
- •Тәжірбиелік жұмыс №1 Табиғаттық ресурс және өндіріс құралы ретінде жер туралы ғылым
- •Тәжірбиелік жұмыс №2
- •Тәжірбиелік жұмыс №3
- •Тәжірбиелік жұмыс №4 Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретіндегі ерекшеліктері
- •Тәжірбиелік жұмыс №5 Ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаты
- •Тәжірбиелік жұмыс №6 Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- •Тәжірбиелік жұмыс №7 Жерге орналастырудың түсінігі, объектісі
- •Тәжірбиелік жұмыс №8 Жерге орналастырудың мәні және құқықтық негіздері
- •Тәжірбиелік жұмыс №9 Жерге орналастыру техникасы
- •Тәжірбиелік жұмыс № 10 Жерге орналастырудың құрылымы және принциптері
- •Тәжірбиелік жұмыс №11 Жерге орналастыру факторларының өзара байланысы және оларды жерге орналастыру мәселесін шешуде ескеру
Тәжірбиелік жұмыс №5 Ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаты
Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіп- сіз және ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін - ғылыми түрғыдан негізделген, экологиялық-экономикалық және әлеуметгік жағынан тиімді жер иелену жене жер пайдалапу жүйесін, соцгысына сәйкесті территориялық ретті лікті қалыптастыруды себептейді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналас- тыру жер қатынастарын реттеуге, жердіц тиімді пайдаланылуын жөне қорғалуын ұйымдастыруга бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жагдай қа- лыптасып, табиғи ландшафттар жақсаруга тиісті. Жалпы алганда, қабылданган заңдар мен актілер - жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарыныц осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі түрақты қүралы болып табылады. Бірақ жерге орналас- тырудың экономикалық жөнін, жерде шаруашылық жүргізуді әр- түрлі формаларын ұйымдастырудагы, сонымен қатар оның басқа инженерлік-экономикалык кешендермен байланысын, жермен үзіл- мес байланыстағы өндіріс құралдарын (ғимараттар мен кұрылыс- тарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырғыларды, көп- жылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы рөлі мен маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.
Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімді- лігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбек- тің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың максаты болып та- былады.
Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әртүрлі өнеркәсіптік, транспорттык, энергетикалык жвне басқа көсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерініц ерекшеліктерін ескере отырып, территориялық не- гіздерін жасайды. Өсіресе жерге орналастыру, жер басты өндіріс қүра- лы ретінде пайдаланылатын, ауылшаруашылық өндірістің тиімді- лігіне тікелей әсер етеді, өйткені бұнда жер тек кана операциялык базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлылығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді. Сон дықтан жерге орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайда ланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.
Ауыл шаруашылығы саласында жерге орналастыру ауылшаруа- шылық алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердіц, танап- тардыц жөне жүмысшы учаскелерініц, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардыц, жол торабы мен шаруашылық орталықтарыныц орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсатына сәйкес оный негізгі мін- деттерін айқындайды. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және мынадайларына саяды:
- Республика зандарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
- жерде шаруашылық жүргізудіц барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;
- жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдас- тыру;
- топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны сақтау және жақсарту, түрақты агроландшафттарды жасау;
- жылжымайтын мүлік ретіндегі жердіц рыногін қалыптастыру және дамыту.
Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудыц мақсат-міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс-қимылдарын қамтиды:
1) республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналас- тыру схемаларын (жобаларын), жер ресурстарын пайдалану, жақ- сарту жөне қорғау жөніндегі бағдарламаларды өзірлеу;
2) жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетінде көрсету жөне меже- лерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау;
3) елді мекендердің шекараларын (шептерін) белгілеу жоне жер бетінде көрсету, олардыц жер шаруашылықтарын реттестіру жө- ніндегі жобаларды жасау;
4) әкімшілік-территориялық қүрылымдардың, айрықша қор- ғаудағы табиғи территориялардың жөне басқа да ерекше пайдала- нудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
5) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қа- тар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жо- баларды жасау;
6) жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай не- месе берілген мақсатына сөйкес емес пайдалапылып жатқан жерлерді анықтау;
7) тонографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақ, гео- ботаникалық жөне басқа зерттеу-іздестіру жұмыстарын орындау;
8) жер кадастры мен мониторингін жүргізу;
9) жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастр- лық жөне тақырыптық карталар мен атластарды жасау;
10) жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.
Жерге орналастырудың мазмұны құқықтық, экономикалық жөне ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге асырылуымеп тығыз байланысты. Соң- ғысы нарықтық жағдайлардагы жер иеленушіліктер мен жер пай- даланушылықтардың мүлде жаңа құрамын қамтамасыз етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауылшаруа- шылық жөне ауылшаруашылық емес мақсатындагы жаңа және бүрыннан бар жер иелеушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құру жөне жетілдіру жөніндегі жобаларды жасаумен айналысады. Соңғы уақытта ауылды елді мекендердің, поселкелердің және қа- лалардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың сонғысы едеуір артуда. Бүндай жобалар урбанизацияланган тер- риториялардың пайдалану тиімділігін жоғарылатуга, қалалар мен
басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуға қажетті, жер аудандарын іздестіруге багытталган. Қарастырып отыргап жоба- лардыңелді мекендерге қатыстыларында, аса маңызды, оларгасоңгы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық, әсі- ресе мал азыгы алаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.
Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табиғат қоргау, рекреадиялық жөне қорықтық төртіитегі айрықша қорғалудағы тер- риторияларды реттестіру және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мен мәдени зоналарда, сонымен бірге аколо- гиялық дағдарысқа үшыраган аймақтарда жердің орынды пайда- лануын ұйымдастыру.
Заң бойынша жерге орналастыру іс-қимылдарына әкімшілік- территориялық құрылымдардың (облыстар мен аудандардың) ше- караларын жер бетіне түсіру жатады. Бұндай іс-қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау жене демаркация- лау женіндегі жүмыстарды да қарастыруға болады.
Жерге орналастыру мазмұнының көлемді бөлігі болып ішкі- шаруашылық жерге орналастыру жене ауылшаруашылық алапта- рын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау табылады.
Жердің ауылшаруашылық ендірістің басты құралы ретінде үйымдастырылуының нөтижесінде, агроландшафттың экология- лық тепе-теңдігі жөне сонымен бірге нарықтық жағғдайдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз еті- леді.
Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау бары- сында жеке іс-қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақты- лау, пайдаланылмай немесе нысаналы түрде пайдаланылмай жат- қан жерлерді айқындау мақсатымен инвентаризация (жерді түген- деу) жүргізіледі. Бүныц нөтижесінде арнайы жер қорын қалып- тастыруга қажетті жер учаскелері де аяықтальш отырады.
Жерді пайдалану, жақсарту жөне қоргау жөніндегі өртүрлі жү- мыс жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа антропогендік ықпалдардыңсалдарынан бүлінген жерлерді рекульти- вациялау (қалпына келтіру) жобалары жасалады.
Жерге орналастыру іс-қимылдарына осылармеп бірге топография- лық - геодезияльіқ, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа да зерттеу-іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық жене тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді багалау жүмыстарын орындау жатады.
Жсрге орыаластырудыц негізгі міндеті - гылыми-техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдала- нуы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күш- терінің дамуына қарай үнемі өзгертіліп жене жетілдіріп отыруга тиісті.
Соңғы онжылдықтың ішінде ҚР жер қатынастары құрылымы, сондай-ақ жерге орналастырудың өндірістік және құқықтық процесі түбегейлі өзгерді. Жаңадан пайда болған шаруашылық қүрылым- дарыыың аудандары мен межелері көбінесе жобасыз, қарапайым тех никалық төсілдер арқылы белгіленуде. 90-шы жылдары орын ал- ган дағдарысқа себепті ішкішаруашылық жерге орналастыру жоба- лары мүлде сүраныссыз қалды.ауылшаруашылық айналымынан орасан зор келемді жерлер шыгарылып, босалқы жерлер қатарына ауыстырылды, ауыспалы егістер сақталмай, жалпы жер пайдалану реттілігі бүзылды. Бүгінгі күнніңтертібіндеосы кемшіліктерді жою, жер қатынастары мен жерге орналастыруды жаңа деңгейге көтеру - шешімін күттіртпейтін мәселеге айналып отыр.
Жерге орналастырудың тежірибесін, мақсат-міндеттері мен қазіргі және жақын болашақтагы мазмүнып талдай отырып, толық түрде оган мынадай гылыми сипаттама (дефиниция) беруге болады.
Қазіргі жерге орналастыру - бүл еңбектің жоғары әлеуметтік - экономикалық тиімділігі мен экологиялың түрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаиы ңамтамасыз ету маңсатымен жер заңдарыи жүзеге асыруга, жер ңатыиастарыиреттеуге, жерде өртүрлі шаруашылың жүргізу формаларыиың дамуыпа тең жөпе ңолайлы жагдайлар жасауга, жердіаса маңызды табиғи ресурс жөне өндіріс ңүрадыретінде ұтымды пайдалапуга және коргауға бағытталган таралар жүйесі.
Бұндай күрделі сипаттама жерге орналастыруды аса мацызды инженерлік-экономикалық, техникалық, ұйымдастыру-шаруа- шылық жене қүқықтық шаралар кешені ретінде бейнелейді. Ол жерге орналастырудың бүкіл аспектілері мен жерді женеонымен үзілмес байланыстагы ендіріс қүралдарын реттестіруге қатысты басқа да инженерлік-экономикалық кешендерімен езара байланыстарын ашып керсетеді. Сондықтан бүл түсініктіц сипаттамасын жеке бөліктерге жіктей отырып үққан дұрыс:
- жерге орналастыру - жеке дара іс-қимыл емес, ол шаралар жүйесі;
- жерге орналастыру - мемлекеттік шаралар жүйесі, өйткені оның
нөтижесінде Заң негізінде пайда болатын территориялық ретті- ліктердің формалары міндетті түрде орындалуға тиісті;
- жер заңдарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік құрал ретінде, жерге орналастыру, біріншіден, жер қатынастарын реттеуге, жер пайдаланушылықтар жөне жер иеленушіліктержүйесін қалып- тастыруга жоне үнемі жетілдіріп отыруга, екіншіден, жердің үтымды пайдалануын үйымдастыруга жөне ысырапты жүмсау- дан, үқыпсыздықтан, табиги теріс қүбылыстар мен антропогендік ықпалдардан қорғауга бағытталады;
- жерге орналастырудың түпкі мақсаты - әрбір жер учаскесінің жалпы өндіріс қүралы жөне аса маңызды табиги ресурс ретіндегі пайдалану тиімділігін арттыру.
Соңғы уақытта экологиялық жагдайлардың асқынуына байла- нысты осы жагынан қауінсіз технологияларды қолдану жене алаптар- дың қүрамын қалыптастыру қажеттілігі тууда. Бүнда ландшафттың қасиеттерін ескерген аса маңызды. С.А. Удачиннің жерге орналас- тыруга жогарыда берген сипаттамасына, епді экология үгымын қоса айтқан ебден орынды болар еді.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыс- тардың, аудандардың, қалалардың жөне басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық жөне ауылша- руашылық емес көсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пай- даланушылықтары, жеке жер алаптары мен учаскелері болып та- былады.
Жерге орналастырудың тақырыбы жөне оның нақты нәтиже- лері - экономикалық түргыдан тиімді, экология жағынан қолайлы жер категорияларының, жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушы- лықтардың, өндірістік бөлімшелер мен екімшілік территориялардьщ, жер алаптары мен өртүрлі шаруашылық алқаптарының (ауыспалы егістіктер мен танаптардың, ауыспалы шабындықтар мен жайылым- дардың жеміс-жидек көшеттері кварталдарының), сондай-ақ сызық-
тық контурлардың (жолдардың, каналдардың жөне т.с.с.) межелері мен аудандары.
Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждықтарына бөліп беруге және осыған себепті ауылшаруашылық алаптары көлемінің үнемі қысқарылуына байланысты экологиялық жагдай соңғы жылдары күрт күрделене түсуде.
Ауыл шаруашылық өндірістің биологиялық негізі болып топырақтың құнарлылығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға ұшырағандығы, топырақ құрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері және өсімдік тіршілігі ортасының басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады.
Қазіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттырудың объективтік негізі ретінде топырақтың құнарлылығын сақтап қалу мен одан ары жоғарлатуды ұққан ерекше маңызды. Сонымен қатар алаптар құрамы мен территориялық реттілігі элементтерінің орналасуы, салалардың мамандандырылғандығы мен дақылдардың құрамы шығындардың барынша қысқарылуын және пайданың артуын қамтамасыз етуге тиісті.
Демек, жерге орналастырудың экологиялық-экономикалық мөрі жер учаскелерінің экономикалық тұрғыдан тиімді межелерін, аудандарын және орналасуын, сондай-ақ өндірістің мақсатқа сәйкес мамандандырылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қамтамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды.
Территориялық реттегіштік элементтерінің жұмыс учаскелері, ауыспалы егістік танаптары, алқаптық жолдар торабы мен орман белдеулері, каналдар және т.с.с. жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазіргі жерге орналастыру ұғымы.Оның ғылыми сипаттамасы.
2.Қазіргі жерге орналастырудың мақсат-міндеттері мен мазмұны.
3.Жерне орналастырудың экономикалық мәні.
4.Жерге орналастырудың экологиялық мәні.
5.Жерге орналастырудың құқықтық және техникалық аспектілері.