Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 Методичка НОЗК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Тәжірбиелік жұмыс №6 Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны

Жерге орналастырудың негізгі мақсаты шаруашылық жүзгізудің әр түрлі формалары үшін оптималды ұйымдастыру –территориалдық жағдайлар жасау болып табылады . Бұл өз кезегінде бөлінетін жер (оның сапалық және сандық сипаттамалары)мен ауылшаруашылық немесе ауылшаруашылық емес мекемелердің қоры,еңбекпен қамтамасыз етілуі,техникалық жабдықталуы және басқа да параметрлері арасындағы пропорционалдылық пен үйлесімділікті орнатуды,сондай-ақ жерге үйлестірілетін объекттің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасауды қажет етеді. Осыған байланысты жерді үйлестіру тиімділігі экономикалық,әлеуметтік және экологиялық деп ажыратылады. Бүтіндей алғанда жерге орналастырудың экономикалық ,әлеуметтік және экологиялық тиімділіктеріне жету жерге орналастыру жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Тиімділіктер өндіріс пен территорияны ұйымдастырудың жағдайының жақсаруымен сипатталады.

Экономикалық тиімділік территорияны ұйымдастырудың өндірісті ұйымдастыруға ықпал етуімен байланысты және керісінше сондай-ақ алынған нәтижелер мен берілген техникалық және шаруашылық мәселелерді шешуге кеткен шығындар қатынасымен өрнектеледі . Сонымен қатар экономикалық тиімділік өнім шығысымен мекемені оптимизациялауға байланысты мекемені оптимизациялайға,оны территориалды орналастырылуына, жерді қарқынды пайдаланумен байланысты жұмысшылар табысы мен мекеме кірісінің артуымен сипатталады.

Әлеуметтік тиімділік жерге орналастыру жұмыстары кезінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету . 1) Пайдалануға беру кезінде 2) жер бөліктері мен жер үлестерін олардың заң құқықтарын сақтау,жер пайдалану мен жер иелену тұрақтылығы,ауылдағы өнім шығарушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау және адамдар өнімі мен қоғамдық өндірістің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Жерге орналастырудың экологиялық тиімділігі жерге орналастыру шараларыныңқоршаған ортаға тигізетін әсері мен жер пайдалану сипаттамасынан көрінеді,қоршаған ортаның жақсаруынан,сақталуынан бүлінген табиғат ландшафттары мен табиғат ресурстарының қайта қалпына келуімен өрнектеледі.

Жерге орналастыру тиімділігі екі жағынан қарастырылуы тиіс: ауылшаруашылық және шаруашылықесептік (коммерциялы). Ауылшаруашлық тиімділік республикалық, облыстық жерлерді пацдалану мен мақсаттық бағдармаларды жасаудан, ҚР субъектінің әкімшілік аудандық және басқа муниц жер үйлестірілуі схемаларынан, жаңа жерге орналастыру объектілерінің схемаларын жасау мен бұрыңғы жерге орналасу объектісінің реттелуінен анықталады.шаруашылық есептік (коммерциялық) тиімділік- нақты бір фермерлік шаруашылықтың , ұйымның жобада белгіленген ықпалын, сондай-ақ жобада өндіріс тиімділігін арттырады деп көрсетілген. Жеклеген немесе кешенді шаралардың іске асуын айқындайды.

Шаруашылықішілік әсерге орналастырудың экономикалық тиімділігі келесі құрамнан тұрады:

Шаруашылықішілік бөлімшелер, өндіріс орталықтары мен магистральдық жолдарды орналастыру кезінде жыл сайынғы өндірістік шығындарды (құрылысқа, қосымша құрылысқа)азайту;

Шабындықтар мен өрістерді ұйымдастыру кезінде таза пайданың артуы.

Шабындықтар, өрістер мен көпжылдық отырғызуларды жасақтау кезінде өндірістік процестерді орындауға кететін шығындарды азайту және өндірістік шығындардың алдын-алу.

Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасының экономикалық тиімділігін есептеу кезінде техника-экономикалық, агроэкономикалық және экономикалық көрсеткіштер есептелінеді.

Шаруашылық жерге орналастыру жобасының техникалық көрсеткіштері ең алдымен жобада жасалынған территорияны ұйымдастырушылық кеңістік шарттарын бағалауға және жердіңтехникалық қасиеттерін сипаттауға мүмкіндік береді. (жер рельедәл, топтық механикалық құралы, кедергілердің болуы, мәдени техникалық күйі, контур өлшемі және т.б)

Жерге орналастыру жобалау процесінде техникалық көрсеткіштер жоба жасау барысында агрегат қозғалыстың шектік көлбеумен жұмыстық бағытындағыбөліктердің жолақаралық ендерінің шегін қабылдауда, шарушылықішілік бөлімшелеріне бекітілген жер массивтерінің ұсынылған өлшемдерін алуда, егістіктердің, жұмыс бөліктерінің оптимал аудандарын белгілеуде ғылыми негізделген нормативтерді қолдануды айқындайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Жерге орналастырудың түрлері,түр тармақтары және формалары,олардың мәні,мазмұны және өзара байланыстылығы.

2.Жерге орналастырудың принциптері.

3.Жерге орналастырудың ең манызды факторлары,жердің кеңістік қасиеттері,олардың жерге орналастыру шешімдеріне әсер етуі.

4.Топырақ қыртысы мен бедердің жерге,орналастыру шешіміне әсер етуі.

5.Жерге орналастыру шешімдеріне әсер ететіг климаттық жағдайлар.

6.Жерге орналастырудың әлеуметтік-экономикалық факторлары және кутудегі экономикалық тиімділікті анықтау әдістері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]