Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zot_emtikhan_90_voprosov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.81 Кб
Скачать
  1. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың процестері

Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға. Ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.

  1. И.С.Якиманская пайымдауы бойынша жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелері

И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:

-          Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;

-          Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;

-          Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.

  1. Е.В.Бондаревскаяның жеке тұлғаға бағытталған оқытуда қажетті 4 компоненті

Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

  1. Тұлғалық -бағдарлы оқыту білім беру мазмұнын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар

-         қоғамның түлекке қойып отырған талабы;

-         таңдалып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сәйкестігі;

-         жұмыстың жүйелілігі;

-         бұл үрдістің тиімділігі ???????????????

  1. Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясы қазіргі білім беру саласына қаншалықты маңызды(өз ойын)

Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылдық даралығын дамыту, баланың бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру білім беру жүйесінің басты бағыттары. Тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясы оыны жзеге асыруға мүмкіндік беретін техналогиялардың бірі болып табылады.

  1. Ойын технологиясының жалпы сипаттамасы

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Ойын технологиясы – оқу–тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі  ойындарды  қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер

Ойын арқылы оқыту технологиясы – балама варианттарды таңдап алу негізінде қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі  ойындарды қолданудың  жүйесі.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]