Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kse2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
436.79 Кб
Скачать

5) Дүниенің ғылыми суреті (нкм) мен ғылыми революцияның тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.

Қоршаған ортаны танып білу үрдісінің арқасында адам санасында төңіректі танып білу нәтижелері білім, дағды, жүрiс тұрыстар, қарым-қатынастар және тәртіптің түрлері ретінде орын алады. Адамның әлемді тану үрдісінің нәтижесінің жиынтығы дүниенің нақты үлгісін немесе суретін құрайды Кеңестік ғылым философиясында (В.С. Степин), үш ғаламдық революцияны атап көрсетеді: XVII-XVIII ғғ. "жаратылыстанудағы классикалық революция"; XIX-XX ғғ. шебіндегі "жаратылыстанудағы классикалық емес революция" және XX ғ. екінші жартысындағы "жаратылыстанудағы постклассикалық емес революция". Бұл кезеңденуге "классикалық  жаратылыстану", "классикалық емес жаратылыстану" және  "постклассикалық емес" (қазіргі замандағы) жаратылыстану сәйкес келеді.Әлем картинасы – нақты ғылымдар және олардың жиынтығы  шеңберінде туындайтын, объективтілік нақтылық туралы жалпы түсінік.  

 "Классикалық  жаратылыстануға дейінгі" кезең  ( XVII ғ. дейін) Әлемнің ғылыми картинасы "макрокосма" (табиғат) және "микрокосма" (адам) өзара байланысына негізделген интеграциялық сипатта болады. Оған сәйкес Жер  Күн жүйесінде орталық орынды иеленетін, геоцентризм басым болады. Объективті әлемнің даму процестерін талдау кезінде циклділік яғни табиғат жүйесінің сол немесе өзге күйлері ауысуының қайталанғыштығы принциптерін пайдалану басым болады. Даму (диалектика) табиғи динамизмнің имманентті принципі ретінде қарастырылады.

"Классикалық жаратылыстану" кезеңі (XVII - XX ғ. басы) Әлемнің ғылыми бейнесі анық белгіленген механикалық  сипатта болады. Гелиоцентризм басымдық құрады, соған сәйкес Күн жер планеталық жүйесінің орталығы ретінде қарастырылады. Қоршаған әлем және оның объектілерінің тауарлығы туралы көзқарасты меңгереді, яғни олардың шығу тектерінің құдайшылдығы, ал әлем жөнге салынған істеп тұрған сағат механизмі ретінде беріледі.

 "Классикалық  емес жаратылыстану" кезеңі ( XX ғ. басы-ортасы)  Әлемнің ғылыми бейнесі аса механикалық түсінігін жояды және жаратылыстану-ғылыми циклдің ("әлемнің физикалық бейнесі", "әлемнің биологиялық бейнесі" және т.б.) нақты пәндерінің дамуымен байланысты, әлемнің жеке ғылыми бейнесі қалыптасады. Салыстырмалылық теориясының ашылуы арнайы да, жалпы да табиғи процестер және құбылыстардың табиғи орталықты көзқарасын меңгеруге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар табиғатты объективті сипаттаудың (ньютондық мағынада) стереотиптері жеңіп алады. Енді сөз табиғаттың картинасы жайында емес, біздің оған деген қатынастарымыздың картинасы жайында болып отыр (В. Гейзенберг).

"Постклассикалық емес (қазіргі замандағы) жаратылыстану" кезеңі  (XX ғ. соңы -XXI ғ. басы).

Әлем картинасы жеке ғылымидан жалпы ғылымиға өтеді. Ғаламдық эволюционизм түсінігі басым болады, соған сәйкес даму объективті нақтылық-тың барлық нысандарының имманентті атрибуты ретінде қарастырады. "Адам – биосфера - ғарыш" қатынасының, олардың өзара байланысында және бірлігінде элементтерді баяндайтын  биосфероцентризм дамиды.

Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады.

Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция; Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

ғылыми революциялардың аумағы; ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі;

жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу;әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы; ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру; ғылым дамуының тарихи кезеңі,

ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция. XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.

Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.

6) Ғылым мен техниканың динамикалық мәселесін талдау Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың , бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. Нышандары дамытып, Г.ГалилейИ.Ньютон,  Э.Торричелли, кейін Д.БернуллиЭ.МариоттЖ.Л.Д’АламберР.А.РеомюрЛ.Эйлер, т.б. ғалымдар тарих-қа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді.  Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық -этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымға қажетті моральдық қасиеттердің негізгілері туралы айтатын болсақ, олар: ғылыми ақиқатты қорғау жолында аянбау, азаматтық батылдық, адамгершіліктік тазалық, адалдық, шыншылдық, жауапкершілік және тағы басқалары.Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі. Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисциплинарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек. Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]