Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 Методичка НОЗК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Тәжірбиелік жұмыс №8 Жерге орналастырудың мәні және құқықтық негіздері

Жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жөне қүқықтық негіздері техникалық, бірінші кезекте, геодезиялық әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық техника көптен бері жерге орналастыру жобалары мен схемалардың план-картографиялық негізін жасауға, ал жобалау аяқтал- ғаннан кейін оларды жер бетіне түсіруге қолданылды.

Ол арқылы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс-қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі. Бұл:

- план - картографиялық негізді таңдау жөне оның дәлдігін бағалау;

- іздестіру жөне топографиялық-геодезияльіқ жұмыстарды жүргізу жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;

- план-картографиялық материалдарды жасау дәлдігі;

- жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жобалау және жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;

- жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс-қимылдар.

План-картографиялық негіздің таңдалуьі жобалау жұмыстарының түрлері мен жобалау көлеміне байланысты. Мысалы, облыстық және аудандық жерге ораналастыру схемаларын, ал кей кезде шаруашы- лықаралық жерге орналастыру жобаларын жасағанда көбінесе 1:100000 және 1:50000 масштабтағы пландар пайдаланылады. Ішкі-шаруашылық жерге орналастыру жобаларының масштабы жер пайдаланушылықтың көлеміне тікелей байланысты, соңғысы а.ш. кәсіпорнының маманданды- рылуымен себептеледі.Дала аймақтарындағы жер пайдаланушылықтардың ауданы 15-50 мың га аралығында. Бұнда көбінесе 1: 25000, шөл жөне шөлейт аймақтарындағы 50-150мың гектарлық жер пайдаланушылықтарда -1:50000, суармалы егіншілік аймақтарында(2-10 мыңга) -1:10000 масштабтағы план-картографиялық материалдар қолданылады. Елді мекендердің территориясын реттестіру жөніндегі жобалар 1:5000 немесе 1:2000 масштабта жасалады.

Іздестіру жөне топографиялық - геодезиялық жұмыстар ведомстволық нұсқаулар бойынша жүргізіледі. Соңғыларында бұл жүмыстарды жүргізу реттілігі, жер ауданының бір гектарына алынатын үлгілер мен өлшемдер саны, топырақ контурларын картаға түсіру дәлдігі жөне басқалары көрсетіледі. Нәтижесінде, жобалық шешімдердің негізі болып табылатын, белгілі бір масштабтағы топырақ, геоботаникалық, топографиялық карталарда контурлар мен межелерді бейнелеу дәлдігі қамтамасыз етілуге тиісті. Тым толық және нақты план-картографиялық материалдарды жасау зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы мен уақыт көлемін едәуір көбейтеді. Жерге орналастыруда қолданылатын план-картографиялық жұмыстар аэрофототүсіру жөне жер бетінде түсіру жүмыстарының нәтижесінде әзірленеді.

Жерге орналастыру жобаларын жасағанда жөне жер кадастрын жүргізген де негізгі картографиялық материалдар болып табылатын топографиялық пландар аэрофототүсіру әдістері арқылы алынады. Бұл пландар толықтығы мен нақтылыгына қарағанда жерге орналастырулық жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.

Аэрофотосуреттер, фотопланшеттер жөне басқа осы тәріздес мате- риалдар дайындық жөне зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ аумақта рекогносңировка жүргізу барысында пайдаланылады.

Шағын жер учаскелеріне мензулдық, теодолиттік немесе тахео- метриялық түсіру арқылы пландар жасалады, өйткені бұнда аэрофо тотүсіру өдістерін қолдану тиімсіз.

Топографиялық пландар, аэрофотосүреттер мен фотопланшеттер ауқымды территорияларды (100 кмі астам) алатын жобалық жұмыстарды жүргізгенде пайдаланылады. Жер бетінде түсіру әдістері көбінесе шағын ауданды, қаржы мен еңбекті мол талап ететін объектілерде (гидротехникалық, табиғат қорғау, эрозияға қарсы бағытталған) қолданылады.

Жерге орналастырулық жобалау нөтижесінде жобалық планда қажетті дәлдікпен, экономикалық түрғыдан негізделген учаскелердің аудандары мен межелері графикалық түрде көрсетіледі.

Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынадай жобалау тәсілдері қолданылады:

- аналитикалық (координаттар бойынша);

- графикалық (планда сызықтық өлшемдер арқылы);

- механикалық (планиметр арқылы).

Аналитикалық жобалау төсілі арқылы есептелген аудандардың салыстырмалы қателіктері 1/2000 шамасында, ал механикалық жобалауда -1/300 болуы мүмкін.

Жобаны жер бетіне түсіргенде мынадай әдістер пайдаланылады:

- өлшеу әдісі (арнайы қүралдар арқылы);

- бұрыш өлшеу тәсілі (теодолит жөне т.б. арқылы);

- графикалық - мензула өдісі.

Аналитикалық жобалау барысында жасалған тексеру өлшемдер мен сызықтарды өлшеу әдісі арқылы жер бетіне түсіру айырмашылығы 1/1500 аспауға тиісті.

Мензула арқылы жобалық нүктелерді жер бетіне түсіру дәлдігі оларды планда көрсету дөлдігіне сөйкес 0,4 мм тең болуға тиісті.

Қазіргі кезде геодезиялық жүмыстарды жүргізу барысында, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері ескерілген өлшеу аспаптары мен құралдары, соңгы үлгідегі компьютерлер мен аэрофото және аэроғарьпптық әдістер мен материалдар кең қолдануда.

Қорыта келгенде, техникалық өдістер арқылы жерге орналастыру іс-қимылдары, олардың қүқықтық, өлеуметтік-экономикалық және экологиялық мөні іс жүзінде жүзеге асырылады.

Жерге орналастыруды жобалау жұмыстарын бастамас алдын қажетті зерттеулер мен іздестірулерді жүргізеді. Оларға: топографо- геодезиялық, топырақтық, топырақтық- зрозиялық, геоботаникалық, су шаруашылықтық, жол, жерге орналастыру және т.б.жатады.

Зерттеу және іздестіру материалдары және де жер кадастрлық жұмыстар жобалау барысында кең қолданылады.

Соңғы жылдары жерге орналастыру жобасынан алдын жерлерді аймақтау және блыстық, аудандық жерге орналастыру схемасын өңдеу жүргізіледі. Олардың негізгі міндеті- ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа салаларын келешекте дамыту үшін жер ресурстарын пайдалану және оны қорғаудың ең тиімді бағытын анықтау. Бұндай схема келесі негізгі мәселелерді шешуден тұрады:

- халық шаруашылық салаларының келешектегі дамуына сәйкес жерлерді санаттар арасында бөліп тарату;

- ауыл шаруашылық өнімін өндіруді жоғарлату жөніндегі ұсыныстар;

-ауыл шаруашылық өндірісін орналастыру және мамандандыру бойынша ұсыныстар;

-ауданда келешекте күтілетін жерге шаруашылық етудің көп түрлі формалары мен көп салалы экономиканы ескеріп тұрғындарды орналастыру және аумағын ұйымдастыру бойынша болжамдық белгілер;

-жерді қорғау шаралары;

-ауданда жерді тиімді пайдалану және қорғау бойынша белгіленген шараларды жүзеге асыру кезектілігі мен экономикалық тиімділігі.

Әсіресе, әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасы нақты өңделеді. Онда жерге орналастырудың көптеген түпкілікті мәселелері нақты шешімін табады, онда келешекте шаруашылық аралық, шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастырудың инженерлік жобаларын, сондай ақ мелиорация, ауыл елді мекенді жоспарлау, жол құрылысы және т.б. құру үшін негіз болады.

Жерге орналастыру схемасында жерді пайдалану мен елді мекендерді, өндірістік және басқа кешендерді орналастыру өзара байланысы ескеріледі.

Сонымен, кез келген жоба құрушы жоба жасамастан алдын шешетін мәселені түпкілікті салалық және кешендік схемаларда, жерге орналастыру схемасында, басқа болжамдау және жоспарлау жобалық өңдеулерде оған тікелей немесе жанама қатынасы бар болса үйренуі керек.

Жерге орналастыру жобалардың көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, әр түрлілігімен және формаларымен анықталады, жерді пайлалану қарқындылығына және ауыл шаруашылық өндірісінің интенсификациясы деңгейіне, аумағын орналастырудың кеңістік жағдайына, сала аралық масштабтағы қойылған мәселелеріне байланысты болады. Бәрінен бұрын жобалар үлкен үш топқа бөлінеді, жерге орналастыру түрлеріне сәйкес- шаруашылық аралық, шаруашылық жерін орналастыру және учаскелік.

Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі - әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.

Жерге орналастыру құрамында оның тек екі түрін белгілегенде жер категориялары мен жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны толық қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері халық шаруашылығы салалары мен әкімшілік-территориялық бірліктерге, ал кейбіреулері тек жеке кәсіпорындарға қатысты.

Қазіргі жерге орналастыру сала аралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге орналастыру құрамында сала аралық (САЖО) жерге орналастыру түріның белгіленіп отыр. Сала аралық жерге орналастыру арқылы жер қорының категорияларға бөлінуі, соңғыларының көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының (осылардың қатарында аудандың әкімшілік жанындағылары мен оралмандарға арналғандары) құрылуы, елді мекендердің, басқаша айтқанда, ішінде жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтар орналасқан агромелиорация шептерінің жүргізілуі жүзеге асырылады. Елді мекеннің жер массиві мен межелері әкімшілік-территориялық бірлік немесе ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Сала аралық жерге орналастыруға облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу, тіпті мемлекеттік шекараны делимитациялау жөне демаркациялау жөніндегі іс-қимылдар жатады.

Жерге орналастырудың екінші түрі – шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шарауашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң түлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.

Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алқап түрінің шеңберінде жүргізіледі. Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:

1-ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;

2-бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);

3-жаңа жерлерді игеру;

4-мәдени-техникалық шараларды жүргізу;

5-эрозияга қарсы шараларды жобалау;

6-мелиоративтік шараларды жоспарлау.

Жерге орналастыру процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:

1) Жобаны жасаудың алдынан дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай 6ip қатар ic-қимылдар өнеді:

- жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;

- жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, план- картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;

- кәсіпорындардың шаруааралық байланыстары;

- инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;

- жер мен табигатты коргау женшдеп талаптар;

- жобалық құжаттардың құрамы;

- жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ТЕХНИКАСЫ

а) Салааралық жерге орналастыру (САЖО)

Түр тармақтары

Жерді жер қоры санаттары бойынша бөлу:

1)а.-ш жерлер;

2) елді мекен жерлері;

3) өндіріс, транспорт, байланыс,

қорғаныс және а.ш. жатпайтын жерлер;

4) ерекше қорғалатын табиғи

территория;

5) орман қоры;

6) су қоры;

7) босалқы жерлер

Жерді тиімді пайдалану және қорғау республикалық аймақтық бағдарлама

сын құру, аудандық жерге орналастырсхемаларын және болжамдарын құру

Елді мекендердің шегараларын белгілеу және жер-шаруашылық орналастыру:

- қалаларды;

- поселкелер және аудан орталықтары

- ауылдарды және селолық елді мекендерді

Әкімшілік территориялардың шекараларанықтау:

- облыстар;

- аудандар;

- село округі

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар шекараларын анықтау:

қорықтар;

- ұлттық парктер;

- ұлы қайраткерлер мекендерінің;

сауықтыру территориялары;

рекреациондық территориялар.

Мемлекет-тік шекара делими-

тациялау және демарка циялау

б) Шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО)

Түрлері

Ауылшаруашылық қажеттіліктерге

Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге

Арнайы қорлар жер бөлу және оларды тарату

Жаңа жер иеліктерін және жер пайдалануларды құру

жер иеліктерін және жер пайдалануларды қайтадан құру және реттестіру

Жер бөліп беру және жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру

Ф О Р М АЛАРЫ

Ф О Р М АЛАРЫ

Жеке меншікке

Тұрақты пайдалануға

Жалға

Мемлекеттік қажеттілікке

Мемлекеттік емес қажеттілікке

ШҚ(Ф)Ш

ЖҮ(ҮҚ)Ш

Еншілес мекеме

Қызмет

жер үлесі

Заңды тұлға

Жеке азамат

Ф О Р М АЛАРЫ

Ф О Р М АЛАРЫ

Ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын әртүрлі мамандықтардағы шаруашылықтар

Тау кен қажетті

Өндірістіқажеттік

Энергети-калық

қажеттілік

в) Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО)

ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ Ф О Р М АЛАРЫ

Астық-мал өсіру шаруа

шылығы

Астық-қой өсіру шаруа

шылығы

Астық-шошқа өсіру шаруашылығы

Мақта өндіру шаруашы

лығы

Күріш өндіру шаруа-

лығы

Қызылша

өндіру шаруа-

лығы

Жеміс-жидек өндіру шаруа-

лығы

Бас-қала-

ры

ЖЕРДІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ОНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ФОРМАЛАРЫ

Шаруа қожалықтары

(фермерлік шаруашылықтар)

Мемлекеттік заңдық тұлғалар

Мемлекеттік емес заңдық тұлғалар (ӨК, АҚ, т.б.)

Жал

Жобалау тапсырмасы және далалық зерттеу актісі мен сызбасы дайьшдық жұмыстарының қорытындысы болып табылады.

Дайьшдық жұмыстардан кейінгі кезең - жобалау. Бұл жерге орналастыру процесінің ең жауапты және күрделі құрамдас бөлігі. Оның нәтижесінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты негізделген жоба жасалуға тиісті.

Соңғысыньң мазмұны мен құрамы шаруашылық аралық жерге орналастырудың типіне, алдына қойылған мақсат-міндеттеріне тікелей байланысты. Сондықтан жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да елеулі. Дегенмен, жобалардың кайсысы болса да графикалық белгілі (жобалық план мен баска қажетті сызбалар) мен түсініктемеден тұрады. Соңғысы жобаны экономикалық және құқықтық тұрғыдан негіздеу материалдарын қамтиды. Жалпы алғанда, жобада қағида бойынша мынандай мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және межелерін жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.

Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделуге тиісті. Қабылданған жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Осы мақсатпен 6ip қатар экономикалық және техника-экономикалық көрсеткіштер есептеледі. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бұл көрсеткіштер салыстырыла отырып ең тиімдісі тандалады.

Үшінші кезең шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құқықтық турғыдан ресімдеуді оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.

Алдынан жоба әрбір жерге орналастыруға тартылған шаруашылықтарда өндірістік кеңестс (немесе еөкілдер жиналысында) қаралады. Сонан соң ол аудандың әкімшілігіне бекітілуге жібершеді. Егерде бұл органның өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба ауыл шаруашылық Министрлігінде қаралып Министрлер кабинетінде бекіледі.

Бекітілген жоба нақты мәніне шығарылады. Бұл кезенің мәні жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің жобалық мәндерін нақты мәндеріне шығарып, арнайы белгілермен бекіту. Соңғылары темірбетон, ағаш немесе басқа матсриалдардан жасалуы мүмкін. Белгілердің ара қашықтықтары 2000м аспауға тиісті. Ашық жерлерде меже жалпақтығы 20см аралықтармен көрсетіледі. Жобаны нақты мәніне шығару үшін жұмыс сызбасы жасалады. Жер иеленушілердің (жер пайдаланушылардың) межелері мемлекеттік геодезиялық торабымен байланыстырылады. Жобаны нақты мәніне шығару шаруашылық өкілдерінің қатысуымен жобалау институтының мамандары орындайды. Бұның нәтижесінде межелерді сипатгайтын хаттама мен сызба жасалады.

Соңында шаруашылыққа (кәсіпорынына) жерді иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін мемлекетік Акт тапсырылады.

Бақылау сұрақтары:

1.Жер ресурстарын басқару жөніндегі территориялық органдардың құрылымы.

2.ҚР жер ресурстарын басқару міндеттері мен мазмұны.

3.Жерге орналастыру жұмыстарының өндірістік және құқықтық процесі,оның стадиялары.

4.Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының өндірістік процесі.

5.Жер мониторингі және мемлекеттік бақылау ұғымдары,олардың мазмұны.