- •Тәжірбиелік жұмыс №1 Табиғаттық ресурс және өндіріс құралы ретінде жер туралы ғылым
- •Тәжірбиелік жұмыс №2
- •Тәжірбиелік жұмыс №3
- •Тәжірбиелік жұмыс №4 Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретіндегі ерекшеліктері
- •Тәжірбиелік жұмыс №5 Ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаты
- •Тәжірбиелік жұмыс №6 Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- •Тәжірбиелік жұмыс №7 Жерге орналастырудың түсінігі, объектісі
- •Тәжірбиелік жұмыс №8 Жерге орналастырудың мәні және құқықтық негіздері
- •Тәжірбиелік жұмыс №9 Жерге орналастыру техникасы
- •Тәжірбиелік жұмыс № 10 Жерге орналастырудың құрылымы және принциптері
- •Тәжірбиелік жұмыс №11 Жерге орналастыру факторларының өзара байланысы және оларды жерге орналастыру мәселесін шешуде ескеру
Тәжірбиелік жұмыс №2
Жер - өндірістің жалпы құралы және ауылшаруашылық өндірісінің ең негізгі құралы
Табиғи ортаға, сонымен бірге жерге, нақты ықпал қоғамдық өндіріс щеңберінде жасалады. Бүкіл адаммзат қоғамының өмір сүруі мен дамуы жермен байланысты және түптеп келгенде, адам мен жердің өзара әрекеттестігіне саяды. Еңбек адамның материалдық құндылықтарды жасау жөніндегі іс‑әрекеттері, ал жер осы еңбектің территориялық негізі ретінде жоғарыда аталған әрекеттестіктің міндетті түрде болатын құрам бөлшегі болып табылады. Еңбек процесінде адам өзі мен жердің арасындағы орын алатын зат алмасуын реттеп және қадағалап отырады. Демек, жер оның жұмыс орны болып, еңбегіне әрекет саласы ретінде қызмет етеді.
Тұтыну құндылығының қайсысы болса да, ол екі элементтердің –жер (табиғат заты) мен еңбектің қосындысы болып табылады. Қоғамдық өндірістің экономикалық факторы ретінде жер –жалпы еңбек заты. Ол еңбектің нәтижесі емес, демек адамның қатысынсыз пайда болған табиғат сыйы.
Сонымен қатар, экономиканың қай саласы болса да, жер өндіріс орналастырылатын және жүргізілетін жалпы еңбек құралы болып табылады. Өндіріс барысында нақтылы және затталған еңбекпен қосыла отырып, ол өндіріс құралына айналады.
Жердің қоғамдық өндірістегі ролін асыра бағалау өте қиын. Қоғамдық өндірістің екі қырының –өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының дамуында оның маңызы орасан зор. Елдің ұлттық қорының құрам бөлшегі ретінде, жер мемлекеттің аса күрделі басқару тетігінің бірі болып табылады.
Оның өндіріс процесіне әсер етуі жалпы сипатқа ие болуда. Бәріне мәлім, жерсіз ғимарат немесе құрылыс салуға, ешқандай материалдық құндылықтың өндірілуін ұйымдастыру мүмкін емес. Өндірістік және өндірістік емес салаларда еңбек процесі әрқашанда территориялық негіз ролін атқаратын жерден басталады. Жер осындай рольді өндірістің қай саласында болса да –өнеркәсіп, көлік, энергетика құрылыс және ауыл шаруашылығы, сонымен бірге өндірістік емес салаларда да атқарады.
Бірақ та ауыл шаруашылығында жердің маңызы ерекше. Экономиканың тек осы саласы мен орман шаруашылығында еңбек нәтижесінде елеулі түрде жердің сапасынан, ланшафттың кеңістік қасиеттерінен, әсіресе топырақ жамылғысының сапасынан тәуелді.
Жердің еңбек процесіндегі ролін айқындай отырып мынадай тұжырым жасауға болады –материалдық құндылықтар мен тіршілікке қажетті заттарды өндіруге керекті бүкіл еңбек құралдарын үш топқа бөлуге болады:
1) жер (жер ресурстары);
2) жылжымалы;
3) жермен үзілмес байланыстағы құралдар.
Бірақ та жердің функциялау заңдылықтары халық шаруашылығының әр түрлі салаларында бірдей емес.
Жер өнімді жасауға тікелей қатыспағанымен, онсыз өндіріс процесі мүмкін емес.
Жер, ауа мен су сияқты өндірістің жалпы шарты болып табылады. Дәл осыған байланысты және еңбек құралы мен заты ретінде, ол өндіріс құралы болып табылады. Осы жағдай жөнінде К.Маркс:
«...Жалпы мағынада еңбек процесінің құралдарына барлық, өндірісті жүргізуге қажетті материалдық жағдайлар жатады» ‑деген. Оның пайымдауынша, бұл жағдайлар өндіріс процесіне тікелей кірмегенімен, оларсыз, аталған процесс мүлде мүмкін емес немесе жетілмеген түрде жүзеге асырылады. Осындай еңбектің материалдық жағдайлары болып жер табылады, өйткені ол «жұмысшыға lokus standi (тұрған орынын), ал еңбек процесіне field employment (іс‑әрекет кеңістігін) қамтамасыз етеді».
Жер еңбек процесінің ең соңғы нәтижесіне бірдей әсер етпейді. Өзінің халық шаруашылығындағы (өндіріс және өндірістік емес саладағы) экономикалық және функционалдық мақсатталғандығына қарай, жер әр түрлі роль атқарады:
1) басты өндіріс құралы;
2) өндірістің кеңістік базисі;
3) ерекше минералдық –шикізат ресурстарының қоймасы;
4) типті және сирек кездесетін реликт ладшафттары.
Бірінші жағдайда ол еңбектің жалпы заты және құралы болып табылады. Еңбек құралы ретінде жер еңбек процесіне тікелей қатыса отырып, нақты және затқа айналған еңбектің арасындағы өткіізгіш ролін атқарады. Демек еңбек процесі, оның нәтижелері елеулі түрде топырақтың сипаттамасы мен құнарлылығына, жердің басқа кеңістік қасиеттеріне (бедерінен, табиғи өсімдігінен, гидрографиялық жағдайларынан, ландшафттан және т.б.) тәуелді.
Екінші жағдайда жер өндірістің материалдық шарты, еңбек орны болып табылады. Бірақта, бұнда еңбек процесі, оның нәтижелері, топырақ құнарлылығымен себептелмейді, тек ландшафт жағдайлары ғана белгілі мөлшерде әсер етуіі мүмкін.
Үшінші жағдайда жердің ролі едәуір арта түседі, өйткені қазып шығаратын өнеркәсібінде жер операциялық базисімен қатар бағалы тұтыну құндылықтарының, қоғамдық байлықтың қайнары болып табылатын пайдалы қазбалар қоймасы ретінде қолданылады.
Төртінші жағдайда жер әр түрлі аспектілерде белгілі бір роль атқарады. Мысалы, ғылыми, мәдени, экологиялық, тарихи, сонымен бірге сауықтыру маңызы бар геологиялық құрылымдар мен басқа да табиғи кешендер түрінде.
Енді жерді ауылшаруашылық өндірістің басты құралы ретінде нақты қарап өтейік.
Жоғарыда айтылғандай, ауыл шаруашылығында өндіріс процесі жерді өңдеумен, топырақ қыртысының құнарлылығымен, табиғи биологиялық процестермен тікелей байланысты. Диқанның еңбегі және топырақ құнарлылығы жоғары деңгейде ауылшаруашылық өнімнің сапасы мен көлемін себептейді. Дәлірек айтқанда, өсімдіктердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын физика‑химиялық қасиеттерге ие топырақ қыртысы, демек оның құнарлылық күші, жерді ауылшаруашылық, сонымен қатар орман‑шаруашылық өндірісінің басты құралы екендігін дәлелдейді.
Ауылшаруашылық, сол сияқты орманшаруашылық өндірісінде экономикалық ұдайы өндіріс процесі табиғи процеспен тығыз аралас. Өнеркәсіп және басқа салаларда еңбек нәтижесі жұмсалған еңбек пен затқа айналдырылған еңбектің, пайдаланылған шикізат пен жартылай фабрикаттың көлеміне байланысты. Ауылшаруашылық өндірісінде еңбек нәтижесі тек аталған факторлардан тәуелді емес. Ғылыми‑техникалық прогрестің (ҒТП) жетістіктеріне, жаңа технологиялар мен материалдарының қолданылуына қарамастан ол әлі де елеулі түрде табиғи факторлардан тәуелді.
Адам тіршілігінің аса көне саласы егіншілік әрқашанда табиғаттың өндіргіш күштеріне негізделген. Қазіргі ауыл шаруашылығы, «Адам –жер –машина» жүйесінде өлшемсіз зор мүмкіншілігіне қарамастан, қажетті биологиялық массаны алу үшін, бірінші кезекте, жер мен тірі табиғаттағы жаратылыс заттар айналымын пайдаланады. Ол әлі де белгілі бір деңгейде аймақтың макро және микроклиматынан, ландшафттан, жердің кеңістік қасиеттерінен тәуелді. Аталған жүйеде аса маңызды рольді, тіршілік әрекеті топырақсыз болмайтын өсімдіктер атқарады. Өзі кезегінде топырақ адам ықпалына аса бейімді табиғи заттардың бірі.
Осы ықпалдың табыстылығы табиғи және өндірістік заттар алмасуының заңдылықтарын танып білу деңгейіне байланысты.
Адам жерді өңдей отырып, топырақтың жаратылыс қасиеттері мен табиғи құнарлылығына әсер етеді, оның тиімділік (экономикалық) құнарлылығын арттырады. Сонымен, топырақ құнарлылығы ауыл шаруашылығғында ең басты роль атқарады. «Топырақтану» ғылымында топырақтың табиғи және жасанды құнарлылығы, оның физика‑химиялық және механикалық қасиеттері динамикада зерттеледі. Жерге орналастыру ғылымы мен тәжірибесінде, сонымен бірге жер кадастрында, осылардан басқа жердің экономикалық (тиімділік) құнарлылығы ескеріледі. Демек, соңғысының қазіргі және келешектегі жалпы өнеркәсіп кешенінің және оның белді құрам бөлігі –ауыл шаруашылығының даму деңгейіне сәйкестігі зерттеледі. Ауылшаруашылық дақылдары түсімділігінің мөлшері мен тұрақтылығы осы экономикалық құнарлылықты дұрыс пайдаланудан тәуелді, өйткені жерге (топыраққа) түскен дәннің өсіп‑өнуі тірі және затқа айналдырылған еңбектің интенсивтігіне, қолданылған прогрессивтік технологияға тікелей байланысты. Адам еңбегінің топырақ‑климаттық жағдайлардан осы тәуелділігі, ғылыми‑техникалық прогрестің нәтижесінде азая бастауына қарамастан, әлі де ұзақ уақыт едәуір салмақты болып қала береді. Бұл объективтік шындықты жерді орынды пайдалану және қорғау барысында, осы жөніндегі жобалық шешімдерді қабылдағанда, әрқашанда ескеріп отырған қажет.
Табиғи мал азығы алаптарының культуртехникалық күйі мынадай бір қатар қасиеттері арқылы бағаланады: тазалығы, отталғандығы, қылқандалғандығы, ормандандалғандығы, бұталанғандығы, тамырланғандығы.
Республика жайылымдарының негізгі бөлігі - 115,9млн.га (62%) таза. Бұлардың көбісі Қарағанды, Актөбе жөне Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Шабындықтардың да басым бөлігі (4,6 млн.га) таза. Олардың 45 % Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында. Бұталанған жайылымдардың ауданы 19,8 млн.га (11 %), шабындықтардікі - 130,1 мың га (3 %). Бүндай жайылымдардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда, ал шабындықтардың негізгі аудандары Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан.
1995 жылдан 2000 жылга дейін әр түрлі себептерге байланысты жыртылган жер көлемінен мал азығы алаптарына 2,9 млн.га ауыс тырылған. Бұл жерлердің жаратылыс шөп жамылғысы құрамының табиғи қалпына келу үшін едөуір үзақ мерзім қажет. Сондықтан, қазіргі кезде республиканың солтүстік облыстарында олардың жайылым ретінде пайдаланылуы шектелген.
Жалпы республика бойынша 1995-2000 ж.ж. аралығында азып кеткен жайылымдардың ауданы 2,5 млн.гектарға үлғая түсті. Бұл негізінен, жылдан жылга күшейіп бара жатқан жайылымдардың шөлге айналу процесіне байланысты.
Шабындықтар мен жайылымдардың культуртехникалық күйі туралы мөліметтер кестеде келтірілген.
Қазақстанла ауылшаруашылық алаптарды мелиорациялау, ең алдымен оларды суарумен байланысты түрлері, ерекше орын алады. Кейбір облыстарда (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан) суармалы жерлер негізгі ауылшаруашылық алаптары болып табылады .
Қазіргі кезде Республикада 2,14 млн.га осындай жер бар, соның ішінде дәрежелі қамтамасыз етілгені 456,2 мың га. Суармалы жерлердің 1.44 млн. га жыртылған жерге жатады, соңғыларының 0,3 млн.га дренаждалған.
Суармалы жерлердің басым бөлігі ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын көсіпорындары мен азаматтардың иайдалануында.
Соңгы жылдары белгілі жагдайларға (экономикалық дағдарыс) байланысты мелиоративтік жүйелерді жөндеу және қайта құру, сонымен қатар оларды жаңадан салу жөніндегі жұмыстардың көлем- дері едәуір қысқарды, гидромелиоративтік жүйелердің техникалық күйі нашарлап, суармалы жерлердің ауданы айтарлықтай кеміді.
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мөліметтеріне қарағанда 2000 ж. 852,5 мың га суармалы жер пайдаланудан тыс қалған. 1995 жылмен салыстырғанда 2000 жылы суармалы жыртылған жердің ауданы 453,6 мың га, оңжылдық көшеттердің - 6,4 мың га, шабындықтардың - 4,5 мың га және жайылымдардың ауданы 6,0 мың га кеміген.
Кесте 2
Шабындықтар мем жайылымдардың мәдени-техникалық күйі.
Алаптар түрлері |
Тамыр ланған |
Бұталанған |
Ормандалған |
Томар- ланған |
Жайылым, мың га |
Шабындық |
||
Тастақ |
Дала |
Томар |
Улы шөптер |
|||||
Шабындық |
4572.1 |
130.1 |
7.8 |
129.7 |
- |
• |
• |
84.4 |
Жайылым |
11564.4 |
19611.1 |
3623.4 |
1436.1 |
4646.5 |
7655.6 |
26595.7 |
- |
Барлығы |
12046.5 |
19941.2 |
|
1565,8 |
4648.5 |
7655.6 |
26595.7 |
84.4 |
Қазіргі кезде қалыптасқан суды және ирригациялық тораптарды пайдалану жүйесі бүзылган деуге болады. Су шаруашылығы кондырғылары мен гидромелиоративтік жүйелері оларды жөндеуге және қайта кұруға қатысты кешенді жүмыстарды жүргізуді талап етеді.
Гидромелиоративтік жүйелері мен кұрылыстардың қанағаттанар-лықсыз техникалық деңгейі, суаруға пайдаланылатын судың артық минералдану мөлшері мелиораңияланган жерлердің батпақтануына, тұздануына, сортаңдаяуына және басқа жағымсыз процестерге әкеліп соғады.
Қазіргі кезде жүргізіліп жаткан инвентаризация суармалы жер- лердің көлемін, мелиоративтік күйін, ирригадиялық жүйелердің техникалық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аяғында бұндай жұмыстардың қорытындылары суармалы жерлердің пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар жоспары мен жобалардың негізіне алынбақ.
Бақылау сұрақтары:
1.ҚР жер қоры және оның категорияларға жіктелуі.
2.Жер қоры категорияларының үлес салмақтары,динамикасы және қысқаша сипаттамасы.
3.Ауылшарушылық алаптары түсінігі және олардың түрлері.
4.ҚР-дағы а.ш алаптарының жалпы сапалық сипаттамасы.
5.Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайлары қауіпті аймақтар.
