Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11-20_bilet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.66 Кб
Скачать

Жіктемесі

Созылмалы гастриттi жiктеудiң ер түрлi жолдары бар. Тәжірибелік маңыздылығын ескерсек, гастриттің морфологиялық түpiн (беткейлi, атрофиялық) орналасуын (антралды, фундалды, диффузды), қышқыл және пепсин түзетiн функциясын (қалыпты, көтерiңкi, төмен), даму кезеңі (үдеуi, ремиссия), белгiлi деген этиологиялық себептерiн (мысалы, созылмалы iшiмдiлiк гастрит) көрсeтyiмiз қажет. Сондай-ақ созылмалы гастриттің кейбiр түрлерiн (гигантты гипертрофиялық гастрит, немесе Менетрие ауруы, ригидтi антралды гастрит, т.б.) ерекше бөледi. 

Клиникалық көріністері

Бұл диагноз эндоскопиялық зерттеу арқылы дәлелденеді. Сырқат белгi бермей ұзақ уақыт жүруi мумкін. Диспепсиялық синдром мен эпигастрий аймағының ауыру сезiмi морфологиялық өзгерicтерге сәйкес келуi сирек кездеседi. Кей жағдайларда ауру клиникалық белгілерінсіз-ақ пайда болады. Ол эндоскопия кезінде анықталады. Қышқыл түзгiш функциясы қалыпты немесе көтеріңкі созылмалы гастрит симптомдар, оның ішінде аш қарынға бiлiнетiн, түнде кешiрек байқалатын ауыру сезімі, қышқылмен кекіру, іштің қату белгiлерi анықталады.

Емі

Аурудың жеңіл түрлерінде ем қолданылмайды. Созылмалы гастриттің үдеу кезеңінде емдәмдік тағамдану, симптоматикалық ем, санаторлы-курорттық ем түрлері тағайындалады.

  1. Бронхиалды астма ұстамасы. Бронхиалды астманың негізгі симптомы тұншығу ұстамасы болып табылады. Кесел үдегенде ұстама тұтқиылдан пайда болады, ауа жетпеу сезімі, өкпені қысу туындайды. Сырыл ысқырық түрінде алыстан естіледі, қақырығы аздау жөтел болады. Адам мәжбүрлі кейіпті иеленеді - алға еңкейіп керуеттің шетіне қолын тіреп, ауаны аузымен аулап отырады. Науқас мазасыз, үрейленген болады, түрі бозарып, көгіс таратады.

Сырқаттардың кейбірінде ұстама тез аяқталады, біреулерінде ол бірнеше сағатқа созылады. Мейірбикелік күтім.

Науқастағы ұстамада оны және айналасындағы адамдарды тыныштандыру, қолындағы бар ингаляторды пайдалануға нұсқау беру, дәрігер нұсқаған процедураларды орындау. Сырқаттың бас жағына көбірек жастық қояды, таза ауаның келуін қамтамасыз етеді. Денесін жапқан ауыр көрпешеден босатады.

Науқасқа төмендегідей жедел жәрдем жасалуы тиіс:

-аллергендердің сырттан түсуін тоқтату керек

-науқасты ыңғайлы етіп отырғызып, таза ауа келуін қадағалау

-тез ғана тері астына 0,2-0,3мл 0,1% адреналин, 5%-1,0мл эфедрин ерітінділері енгізіледі.

-ингаляция әдісімен беротек, алупент, вентолин, сальбутамол тсс. басқа да симпатомиметиктермен тыныс алуы қажет

-2,4% 10мл эуфиллин ерітіндісін қанға немесе 2мл бұлшық етке енгізу керек.

-оттегіні беру 130-60%

-жасалған емдер дұрыс нәтиже бермесе глюкокортикоид гормондары -125-250мг гидрокортизон немесе 60-90мг кейде көбірек преднизолон беріледі.

-медицина қызметкерлері науқастың кеудесін уқалап қалыпты тыныс алуына жәрдемдесу керек.

 

17 Билет

  1. Қанайналым мүшелері аурулары кезіндегі сндромдар: Коронарлық жетіспеушілік, Артериалдық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі.

Артериалдық гипертензия -— жүрек-қантамырлары жүйесінің ең кең тараған ауруларының бірі. Оның белгісі - тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялық қысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы көбінесе жүйке жүйесіне ұдайы күш түсуінен, психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы қимылдың аздығынан болады. Гипертония ауруының бастапқы сатысында артериялық қысымның уақытша көтерілуі, оның үстіне бастың оқтын-оқтын ауруы, жүректің жиі соғуы, кейде жүрек тұсының ауруы, желке тұстан ауырлық сезінуі мүмкін. Одан әрі бас айналады, қолдың саусақтары мен аяқ бақайлары ұйып, баста қан тасу сезімі, көз алдында «шіркейлердің ұшып жүруі» байқалғандай болады. Науқас тез шаршайды, ұйқысы бұзылады. Артериалды қысымның уақытша көтерілуі : 130/85 ммсынбағ, 139/89 мм сынап бағанасы бойынша болса, одан жоғары көтерілсе және ұзақ уақыт түспесе жүрекке және ми, бүйрек, көз қантамырларына салмақ түсіріп артериялық гипертония ауруына әкеп соғады.

Гипертония ауруы артериялық қан қысымының көрсеткіші және адамның жай-күйіне байланысты 3 сатыға бөлінеді. Алдымен уақытша көтерілу - 130/85 ммсынбағ – 139/89 ммсынбағ аралығында бағаланады.

I – саты: Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 ммсынбағ аралығында болуы. Адамның ұйқысы бұзылып , шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады. Бұл жағдайлар дұрыс дем алып , тыныштандыратын дәрілерден кейін қалпына түседі.

ІІ – саты : Артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 ммсынбағ аралығында және бас ауру, жүрек айну, жүрек шаншу, бас айналуы мүмкін. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседі. Бұл жағдайда жүрек, ми қан тамырларында өзгерістер пайда болады және қан қысымын төмендететін дәрілер қабылданған соң қалпына келгенімен, тұрақты бір көрсеткіште тұрмайды.

ІІІ – саты: Артериялық қан қысымы 180/110 ммсынбағ - дан бастап және одан жоғары көрсеткіште үнемі болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттері мен қан тамырлары қабырғаларында болған қауіпті өзгерістерге (атеросклероз) байланысты ауытқулар болуы мүмкін. Олар: инсульт (ми қан тамырларының зақымдануы), миокард инфарктісі (жүрек қан тамырларының зақымдануы), бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі (бүйрек қан тамырдарының зақымдануы), соқырлық (көз қан тамырларының зақымдануы).

Гипертония ауруының қауіптілігі көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін білмегендігінде. Сондықтан бір рет қан қысымы көтерілген болса, туыстарында қан қысымы жоғары ауруы болса, жасы 35 - тен асса және артық салмақ болған жағдайда, қант диабетімен ауыратын болса, климакс уақыты болса, темекі шегетін, ішімдік пайдаланатын әдет болса, жүйке жүйесіне артық салмақ түссе және ішкі жай – күйінде жайсыздық болса, осы жағдайлардың бірі байқалса дәрігерге көрініп, қан қысымды өлшету керек. Жалпы 18 жастан 30 жасқа дейін қан қысымын жылына бір рет, 30-дан 45 жасқа дейін жылына екі-үш рет, 50 жастан кейін – қан қысымы жоғары ма, жоқ па, оған қарамастан әр ай сайын өлшетіп тұру керек. Ауруды уақытында анықтау, дер кезінде емдеу аурудың асқынуынан сақтайды.

Гипертония ауруынан адам бір жолата жазылып кету өте қиынға соғады, тек өмір сүру бағытын өзгерту және үнемі дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі қабылдап отыру арқылы ғана қан қысымын бір мөлшерде ұстауға аурудың асқынуынан сақтануға болады. Сондықтан ең бастысы аурудың алдын алу, ол үшін: темекі шегу, ішімдікке салыну сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу. Біздің дастарханымыздағы майлы, ащы, тұзды тағамдардың молдығы шектен тыс семіруге соқтырып қоймай, тамырларымыздың серпінді қызметіне де кері әсерін тигізеді, қан айналымы бұзылады. Әсіресе, гипертензия кезінде ас тұзының мәселесі өте күрделі, мұндай жағдайда ас тұзын дастарханымыздан алып тастау ең бірінші қажеттілік болып табылады. Бірақ басқа сау адамдар да жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін осы қағиданы ұмытпағандары абзал, ал тұзды тағамдарды тек мерекелік дастарханға қойсақ жеткілікті. Адам ағзасындағы тұздың көп болуы бүйрек жұмысына кері әсерін тигізіп, ағзадағы сұйықтықтың сыртқа шығуына кедергі келтіреді, осылайша тамырларымыз бен жүрегімізге артық салмақ салады.

Артық дене салмағы да зиян екенін естен шығармаған жөн. Салмақтың азаюы тек қана артериялық қан қысымын төмендетіп қоймайды, холестерин мөлшерін азайтады және қан тамырларында атеросклероздық өзгерістерді төмендетеді. Мысалы: артық салмақты 5 кг – ға азайтса қан қысымы 5,4/2,4 ммсынбағ-на төмендейді. Сондықтан дене салмағын күнде таңертең өлшеп тұрған артық болмайды. Артық салмақ Кетле индексі бойынша есептеледі. Егер 25 тен жоғары болса артық салмақ, ал 30 дан жоғары болса семіру деп есептеледі. Сонымен бірге, жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер ететін тағамдар да кездеседі. Сондықтан күнделікті тамақтан қантты, тәттілерді, ұн – нан тағамдарын , малдың майын, сары май, майлы етті, қою шай, кофені, қою сорпаны шектеу қажет. Күніне 3 -4 рет тамақтану қажет. Соңғы тамақ ұйқының алдында 2 -3 сағат бұрын, ал ертеңгі тамақ пен кешкі тамақтың арасы 10 сағаттан артық болмауы керек. Тамаққа ас тұзы аз мөлшерде қосылуы керек. Әр адамға күніне 3,5 – 5г ( 1 шай қасық ) тұз жеткілікті.

Майлы ет тағамдарын өсімдік - көкөніс тағамдарына алмастыру қажет. Күніне бес дана көкөніс өнімдерін жеу шетелдерде жақсы көрсеткіштер берген. Жүрек қан тамырларына қажетті калий – магний тұздары бүтін піскен картопта, фасольде, бұршақ, өрік – мейіз, қара өрікте, сұлыда, қызыл қызылшада, қарақатта, сәбіз, асқабақ, алмұрт, апельсинде, тауық етінде, балықта көбірек болады.

Қан қысымын түсіруде алманың да пайдасы бар, қышқыл сорты диабет пен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі. Дәрігерлер күніне екі рет банан жеген қан қысымын төмендетіп, инсульттің дамуына кедергі болады дегенді айтады. Сондай-ақ күніне тек банан ғана жесеңіз, артық салмақтан арылуға да болады. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады. Сүт және майсыздандырылған сүт өнімдерінің де маңызы зор. Адам ағзасына сүт, айран, ірімшік, құрттың шипалық әсері күшті. Гипертонияға шалдыққандар күніне екі рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде бір стақан айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады.

Жүрек кызметінің жеткіліксіздігі жүректің өзінің аурулары кезінде дамиды. Жүрек бір соққанында 60—75 мл қан шығарса, бір минөтте 4,5—5 л, бір тәулікте 7200 л, бір жылда — 263 тонна қан айдайды. Бұл көрсетілгендер қалыпты жағдайда болса, ал ауыр қол жұмысын жасағанда немесе спортпен шұғылданғанда бұлардың барлығы 3—4 еседен астам көбейеді.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мына патогенездік жолдармен дамуы мүмкін:

1. Шамадан тыс артық қызмет атқарудан, жүректің зорығуынан;

2.Миокардтың бірінші бүліністерінен;

3. Перикард қызметінің бұзылыстарынан;

4. Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан;

5. Осы көрсетілгендердін біріккен бұзхылыстарынан.

Миөттік қан көлемін қалыпты жағдайда ұстап тұратын компенсациялық механизмдерге тахикардия жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]