Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11-20_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.66 Кб
Скачать
  1. Ревмотоидты артрит. Этиология. Клиникалық көрінісі. Диагностика. Емдеу принциптері.

Ревмотоидты артрит деп адам ағзаларындағы дәнекер тіндердің жаппай қабынуын , әсіресе буындардың үдемелі өршіп қабынып, кейін әр түрлі өзгерістерге (дефориация) ұшыратуын айтады.Бұл ауру буындарды коллагенез ауруына тән өзгерістерге ұшыратады. Көбінесе майда буындар (саусактағы), үлкен буындардың ішінде тізе, шынтақ буындар өзгеріске ұшырайды. Буындардың көлемі үлкейп, қапшығы қалыңдап, қозғалысы бәсеңдейді.

Аурудың пайда болу себептеріне жататындар:

  1. Тұқым құалаушылық

  2. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары (вирустар, ретровирустар, қызамық(краснуха) вирусы, цитомегаловирустар т.б.)

  3. Иммунды компонент бұзылыстары

Клиникалық көрінісі. Науқастың пайда болуы көбінесе грипп, баспа ауруларынан кейін шығады. Сол сияқты ауа райының өзгерістеріне, әртүрлі гормональдық өзгерістер де сәкес келуі мүмкін. Негізгі белгісі ол науқастың кіші саусақ буындарының қабынуы, тез арада өзгеріске ұшырап, қисайып ісіп кетуі, кейін қозғалыстан қалуы. Көбінесе құрысып тұруы, бұған ауру қосылады.Бұл жағдай танертенгісін күштірек болады.Науқастың ұйқысы бұзылып, ыстығы көтеріледі; әлсіздік, артық терлегіштік пайда болады. Науқасты көрген кезде буындардың іскені, көлемі үлкейіп, қозғалысының нашарлағаны байқалады. Кейін қозғалтпай қақайып қалады (анкилоз). Қабынудың орналасуы жөніненкөбінесе саусақтардың, сүйектердің жоғарға жағы қабынысқа ұшырайды, 30% ауруларда дистальды буыны, яғни сүйектің төменгі басы қабынады. Тізе мен жамбас буындарының қабынуы 50%

ауруларда кездеседі. Кейде мойын омыртқа майы да қабынысқа ұшырауы мүмкін. Ең бір негізгі белгісі ол буын маңының бұлшық етінің семуі. Бұл кейде өте ерте пайда болады. Науқастың терісі бозарып, қан айналымы нашарлайды. Бұл көрініс әсіресе науқастың алақанынан басталады. 20-23% ауруларда буын маңынан ревматоидты түйіншектер кездеседі.

Диагностикасы. Науқастың қанынан эритроциттердің азайғанын (анемия), лейкоцитттердің көбейгенін, эритроциттердің түну жылдамдығының артқанын байқауға болады. Биохимиялық тексерістерден: альбуминдердің азайып, глобулиндердің көбейгенін, фибриногеннің , С-реактивті белоктың көбейгені анықталады. Иммунологиялық зерттеуде ревмотоидты фактордың табылуы, Т-лимфоциттердің азаюы, айналыстағы иммунды компаненттік клеткалардың көрінуі.

Буындарды рентген әдісімен зерттегенде жіліншілік сүйектердің басының кеуектенуі. Буын араларының құысының кішірейгені, маңайындағы шеміршектердің эрозияға ұшырауы т. с.с. өзгерістер кездеседі.

Емдеу. Емдеу шараларында 1-ші орында дәрі-дәрмектер тұрады. Емдік жаттығулар, физиотерапия, және курорттық емдер қолданылады. Дәрі –дәрмектермен емдегенде нашакорлыққа жетелейтін дәрілерді бермеу керек.

  1. Қабынуға қарсы мына дәрілер беріледі: аспирин, бутадион, реопирин, ибупрофен, напроксен, сургам және т.б.

  2. Кортикостероидтар: преднизалон, кеналог және т.б.

  3. Базистік емдерге жататындар: алтын қосындылары, цитостатиктер, энцефабол т.б.

  4. Иммунодуляторлар: левамизол, Т-активин, гемосорбция, плазмаферез, лазер саулелерін қанға жіберу, жоғарғы қысымды оттегімен емдеу, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]