызықтан оң жағында қылта каналы аймағының жарасы пайда болатын ауырсын болып табылады. Жиі ауырсыну кеуде клеткасының сол жағына төстің семсер тірізді өсіндісі аймағына, омытқа жотасының бел не кеуде аймағына беріледі. Ауырсыну тамақ ішумен байланысты.
Асқазан денесінің жарасында ауырсыну тамақ ішкеннен 30 – 60 мин. кейін пайда болады, ерте ауырсыну. Қылта каналы және 12 елі ішек луковицасының жараларында: 2-3 сағ.кейін кіші аурсыну, сондай – ақ аш қарынға – “аш қарынға ауырсыну” болады. Пайда болу механизмі бойынша “аш қарынға ауырсынуға” түнгі ауырсыну жақын, ол жиі кешкі 11ден таңғы сағат 3 дейінгі кезеңде пайда болады. Жара ауруна тән сиптом аурсынудың шынында пайда болатын және жеңілдік әкелетін асқазанның қышқыл құрамымен құсу болып табылады. Кейде науқастар осыған байланысты құсу рефлексін өздері шақырады. Кейде басқа да дисперсиялық бұзылыстар: қыжыл, жүрек айну, кекіру, іш қатпасы да байқалады.
Емі:
Микробқа қарсы-Де-нол, фуразолидон, ампициллин, т.б. гастросидин, қызылмай, итмұрын майы, алмагель, викалин, Физиоем-инемен емдеу, электроұйқы.
Іштің пальпациясы
Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы
Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы арқылы келесі мәліметтерді білуге болады:
құрсақ бұлшық еттерінің жергілікті немесе жалпы керілуін және алдыңғы құрсақ қабырғасының кернеуі жоғарылаған аймақтарын;
алдыңғы құрсақ қабырғасындағы жергілікті немесе жалпы ауыру сезімдері бар аймақтарын;
іштің тік бұлшық еттерінің ажыраған аймақтарын, вентральді сызық пен кіндік сақинасының жарықтарын;
құрсақ ағзалары мөлшерінің ұлғайуын, беткей орналасқан ісіктерді және т.б.
Дәрігер оң қолының алақанын науқастың ішіне қойып 2, 3, 4 және 5 саусақтарының ұштарымен ішті жеңіл басады, бұл алдыңғы құрсақ қабырғасының кернеуін сезуге мүмкіндік береді (4.58 сурет).
Жоғарыда суреттелген тәсілмен пальпация сол мықын аймағынан басталады (4.59 сурет). Сосын қолды оң мықын аймағына орналастырып пальпацияны қайталау барысында алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің керілу дәрежесін салыстырмалы түрде анықтау керек. Әрі қарай қолды жоғары қарай жылжытып (3-4см) құрсақтың сол және оң жақтарының симметриялы аймақтарында пальпация жүргізіледі. Сонымен алдыңғы құрсақтың барлық жерін, эпигастр аймағымен, сол және оң қабырға астын қоса пальпацияланады.
Сосын іштің тік бұлшық еттерінің ажырау дәрежесі мен вентральді сызық пен кіндік сақинасының жарықтары анықталады. Ол үшін жартылай бүгілген оң қол саусақтарын вентральді сызық бойымен семсер тәрізді өсіндінің астыңғы тұсына орналастырып науқастың басын көтеруін сұрау керек (4.60 сурет).
В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация
В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация арқылы құрсақ ағзаларының мөлшері, ауыруы және басқа қасиеттері туралы мәліметтер алуға болады. Терең сырғымалы пальпация әдстемесін жүргізуде міндетті түрде пальпациялаудың негізгі төрт кезеңін орындау керек.
Оларды сигма тәрізді ішекті терең пальпациялау мысалында көрсетеміз (4.67 сурет).
пальпациялаудың 1 кезеңі – дәрігердің қолын орналастыруы ( 4.67а сурет). Оң қолдың басын пальпацияланатын ағзаның топографиясына сәйкес құрсаққа орналастырады.
пальпациялаудың 2 кезеңі – терілік қатпар түзу (4.67 б сурет). Науқас тынысты алғанда жеңіл бүгілген саусақтармен теріде қатпар түзу керек. Терілік қатпар түзу бағыты саусақ ұшы ішектің үстімен сырғылатын (пальпация) жаққа қарама қарсы бағытта түзіледі.
пальпациялаудың 3 кезеңі – қолдың ішке терең енуі (4.69 в сурет). Науқас тынысты шығарғанда құрсақ бұлшық еттері босаңсиды сол кезде саусақ ұштарын мүмкіндігінше құрсаққа терең енгізу керек, тіпті мүмкін болса құрсақтың артқы қабырғасына дейін жеткізуге болады.
пальпациялаудың 4 кезеңі (4.67 г сурет) – ағзаның үстімен сырғу (пальпациялау). Тыныс шығару соңында оң қол саусақ ұштарымен ағзаны құрсақтың артқы қабырғасына тақай басып сипалау керек. Осы кезде тактильді сезім
68 суретте сигма тәрізді ішек пальпациясында дәрігердің қолын орналастырудың екі түрі көрсетілген. Екі жағдайда да тері кіндікке қарай жиырылады (пальпацияның 2 кезеңі), ал сырғу сыртқа қарай бағытталады. (пальпацияның 4 кезеңі).
Тағы пальпациялауды 4 саусақпен емес тек бөбек саусақтың ульнарлы қырымен жүргізуге де болады, ол ыңғайлырақ келеді. Бірақ бұл кезде де сигма тәрізді ішекті пальпациялаудың барлық төрт кезеңін орындау керек.