
- •11 Билет.
- •Несептік синдром
- •2. Созылмалы пиелонефрит
- •Қауіп-қатерлі факторлар
- •Диагностика
- •Дифференциалды диагноз
- •Емдеу тактикасы
- •Госпитализация
- •3. Жүрек және қантамыр жүйесін зерттеу
- •Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
- •Клиникасы
- •Іштің пальпациясы
- •Соқыр ішекті пальпациялау (4.69 сурет).
- •Көлденең тоқ ішекті пальпациялау.
- •Жоғары және төмен өрмелеген тоқ ішек бөліктерін пальпациялау
- •Жүрек аускультациясы келесі тәртіппен орындалады:
- •Жіктемесі
- •Клиникалық көріністері
- •17 Билет
- •Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі сндромдар: Коронарлық жетіспеушілік, Артериалдық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі.
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •3. Анафилактикалық шок. Жедел көмек.
- •Ревмотоидты артрит. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •Жиа. Миокард инфарктісі. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Квинке ісігі. Жедел көмек
- •Артериальды гипертензия. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Созылмалы гепатит. Диагностика. Емдеу принциптері
- •Бүйрек аурулары науқастарын сұрастыру және қарау. Пальпация және перкуссия.Бүйрек ауруларын лабороторлы- аспапты зерттеу тәсілдері.
- •1Анемия диагностикасы емдеу шаралары
- •2 Қант диабеті
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатер факторлары:
- 60-тан асқан жас;
- қайталамалы миокард инфаркты жəне оның дамуының демікпелік нұсқасы;
- анамнезінде қан айналымының бұзылыстары, семіздік, созылмалы аурулар, миокард инфарктының дамуына дейін жиі стенокардия ұстамаларының болуы.
Диагностика
Диагностикалық критерилер
Жіті сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі кезінде:
- ауа жетіспеу сезімімен кенеттен басталуы;
- кейде тұншығуға өтетін, əртүрлі дəрежедегі үдемелі ентігу;
- кейде Чейн-Стокс тынысы (қысқа кезеңді гипервентиляцияның тыныстың тоқтауымен кезектесуі);
- жөтел (басында құрғақ, сонан соң қақырықпен), кейін – көпіршікті қақырық, кейде күлгін түске боялған;
- науқас мəжбүрлі қалыпта отырады (ортопноэ);
- науқас қозған, тынышсыз;
- тері жабындыларының боз жəне ылғалды болуы (суық тер), шырышты қабаттардың цианозы;
- тахикардия (120-150 рет минутына), протодиастолалық шоқырақ ырғағы;
- мойын веналарының ісінуі;
- АҚ-ның қалыпты немесе төмен көрсеткіштері;
- ылғалды сырылдар басында естілмеуі мүмкін немесе өкпенің төменгі бөлігінде аз мөлшерлі майда көпіршікті сырылдар анықталады, ұсақ бронхтардың шырышты қабатының ісінуі бронхообструкция жəне дем шығарудың ұзаруымен, құрғақ сырылдармен, өкпе эмфиземасының көріністерімен көрінуі мүмкін;
- өкпенің альвеолярлы ісінуінде (өкпе ісіну синдромы)- қашықтықта да өкпенің барлық бетінде анық əртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естілуі мүмкін (бұрқылдаған тыныс);
- перкуторлы – жүректің абсолютті тұйықтығының сəл солға қарай ығысуы (сол қарыншаның дилятациясы).
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Ентікпенің алғаш дамуы мен оның сипатын (кенеттен пайда болуы немесе үдемелі өршуі) анықтау, сонымен қатар пайда болу жағдайын (тыныштықта немесе физикалық күш түскенде) білу.
2. Қазіргі жағдайға əкелген симптомдарды анықтау (кеудедегі ауыру сезімі, гипертониялық криз эпизоды).
3. Науқастың қабылдаған дəрі-дəрмектерін жəне оның эффективтілігін анықтау.
4. Анамнез жинау
5. Жалпы жағдайын жəне өмірлік маңызды функцияларды бағалау: есін, тынысы, қан айналымы.
6. Науқастың қалпы: ортопноэ.
7. Визуальді бағалау: тері жабындыларын (боз, ылғалды), акроцианоздың болуы, мойын веналарының жəне кеуденің жоғарғы бөлігі веналарының ісінуі, шеткі ісінулер ( аяқ-қолдың, асцит).
8. Тыныс алу жиілігін (тахипноэ), пульсті (тахикардия немесе кейде брадикардия).
9. АҚҚ-ын өлшеу: САҚ-ның 90 мм с.б. төмен түсуі - шок белгісі; гипотония (миокардтың ауыр зақымдануы кезінде); немесе гипертензия ( ағзаның стресстік жауабы кезінде).
10. Перкуторлы: жүректің абсолютті тұйықтығының солға немесе оңға ұлғаюы (кардиомегалия).
11. Пальпаторлы: жүрек ұшы түрткісінің ығысуы жəне ұлғайған ауыру сезімді бауырдың болуы.
12. Жүрек аускультациясы: протодиастолалық немесе пресистолалық шоқырақ ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу.
13. Өкпе аускультациясы: ылғалды сырылдар.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушіліктің ЭКГ-белгілері:
- I, II, aVL, V5-6 əкетулерде Р тісшесінің екеуленуі жəне амплитудасының ұлғаюы;
- Р тісшесі амплитудасының екінші теріс фазасы ұзақтығының ұлғаюы немесе V1 əкетулерде теріс Р тісінің пайда болуы;
- Теріс немесе екі фазалы РIII;
- Р тісі енінің ұлғаюы – 0.1 с жоғары.
Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)