
- •11 Билет.
- •Несептік синдром
- •2. Созылмалы пиелонефрит
- •Қауіп-қатерлі факторлар
- •Диагностика
- •Дифференциалды диагноз
- •Емдеу тактикасы
- •Госпитализация
- •3. Жүрек және қантамыр жүйесін зерттеу
- •Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
- •Клиникасы
- •Іштің пальпациясы
- •Соқыр ішекті пальпациялау (4.69 сурет).
- •Көлденең тоқ ішекті пальпациялау.
- •Жоғары және төмен өрмелеген тоқ ішек бөліктерін пальпациялау
- •Жүрек аускультациясы келесі тәртіппен орындалады:
- •Жіктемесі
- •Клиникалық көріністері
- •17 Билет
- •Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі сндромдар: Коронарлық жетіспеушілік, Артериалдық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі.
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •3. Анафилактикалық шок. Жедел көмек.
- •Ревмотоидты артрит. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •Жиа. Миокард инфарктісі. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Квинке ісігі. Жедел көмек
- •Артериальды гипертензия. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Созылмалы гепатит. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Бүйрек аурулары науқастарын сұрастыру және қарау. Пальпация және перкуссия.Бүйрек ауруларын лабороторлы- аспапты зерттеу тәсілдері.
- •1Анемия диагностикасы емдеу шаралары
- •2 Қант диабеті
3. Жүрек және қантамыр жүйесін зерттеу
Міндетті түрде тыңдайтын нүктелер:
Митралды қақпақша - жүрек ұшы соққысының үстінен. V – қабырға аралықта митралды (қос жармалы) қақпақшаның дыбыстары жақсы естіледі. Себебі: қос жармалы қақпақшада пайда болатын дыбыстар сол қарыншаның систоласы кезінде тығыз бұлшық ет арқылы жүрек ұшына жақсы тарайды. Бұл кезде жүрек ұшы алдыңғы кеуде қабырғасына өте жақын орналасады.
Қолқа қақпақшасы - II – қабырға аралығында төстің оң жағында қолқа қақпақшасының дыбыстарын тыңдайды. Себебі: бұл жерге қолқа қақпақшаларының дыбыстары қан толқынымен жақсы жеткізіледі және қолқа кеуде клеткасына жақын орналасады
Өкпе сабауы - өкпе артериясының қақпақшаларын төстің сол жақ жанында II – қабырға аралығында тыңдайды. Бұл өкпе артериясының проекциясына сәйкес.
Үш шармалы қақпақша - төстің семсер тәрізді өсіндісінің түбінде тыңдайды. Бұл орын осы қақпақшаның проекциясына сәйкес.
Қолқа қақпақшасының қосымша нүктесі (Боткин – Эрб нүктесі) - Төстің сол жағында III және IV қабырғаның төске қосылған жерінде қосымша Боткин – Эрб нүктесі қолқа қақпақшасының дыбыстары естіледі- үшінші қабырға аралығы.
Cау адамдардың жүрегін тыңдаған кезде барлық бес нүктеде екі қысқа дыбысты естуге болады. Олар жүрек тондары деп аталады (гр. tonos – соққы, екпін деген мағынаны білдіреді). Қалыпты жағдайда 2 тон естіледі: I және II. I тон систола кезінде пайда болады,сондықтан систолалық деп аталады. II-т диастола кезінде пайда болады – диастолалық. Кей жағдайда сау адамдарда, әсіресе балалар мен жас адамдарда III тон естіледі, көбінесе жүрек ұшында естіледі.
1 тон
I компонент (бұлшық еттік) – миокардтың асинхронды фазасында пайда болады (систола екі кезеңнен тұрады: әзірлік және қанды айдау).
II компонент (қақпақшалық) – қақпақшаларының тербелісінен тұрады (екі және үш жармалы) – негізгі компонент.
III компонент (тамырлық) – қолқа және өкпе артериясының іші қанға толған кездегі тербелісінен пайда болады.
IV компонент – жүрекшелік.
2 тон
I компонент (тамырлық) – қолқа және өкпе артерияларының қабырғаларының тербелісінен тұрады.
II компонент (қақпақшалық) – жарты айшық қақпақшаларының тербелісінен тұрады.
I тон ұзақ үзілістен кейін ( диастолалық паузадан кейін) естіледі, ал II тон – қысқа үзілістен кейін.
I тон II тоннан ұзақырақ – оның ұзақтығы 0,09 – 0,12 сек, ал II тонның ұзақтығы 0,05 – 0,07 сек. I тон II тонға қарағанда төмен.
I тон жүрек ұшы соққысына сәйкес, ал II тон одан кейін естіледі.
I тон жүрек ұшында және төстің семсер тәрізді өсіндісінің түбінде жақсы естіледі. Ал II тон қолқа және өкпе артериясының үстінде күштірек естіледі.
15-билет
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
Анықтамасы:
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс жолдарының дистальді бөлігінің, өкпе паренхимасының зақымдалуымен жəне эмфизема қалыптасуымен жүретін біріншілік созылмалы қабынбалық ауру; ол қайтымды немесе жартылай қайтымды бронхылық обструкцияның дамуымен байланысты ауа ағымының шектелуімен мінезделеді. Тыныс жолдары өтімділігінің төмендеуі үдемелі мінезде жəне өкпенің шаң немесе түтінге, темекіге, атмосфералық ауаның ластануына қабынбалық жауабымен байланысты.
Жіктемесі:
Cтадия 0. ӨСОА қауп стадиясы – созылмалы жөтел жəне қақырықтың түсуі; өкпе функциялары қалыпта. Стадия I. Жеңіл ӨСОА – айқын емес (жеңіл) бронхообструкция (ОФВ1/ЖЕЛ < 70%, но ОФВ1 80 % қалыпты мəннен) жəне бірақ барлық жағдайда созылмалы жөтел, қақырықтың түсуі болмауы мүмкін.
Сстадия II. ӨСОА ауыр дəрежесі – бронхообструкцияның үдеуі (50% ОФВ1<80 % қалыпты мəннен) жəне симптомдардың үдеуі, физикалық жүктемеде ентікпе дамиды.
Стадия III. Ауыр ӨСОА – бронхообструкцияныі əрі қарай үдеуі (30% ОФВ1<50 % қалыпты мəннен), өмір сапасына əсер ететін, ентікпенің үдеуі жəне жиі асқынулар.
Стадия IV. Аса ауыр ӨСОА – ауыр бронхообструкция (ОФВ1<30 % қалыпты мəннен) немесе созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі.
Қауіп-қатерлі факторлар Темекі тарту ӨСОА аса маңызды қауіп қатерлі факторлары болып табылады. Əрі қарай жұмыс орнындағы тозаңдар мен химикаттар (тітіркендіргіш заттар, булар, буланулар), органикалық отындардың жануынан бөлмелердегі ауаның ластануы, қоршаған ауаның ластануы, пассивті темекі тарту, ерте бала жастағы тыныс алу жолдарының инфекциялары, генетикалық бейімділік (темекі тартпайтын 40 жастан кішілерде ауруды альфа1-антитрипсин тапшылығымен байланыстырады).
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез:
- созылмалы жөтел (күн сайын, жиірек күні бойы жалғасады; сирек жағдайда түнде);
- созылмалы қақырық түсу (кез келген созылмалы қақырық түсу ОСОА көрсету мүмкін);
- жіті бронхиттер (көп рет қайталамалы);
- ентікпе (Үдемелі. Тұрақты түрде физикалық жүктеме, тыныс алу жолдарының инфекциясы кезінде);
- қауіп қатерлі факторларға көрсететін анамнез.
Физикалық тексеру:
- форсирленген патологиялық ұзарған тыныс алу соңында аускультация кезінде тыныс жолдарының обструкциясымен шартталған құрғақ сырылдарды тыңдауға болады;
- өкпе эмфиземасы бар науқастарда көкірек клеткасы бөшке тəрізді формада болады, аускультация кезінде əлсіздеген тыныс, ал перкуссия кезінде қораптық дыбыс анықталады;
- гипоксемия кезінде цианоз пайда болады.
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
2. *Ипратропия бромид аэрозоль 100 доза.
3. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
4. *Теофиллин таблетка 200 мг, 300 мг таблетка ретард 350 мг.
5. *Фенотерол аэрозоль 200 доза.
6. *Ипратропий бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.
7. *Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.
8. *Амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг.
9. *Азитромицин 500 мг.
10. *Метронидазол 100 мл, флакон.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% 5 мл ампулада, 10 мл.
2. *Салметерол ингаляция үшін аэрозоль 25 мкг/доза.
3. *Флютиказон аэрозоль 120 доз.
4. *Кларитромицин 500 мг, табл.
5. *Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
12-елі ішектің ойық жара ауруы
Жара ауруы - өршу кезінде жараның асқазанға, он екі елі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан – он екі елі ішек аймағының ауруы.
Аурудың пайда болуына әкелетін факторлар:
Тамақтану сипатымен тәртібінің бұзылуы: жүйелі түрде қатты және өткір тағамды қолдану, асты асығысып ішу немесе құрғақтай жеу, тамақ ішу арасында үлкен үзіліс болуы.
Темекі шегу, ішімдікке құмар болу
Психоэмоцональды күштеме: жеткіліксіз дем алыс және ұйқы, қалыптандырылған жұмыс күні, стресстік жағдайлар.
Физикалық күштеме
Тұқым қуалаушылық және конституциональды фактор.
Асқазан мен 12 елі ішектің шырышты қабатына жағымсыз әсер ететін дәрілік препараттарды ұзақ қабылдау: ацетилсалицил қышқылы, глюкокортикорттар, резерпин, кофеин.
Асқазанның шырышты қабатында паразитерлейтін кампилобактериялар.
Клиникалық формалары:
І. Жараның орнына байланысты:
1. Асқазан жарасы
2. 12-елі ішек жарасы.
3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы.
ІІ. Асқазанның секреторлық қызметіне байланысты:
1. Қышқылдығы қалыпты
2. Қышқылдығы жоғары
3. Қышқылдығы төмен
ІІІ. 1. Асқынған
2. Асқынбаған.