Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11-20_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.66 Кб
Скачать

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагностика  

Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік мен бронх демікпесінің айырмашылығы науқас жағдайының ауырлығы мен аускультациялық көріністерінің арасындағы диссоциацияда (айқын экспираторлы ентікпе мен «мылқау аймақ» жоқ болғанда).  

Өкпенің альвеолярлы ісінуінде өкпенің барлық бетінен əртүрлі калибрлі анық, ылғалды сырылдар, қашықтықтан да естілуі мумкін (бұрқылдаған тыныс).  

Ентікпе кезінде дифференциальды диагностиканы мыналармен жүргізеді:

- спонтанды пневмоторакспен (ентікпе ауыру синдромымен бірге жүргенде);

- орталық ентікпе (бассүйекішілік процесс);

- психогенді ентікпе (тахипноэ);

- стенокардия ұстамасымен.

Емдеу тактикасы

Жедел жəрдем көрсету тактикасы  

ЖСҚЖ-те көрсетілетін жедел жəрдем алгоритмі:  

1. Мұрын катетері арқылы спирттің буымен ингаляция (көпіршік түзілумен күрес). Оттегін берудің бастапқы жылдамдығы ( 96°С этил спирті арқылы) 2-3 л/мин, бірнеше минут ішінде (10-ға дейін). Шырышты қабат газдардың тітіркендіргіш əсеріне үйренгенде, жылдамдықты 9-10 л/мин-на дейін көбейтеді. Ингаляцияны 30-40 мин жалғастырады, 10-15 мин үзіліспен.  

2. «Тыныстық үрейді» наркотикалық анальгетиктермен басу: морфин 1,0 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% хлорид натрийде еріту жəне көк тамырға бөлшектеп енгізу 4-10 мл (немесе 2-5 мг) əрбір 5-15 мин-та ауыру сезімі мен ентікпе басылғанша.  

 

4.Қалыпты артериалық қысым кезінде:

- науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызу;

- нитроглицерин тіл астына (0,5-1 мг), немесе аэрозоль, немесе спрей (0,4-0,8 мг немесе 1-2 доза); немесе к/т 0,1% спирт ерітіндісін 10 мг-ға дейін 100 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісінде тамшылатып, енгізу жылдамдығын 25 мкг/мин эффект болғанша дейін, АҚ-ды бақылау;

- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам;

- диазепам к/т-ға бөлшектеп эффект болғанша дейін немесе жалпы дозасы 10 мг-ға жеткенше.  

5. Артериальды гипертензияда:

- науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызу;

- нитроглицерин таблеткалар (аэрозоль жақсырақ) 0,4-0,5 мг сублингвальды, бір рет;

- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам;

- нитроглицерин к/т 0,1% спирт ерітіндісін 10 мг-ға дейін 100 мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісінде тамшылатып, енгізу жылдамдығын 25 мкг/мин эффект болғанша дейін, АҚ-ды бақылау немесе 30 мг натрий нитропруссиді 300 мл 5% декстроза ерітіндісінде к/т тамшылатып, біртіндеп енгізу жылдамдығын 0,3 мкг/(кгхмин)-нан эффек болғанша дейін жоғарылатып;

- диазепам к/т-ға бөлшектеп эффект болғанша дейін немесе жалпы дозасы 10 мг-ға жеткенше 6. Шамалы гипотензияда (систолалық қысым 75 – 90 мм с.б.);

- науқастың басын көтеріп жатқызу;

- 250 мг допаминді 250 мл изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде, енгізу жылдамдығын 5 мкг/(кгхмин)-нан АҚ қалпына келгенше жоғарылатады;

- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам.  

7. Айқын артериялық гипотензияда:

- науқастың басын көтеріп жатқызу;

- 200 мг допаминді 400 мл 5% декстроза ерітіндісінде к/т тамшылатып, енгізу жылдамдығын 5 мкг/(кгхмин)-нан АҚ минимальді мөлшерде қалпына келгенше;

- артериялық қысым көтерілгенде, өкпе ісінуінің күшеюімен бірге жүргенде – қосымша нитроглицерин к/т тамшылатып, 1% 10 мг спирт ерітіндісін 100 мл изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде, енгізу жылдамдығын 25 мкг/мин-нан АҚ бақылап отырып эффект болғанша дейін;

- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам, тек АҚ қалпына келгеннен кейін.  

8. Организмнің өмірлік маңызды функцияларына монитор жүргізу (кардиомонитор, пульсоксиметр).  

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Этанол 96°С 50 мл, фл.

2. *Оттегі, м3.

3. *Морфин 1% - 1,0 мл, амп.

4. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.

5. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.

6. *Гепарин 5000 ЕД, амп.

7. *Нитроглицерин 0,0005 г, табл.

 Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Декстроза 5% - 400,0, фл.

2. *Пентоксифиллин 2% 5 мл, амп.

3. Нитроглицерин, аэрозоль.  

Ем тиімділігінің индикаторлары:

1. Тері жабындылары ылғалдылығының төмендеуі.

2. Өкпеде ылғалды сырылдардың азаюы немесе жойылуы.

3. Субъективті сезімдердің жақсаруы – ентігудің жəне тұншығудың азаюы.

4. Артериялық қысымның қалпына келуі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]