Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kse2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
436.79 Кб
Скачать

1.Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі үрдіс. Бұл үрдіс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. Ғылым – тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Тәсіл дегеніміз – қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.Тәсілдің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Тәсіл туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен қатар, өзіне тән зерттеу тәсілдері бар. Пән мен танымдық тәсіл бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.Ғылыми тәсіл зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден тұрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпирикалық әдістемелер болып бөлінеді.Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мыналарды жатқызуға болады: 1) формальды – зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме – бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.Ал эмперикалық әдістемелерге жататындар: бақылау, сезіну; сипаттау; өлшеу; эксперимент (тәжірибе).Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:

1) анализ - тұтас заттарды толық зерттеу жүргізу үшін жеке құрамдас бөліктерге бөлу;

2) синтез – заттың бұрыннан жіктелген жеке құрамдас бөліктерін бір тұтас жүйеге біріктіру;

3) абстракциялау – зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;4) қорытындылау – нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;5) индукция – жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;6) дедукция – жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;

7) аналогия – объектілердің бір белгілерінің ұқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де ұқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;8) жобалау – объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;

9) классификациялау – барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.

жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз.

Обьективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамды қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.

Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану-қоғамдық өмірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адамзатты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның құрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан. Мұнда заттармен олардың құрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы обьектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады.

Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Қазіргі жаратылыстану принциптері А) көп нұсқаулылық Б ) қосымшалық тәуелділік В) зерттеудің эмпирикалық әдістері Жаратылыстанудың даму кезеңдері. Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай қазіргі жаратылыстану жүйесіне табиғат туралы және ғылымдар мен қатар ежелгі грек натурфилософиясы классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді. Біз өмір сүріп отырған дүние үлкенді-кішілі ашық системалардан табылды және заңдылықтарға бағынады. Қазіргі заманғы дүниенің даму тарихы болған оқиғалардың хронологиясын былай сипаттаған: Бірнеше 100 мың жылдан соң жеңіл элементтердің атомдары 15 млрд жыл бұрын жұлдыздардың бірінші ұрпағы пайда болды ауыр элементтердің атомдарды түзілді. 5 млрд жыл бұрын-Күн пайда болды. 3,8 млрд жыл бұрын-Өсімдіктер пайда болды. 450 млн жыл бұрын-Өсімдіктер пайда болды. 150 млн жыл бұрын-Сүтқоректілер пайда болады.

2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлері. Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар. Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады: 1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау, 2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою; 3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы. Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теорияларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады. Жеке – білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;

Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:ғылыми революциялардың аумағы; ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі; жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу; әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы; ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;ғылым дамуының тарихи кезеңі.Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.

XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғаламдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.

Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық теориясы мен кванттық механиканың шығуымен байланысты.XVIII ғ. аяғында ХІХ басында көптеген ғылым салаларын қамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зерттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюциялық теориясы пайда болды, сонымен қатар палентология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр сияқты ғылымдар дами бастады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:1) Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы; 2) Майер мен Джоульдің энергияның сақталу және айналу заңы;3) Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.

Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен ашқан үлкен жаңалықтар бірінен кейін бірі ашылып жатты:

- 1861 жылы А.М.Бутлеров – органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;

- 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;

- 1869 жылы Л.Х.Ван Гофф пен Дж.Гиббс – химиялық термодинамика заңы;

- 1875 (Дж. К.Максвелл) – жарықтың электромагниттік теориясы. Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал ХІХ ғасырда ол заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды. жаратылыстануда ғылыми диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика – термодинамика, нақты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа салалары – генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.

3) Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бұл орта ғасыр мен жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетінде басымдылыққа ие болды.

Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету құқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сұрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін ХХ ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мұндай көзқарас бұқара халық тұрмақ. Саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. ХХ ғасырдың басында философтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бұл жолдың апатқа бастайтынын ашық айтты. Бұл ХХ ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.

Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену – осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бұндай көзқарас ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы – мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.

Философиялық  негіздемелер – ғылыми ойлау стилін, яғни таным процесінің ерекшелігін қозғайтын өзгерістер.

Әлемді философиялық тұрғыдан түсіндіру: болмыс туралы ілім. Әлем – адамнан тыс өмір сүретін табиғи ортаны бейнелейді. Табиғи процестер мен құбылыстар жеке – жеке емес, бір – бірімен байланыста өмір сүреді. Әлем – біртұтастық, өйткені ондағы жеке элементтер бір – бірімен гравитация күшімен байланысқан. Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардың бірі болып саналады. Ол «бол, «болу» сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен дүниетанымдық «әлем деген не?» сұраққа жауап беруге болады. «Болмыс» туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид болмыс дегеніміз – бұл тірлік, одан басқа еш нәрсе емес – деп үйретті. Болмыс жақсы, жаман жақтары бар толтырылған, қозғалмайтын шар іспеттес. Гераклит болмыс қарама – қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір – бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған. Онда от пен су, жылулық пен суықтық бар. Дүниедегі барлық нәрсенің негізі күрес, өйткені одан әлемдегі тамаша гармония туындайды. Болмыс үнемі дамуда, ұдайы қозғалыста. Демокрит болмыстың алғашқы негізі атом деп көрсетті.Діни дүниетаным үстемдік еткен орта ғасырлар дәуірінде, болмыс – құдай жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, жетілдірілген реалдылық деп көрсетілген (Әулие Августин, Фома Аквинский).Орыстың діни философиясы болмыс мәселесін зерттеуде христиан дінінің, Платон, Гегель, Шеллинг философиясының идеяларына сүйенеді. Болмыс – рухани құбылыс. Онда хаоспен қатар гармония да, зұлымдылық пен қатар ізгіліке бар.Қазақ халқының «сұм дүние», «опасыз дүние», «жалған дүние» деген байырғы ұғымдарында да болмыс туралы пікір қорытылған. Келтірілген түсініктерді жинақтап, болмыс дегеніміз дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұғым деп анықтауымызға болады.Ол шексіз көп материалдық пен рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді. Қысқаша айтсақ, барлық бар нәрсе – болмыс, яғни ол заттар мен руханилық әлемі, өтпелі мен мәңгілік. Философиядағы бұл ұғым өте кең мағынада қолданылады, ол пайда болған, әлі де пайда болатын барлық құбылыстарды білдіреді. Болмыс – адам өмір сүретін әлем. Оның тылсым сыры танымның ғылыми және ғылымнан тыс әдістерінің көмегімен ашыла береді.Руханилық – бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді. Физика, биология, антропология, социологияның зерттеу объектілері бола отырып, бір – бірімен тығыз байланыста. Әлемді философиялық тұрғыдан түсіндіру: материя туралы ілім.Материя – ұғымы философиялық материализмнің негізгі іргетасы. Ол әлем мен адамды табиғи себептерге сүйене отырып зерттеудің ұзақ тәжірибесінен туындаған.Материя жөніндегі алғашқы пікірлер дүниенің біртұтас негізін түсіндіре бастаған көне дүние философтарының балаң ізденістерінде кездесіп отырды. Мәселен, Фалес дүниенің негізін – су, Гераклит – от, Демокрит – атом деп қарастырған. Ал Эмпедокл әлемнің түп негізі – төрт элементтен – судан, жерден, ауадан және оттан тұрады деген.Аристотельдің пайымдауынша, материя – бұл мүмкіндіктегі болмыс. Нақты заттар осы болмысқа форманың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Материяның басқа жағдайға көшуін Аристотель – қозғалыс, процесс («кинесис») деп атаған.Қайта өркендеу дәуірінде материя физикалық денелердің жиынтығы деп қаралып, онда заттардың әртүрі жекелендірілді.  XIX ғасырдың ортасында адам мен басқа тірі табиғаттың бірлігін түсіндіретін Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы пайда болды, 1986 ж. Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады. Радий элементі (В.Рентген), электрон (У.Томсон), табиғи радиоактивтілік (А.Беккерель) ашылды. 1916 жылы А.Эйнштейн қозғалыстың, уақыт пен кеңістіктің байланысын көрсететін жалпы салыстырмалық теорияны ұсынды.Яғни, материя дегеніміз – біздің сана – сезімізден тыс өмір суретін реалдылық. Ол адамнан, адамзаттан тыс өмір сүреді. Әлемді ешкім жасаған жоқ, ол болған және бола бермек. Әлем шексіз, шетсіз, ол көпжақты, көп қырлы, оның әр түрлі қасиеттері, ерекшеліктері бар. Әлемнің шексіздігі – ондағы процестер мен құбылыстардың ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Материалдық әлемнің басы, соңы жоқ, ол ұдайы даму, ұдайы өзгеру, ұдайы қалыптасу үстінде. Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді.

Әлемнің даму заңдылықтары: диалектиканың негізгі заңдары..Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым – қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз – мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.Диалектика әлем үлгісін өзгертіп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір – бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады.Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша, диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өтемаңыздыұғымдар.Объективті диалектика дегеніміз - әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнелеуінен субъективтік диалектика туындайды. әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгер.

4) Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдерін талдау.Қазіргі жаратылыстанудың негізгі сипаттық белгілері.Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Қазіргі жаратылыстануды Табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы деп қана емес, құрауыштары (жаратылыстық ғылымдар) бір – бірімен соншалықты тығыз байланысқан, бір – бірінен шығатын, нағыз біртұтастықты көрсететін бірыңғай жүйе ретінде түсінуге болады. Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Ғылымның күрделі шығармашылық іс деп саналуының бір себебі сол,онда тәжірибеден теорияға көшетін бір өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы - салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы. Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс – тәсілдері, яғни ғылыми әдіс шешуші роль атқарады. ХVІІ ғасырда яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір – біріне қарама – қарсы екі методологиялық программасын: эмпириктік және рационалистік әдістерін тұжырымдады. Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи үлкен ролі атқарады. Қазіргі жаратылыстану принциптері А) көп нұсқаулылы Б ) қосымшалық тәуелділік В) зерттеудің эмпирикалық әдістері Теориялық әдістер(байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу) Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын тәсілдері Анализ – бұл мағлұмат процедурасы ой немесе реалды бөлшектеу, обьектті жеке элементтерге бөліп оларды жүйелі қасиетін және қатынасын табу. Синтез – бұл операция анализде зерттеліп жатқан элементтерді бір тұтас бүтінге біріктіру. Қазіргі кезде ғылымда 15 мыңға жуық пәндер бар, ол ғылымның дамуының бастапқы кезеңінде саны 20 – ға жетпейтін. Ғылымның дамуында қазіргі этанымда зерттеліп жатқан шындықты нақтылау және ғылыми мағлұматтың өсуі дифференциялануымен бірге ұсақ бөлімдерге бөліп жатыр. Жаратылыстану пәндерінің ішінде аралық пәндер пайда бола бастады. Жартылыстануда жалпы методологиялық функцияларды орындайтын теорияларды жасау. Жаратылыстанудың дамуында дифференция және интеграция процестері өзара жоққа шығару емес, ал бір – бірін толықтырып отыратын тенденция. 

  1. Жаратылыстанудың даму кезеңдері. Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай қазіргі жаратылыстану жүйесіне табиғат туралы және ғылымдар мен қатар ежелгі грек натурфилософиясы классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді. Біз өмір сүріп отырған дүние үлкенді-кішілі ашық системалардан табылды және заңдылықтарға бағынады. Қазіргі заманғы дүниенің даму тарихы болған оқиғалардың хронологиясын былай сипаттаған: Бірнеше 100 мың жылдан соң жеңіл элементтердің атомдары

  2. 15 млрд жыл бұрын жұлдыздардың бірінші ұрпағы пайда болды ауыр элементтердің атомдарды түзілді.

  3. 5 млрд жыл бұрын-Күн пайда болды. 3,8 млрд жыл бұрын-Өсімдіктер пайда болды. 450 млн жыл бұрын-Өсімдіктер пайда болды. 150 млн жыл бұрын-Сүтқоректілер пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]