
- •Тәжірбиелік жұмыс №1 Табиғаттық ресурс және өндіріс құралы ретінде жер туралы ғылым
- •Тәжірбиелік жұмыс №2
- •Тәжірбиелік жұмыс №3
- •Тәжірбиелік жұмыс №4 Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретіндегі ерекшеліктері
- •Тәжірбиелік жұмыс №5 Ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаты
- •Тәжірбиелік жұмыс №6 Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- •Тәжірбиелік жұмыс №7 Жерге орналастырудың түсінігі, объектісі
- •Тәжірбиелік жұмыс №8 Жерге орналастырудың мәні және құқықтық негіздері
- •Тәжірбиелік жұмыс №9 Жерге орналастыру техникасы
- •Тәжірбиелік жұмыс № 10 Жерге орналастырудың құрылымы және принциптері
- •Тәжірбиелік жұмыс №11 Жерге орналастыру факторларының өзара байланысы және оларды жерге орналастыру мәселесін шешуде ескеру
Тәжірбиелік жұмыс №7 Жерге орналастырудың түсінігі, объектісі
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:
Біріншісі - Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Екіншісі - Парламент өзірлеп, Президент бекітетін зандар;
Үшіншісі - ведомстволық нүсқаулар мен үсыныстар;
Төртіншісі - облыстық жөне аудандық мәслихаттар мен әкімші- ліктердің өзі қүқықтық құзырларындағы аймақтық шещімдері.
ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады.
Сонымен қатар, жер занда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке мешпікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай құжат ретінде 2001 жылдың 24-ші қаңтарында бекітілген "Жер туралы" заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепциясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану жөне қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену жөне жер пайдалану принципі, жер иелері мен жер пайдаланушылардьщ құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру төртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ жөне қысқа мерізімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім-шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа арналған. Сонымен қатар әртүрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.
Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналастырудың құқықтық негізі ретінде Азаматтық Кодекс, "Шаруа қожалыгы туралы" (1998 ж.), "Ауылшаруашылық серіктестіктері туралы" (2000ж.), "Жер салығы туралы" (2000ж.), "Ипотека туралы" (1995ж.) және тағы бірқатар зандар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жанама түрде қатысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті. Мысалы, жекешелендіру заңын да көп укладтық аграрлық экономикаға, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларына көшу жағдайлары қамтылған.
"Шаруа қожалығы туралы" заңда оларға жерді иеленуге, пайдалануға немесе жалға алуға қатысты құқықтық шарттар белгіленген.
"Жер салығы туралы" заң жерді тиімді пайдалануға және жерге орналастыру, топырақтың қүнарлылығын арттыру шараларын қаржылан- дыруға қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз етуге тиісті.
Үкіметтің Қаулылары, заң актілері ретінде жеке заңдарды нақтылай отырып, Ережелер мен Нұсқауларды бекітеді.
Ведомстволық құжаттар, инструкциялар жөне өдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар жерді иелену немесе пайдалану құқығын рәсімдеу тәртіптері мен ережелерін, іздестіру-зерттеу жөне жобалау жұмыстарының әдістемесін, нормативтік базаны реттеп отырады.
Аталған нормативтік актілер бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдары-ның, сонымен бірге жер-кадастрлық жөне бағалау жұмыстарын, әр түрлі зерттеулер мен іздестірулерді жүргізудің құқықтық негізі болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшу, ақылы, жер пайдалану жүйесін енгізу, мемлекеттік жер меншігі мен қатар шектеулі түрде оның жеке меншікте болуын тану, жерді жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу объектісі ретінде бағалау, жер реформасының әрі қарай даму жөніндегі міндеттерді, оның жаңа кезеңдерін белгілейді. Жердің ұтымды пайдалануына және қорғалуына мүдделі жер пайдаланушылардың құықтарын қамтамасыз ету, сонымен бірге жер рыногінің дамына жағдай жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жер реформасы қазіргі кезеңде мынадай бағыттарда жүзеге асырылуда:
-техникалық жағынан дәлді, экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау және жер бетіне түсіру арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың жер үлестерінің аудандары мен межелерін нақтылау;
-қазіргі жер үлестерін пайдалануға немесе иеленуге құқық беретін құжаттарды нақтылау, жаңаларын дайындау және заң органдарында тіркеу;
- зерттеу және іздестіру материалдарын жаңарта отырып, жер кадастры істерін қалыптастыру және мемлекеттік жер кадастырын жүргізу;
- кейіннен қайта бөлу мақсатымен арнайы жер қорын жасау және оның сапалық күйін талдау;
- жердің пайдаланылуы және қорғалуы жөніндегі мониторинг пен мемлекеттік бақылауды жүргізу;
- өндіргіш қасиеттерін, топырақ құнарлылығын, орналасуын, суландырылғандығын және т.б. ескере отырып, жердің әрбер учаскесінің пайдалану тиімділігін әрі қарай арттыру мақсатымен жерді категориялары және алаптары бойынша қайта бөлу;
- жерді, қала жерлері мен ауылшаруашылық алаптарының базистік ставкаларын, арттыру және кеміту коэффициентерін, жер рыногін дамыту және салық көлемін анықтау мақсатымен, толық түгендеу және құндық тұрғыдан бағалау;
- территория реттілігін қалпына келтіру және одан ары жетілдіру мақсатымен нақты ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау;
- ауылды елді мекендердің жүйесін түгендей отырып, олардың жаңадан ұйымдастырылған шаруашылық құрылымдарының орталықтары ретінде пайдаланылуын белгілеу.
Жер реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде республикада шаруашылық жүргізу субъектілерінің құрамы мен жер меншігінің формалары айтарлықтай өзгерді. Үш миллионнан астам азаматтар жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, саяжай, тұрғын үй және басқа құрылыстарды жүргізу үшін жеке меншікке жер учаскелерін алды. Шаруа (фермерлік) қожалықтары да дамуда. Олардың жалпы саны 2003 ж. 1-қарашасында 151,9 мыңға жетті. Бұлардың қарамағына 32,8 млн.га, яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің 39,4% пайдалануға берілген.
Колхоздарды таратып жіберудің және мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарды жекешелендірудің нәтижесінде республикада 6,5 мыңға таяу мемлекеттік емес жаңа агроқұрылымдар пайда болды, солардың ішінде: 2 мыңға жуық ауылшаруашылық кооперативтері, 3 мыңнан астам шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдары, 1,5 мыңдай басқа кәсіпорындар мен ұйымдар. Шаруа қожалықтары мен жоғары аталған шаруашылық субъектілерінің қарамағында ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің 96,6 % қамтылған. Осы субъектілердің басым бөлігіне жерді тұрақты пайдалануға құқық беретін құжаттар тапсырылған, ал шаруа қожалықтарының алғашқыларында (1991-1995 ж.ж.) сол кездегі Қ.Р. Жер Кодексіне сәйкес берілген жерді өмір бойы иеленуге және мұра ретінде қалдыруға құық беретін, мемлекеттік актілері бар. Дегенмен жаңа Жер Кодексі (2003ж) бойынша аталған құқық иелері өз қарамағындағы жерді сатып алуға немесе әр түрлі мерзімге жалға алуға тиісті.
Ұйымдастырылған агроқұрылымдардың жаңа формалары әлі тұрақтанған жоқ. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің, шаруа қожалықтарының бұрыннан барларының жойылу және жаңаларының құрылу процесі жалғасуда.
Сондай-ақ, мемлекеттік ҒЗИ мен оқу-тәжірибелік шаруашылықтары да біршама көбеюде. Соңғы 5 жылдың ішінде олардың саны 342 ден 593 дейін өсті. Бұл шаруашылықтар категориясына жататындардың ауданы айтарлықтай көп емес. Республика бойынша олардың жалпы ауданы 1,5 млн. га төңірегінде.
Жерге құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және тапсыру жер-кадастрлық істерді тіркеу, азаматтар мен заң тұлғаларының құқықтарын қорғау, жер рыногін қалыптастыру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жердің пайдалануын және қорғалуын бақылау ісінде негізгі тетік болып табылады.
Жер құқығын растайтын құжаттармен (актілер) қатар жер учаскелерінің пландары жасалып тапсырылады. Әрбір жер учаскесіне жер-кадастрлық іс жасалады.
2001 ж. Қаңтарында қабылданған «Жер туралы » заңға дейін жер учаскесіне жеке меншік және тұрақты жер пайдалану құқықтарын куәландыратын актілер берілген болатын. Жоғарыда аталған заңның 124 б. бойынша енді барлық ШФҚ мен мемлекеттік емес заң тұлғалары ұзақ мерзімді жалдаушыларға айналды. Заңды жүзеге асыру мақсатымен бүкіл жер пайдаланушылардың учаскелері қайта тіркеуге алына бастады. Бүкіл іс-қимылдардың астарына жұртшылық жер жеке меншігін мақұлдамайды деген пайымдау алынып «тұрақты пайдалану» және «өмір бойы мұраға қалдыру жолымен иелену» статусы «жеке меншік» ұғымымен теңестірілді. Осы ой желісі басшылыққа қойыла отырып, жер пайдаланушылықтарды белсенді түрде қайта тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізіле бастаған.
Бірақ, Республика Президентінің жолдауында (2002 ж. сәуір) бұл мәселе мүлде басқа тұрғыдан қаралып, жер (сонымен қоса ауылшаруашылық алаптары) жеке меншігін енгізу туралы заңды дайындау міндеті қойылды. Қазіргі кезде жаңа Жер Кодексі дайындалып іске қосылды.
Жаңа жер кодексі 170 бап пен 21 тарауды қамтитын 5 бөлімнен тұрады.
Бұл шағын параграфта жер кодексінің тек жалпы сипаттамасы ғана берілген. Нақты түрде оның мазмұны арнайы «Жер құқығы » пәнінде жоғары курстарда қарастырылады.
Бөлімдер мен тараулардың тек аттарын ғана келтіре отырып, олардың ерекше жаңашылдықтары барларын қысқаша сипаттап өтелік.
Жаңа Жер Кодексі, 2001 жылдың 24 қаңтарында қабылданған «Жер туралы» хаңның орнына, 2003ж. Маусым айында енгізілді. Жалпы алғанда екі құжаттың мазмұндары ұқсас. Дегенмен, екінші бөлімнің 3,5,9,10,20 және 21 тарауларында айтарлықтай жаңашылдықтар байқалады.
Бақылау сұрақтары:
1.Жер кадастры ұғымы және оның мазмұны.
2.Қазақстан территориясында жер-кадастрлық жұмыстардың дамуы туралы қысқаша мәліметтер.
3.Жер кадастрының құрам бөліктері.
4.Топырақты бонитеттеу және оның нәтижелерін қолдану.
5.Жерді кадастрлық-құндық бағалау және оның ерекшеліктері.