
- •Тәжірбиелік жұмыс №1 Табиғаттық ресурс және өндіріс құралы ретінде жер туралы ғылым
- •Тәжірбиелік жұмыс №2
- •Тәжірбиелік жұмыс №3
- •Тәжірбиелік жұмыс №4 Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретіндегі ерекшеліктері
- •Тәжірбиелік жұмыс №5 Ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаты
- •Тәжірбиелік жұмыс №6 Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- •Тәжірбиелік жұмыс №7 Жерге орналастырудың түсінігі, объектісі
- •Тәжірбиелік жұмыс №8 Жерге орналастырудың мәні және құқықтық негіздері
- •Тәжірбиелік жұмыс №9 Жерге орналастыру техникасы
- •Тәжірбиелік жұмыс № 10 Жерге орналастырудың құрылымы және принциптері
- •Тәжірбиелік жұмыс №11 Жерге орналастыру факторларының өзара байланысы және оларды жерге орналастыру мәселесін шешуде ескеру
Тәжірбиелік жұмыс №4 Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретіндегі ерекшеліктері
Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млн.га жыртылған жер мен 35 млн.га жайылым эрозияға ұшыраған,немесе осы жағынан қауіпті.Сонымен қатар 17 млн.га жер су мен ирригациялық эрозиядан зақымданған.Реформаға дейінгі жылдары елде жыртылған жердің бір жанға шаққандағы мөлшері 2,8 га еді.Бұл әлем бойынша осы көрсеткіштің шамасынан 7 есе артық болған екен.Бірақ қазіргі кезде жыртылған жердің көлемін одан әрі кеңейтудің қажеті жоқ және мүмкіншілікте күрт шектелген.90-жылдардағы дағдарыс республика жер қорының құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Республиканың бүкіл жер байлығы біртұтас жер қорын(ЖҚ) құрайды.ҚР жер кодексі бойынша ЖҚ 7 категорияға бөлінеді:
- ауылшаруашылық мақсатындағы жер;
- елді мекендердің (қалалар, қала типіндегі поселкелер және ауылды елді мекендер) жер;
- өнеркәсіп,транспорт,байланыс,қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер;
- айырықша қорғалатын табиғи территориялардын,сауықтыру,рекреациялык және тарихи-мәдени мақсатындағы жер;
- орман қорының жері;
- су қорының жері;
- босалқы жер.
Әрі қарай осы 7 категорияны (ҚР жер кодексінің 3 бөлімі) нақты түрде сипаттайтын мәліметтер келтіріледі.
Бірінші категорияға ауыл шаруашылығының мұқтаждықтарына берілген немесе осы мақсатқа арналған жер алаптары жатады. Бұлар ауыл шаруашылық өнімдірісімен айналысатын кәсіпорындарға, серіктестіктерге, кооперативтерге, шаруа қожалықтарына және басқа да шаруашылық құрылымдарға жеке меншікке сатылған уақытша немесе тұрақты пайдалануға (иеленуге) берілген жерлер.
Ауылшаруашылық алаптарының жалпы ауданы 220 млн.га астам. Олардың ішіндегі ең құндысы-жыртылған жер.Тың және тыңайма жерлерді игеру кезеңінде оның көлемі айтарлықтай кеңейіп,ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің құрамындағы үлес салмағы 16 %-ға,ал жалпы жер қорындағы үлес салмағы 13 %-ға дейін жетті.
Бірақ соңғы жылдары жыртылған жердің ауданы күрт қысқарды. Қалған ауылшаруашылық алаптар көбінесе өнімділігі төмен табиғи қалпындағы жайылымдар мен шабандықтарды қамтиды.Олардың тек шамалы бір бөлігі ғана түбегейлі және үстіртін жақсартылған.Орасан зор ауданды жайылымдарды орынды пайдалану мәселесі оларды суландыру мүмкіншілігіне де байланысты.
Ауылшаруашылық алаптары ерекше қорғауды талап етеді.Қай ел болса да,аграрлық саясаттың ең басты принциптерінің бірі болып ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті табылады.
Бірінші кезекте бұл принцип ауыл шаруашылық алаптарға,әсіресе ең өнімдісі-жыртылған жерге қатысты.Оларды тек ерекше жағдайларда ғана ауылшаруашылық емес мақсаттарға пайдалануға болады.Егер де ондай қажеттілік туа қалса (пайдалы қазбаларды шығаруға) сапасы өте төмен және ауданы барынша үнемделген жер учаскелері бөлінеді.Осымен қатар а.ш өндірістің шығындарды өтеу тіртібі белгіленген.Алаптарды бір түрінен екіншісіне ауыстыру да арнайы ережелермен реттеледі.
Өткен ғасырдың 90−жылдары орын алған дағдарыс пен бірге ақылы жер пайдалану жүйесін заңдастырудың нәтижесінде елдің жер қорында елеулі өзгерістер пайда болдыАуылшаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы 2,4 есе қысқарды,босалқы жерлер 7 есе ұлғайды;едәуір мал азығы алаптарын ауыл тұрғындарының жеке үй (қосалқы) шаруашылықтарын дамыту мақсатымен ауыл әкімшіліктерінің қарамағына берудің нәтижесінде,елді мекендердің жерлері 10 еседей өсті; ауылшаруашылық өндірісіне жарамсыз тоғайлы және бұталы жерлердің есебінен орман жерінің қоры аздап көбейді.
Жер категорияларындағы осындай өзгерістер бәлкім салық ауыртпалығын жеңілдету мақсатымен байланысты.Төртінші кесте мен екінші суреттің мәліметтеріне қарағанда ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер республика жер қорының тек 33%-ақ құрайды,ал 47,7 %-босалқы жерлер.
Кесте 4
Жер қорының категорияларға бөліну динамикасы
-
Жер категориялары
Аудандары,млн,га
1990ж
2002ж
1
2
3
1 Ауылшаруашылық максатындағы жер
220,2
86,2
2 Елді мекендердің жері
2,1
20,5
3 Өнеркәсіп,транспорт,байланыс,қорғаныс және өзге ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер
19,8
2,3
4 айырықша қорғалатын территория жері
0,8
1,4
5 Орман қорының жері
10,0
22,4
6 Су қорының жері
0,8
3,6
7 Босалқы жер
17,5
124,7
Барлығы
271,7
261,1
Республиканың сыртында пайдаланылатын жер
0,5
0,9
Басқа мемлекеттер пайдаланатын жер
0,8
11,3
Республиканың территориясы
272,5
272,5
Ауылшаруашылық мақсатындағы жердің басым бөлігі мемлекеттік емес заң тұлғалары (ауылшаруашылық емес кәсіпорындар, серіктестіктер мен кооперативтер) мен құқық иелерінің-шаруа фермерлік қожалықтарының қарамағында.Бүкіл жердің 65% біріншілерінің, 32% ШФҚ пайдалануында.
Ауылшаруашылық мақсаттағы жердің динамикасы 4-кестеде келтірілген.
Елді мекендердің жері 2002 жылдың 1 қарашасында жер қорының 7,9 құрады. Бұл категоияның басым бөлігі (90%) ауылшаруашылық алқаптары (5-кесте).
Кесте 5
Елді мекендер жерінің құрамы (мың га)
Елді-мекен-дердің түрлері
|
Барлығы мың га |
Соның ішінде |
||||||||||
Ауыл-шаруашы лық алаптары |
Құры- лыстар астында |
Алаң-дар, Көше-лер және жолдар |
Саябақ, гүл алаңдар, т.б. |
Басқалары |
||||||||
Қалалар мен қалашықтар |
2251 |
1665 |
124,5 |
103,8 |
8,9 |
348,9 |
||||||
Ауылдық елді мекендер |
17901 |
16511 |
290,9 |
270,7
|
7,9 |
869,6 |
||||||
Барлығы |
202011 |
18176 |
415,4 |
374,5 |
16,8 |
1218,5 |
Соңғы мәліметтер бойынша соңғы кездері ауылды елді мекендердегі мал азығы алқаптары тым белсенді түрде пайдаланылуда. Шаруа қожалықтары (фермерлік) мен басқа да ұсақ ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік орталықтары тұрғын үйлерімен бірге орналасқан. Осының салдарынан бұнда санитарлық-гигиеналық басқа да жағдайлар күрт нашарлауда.
Үшінші категорияның құрамында өнеркәсіп кәсіпорындары 5,2 % , автомобиль көлігі 2,6 % ,теміржол транспорты 2,0% және байланыс кәсіпорындары 0,04 % алады. Бұл категориядағы жердің басым бөлігі (90%) қорғаныс және басқа ауылшаруашылық емес ұйымдардың қарамағында.
Айырықша қорғалатаны табиғи территориялардыі аумағы 1378 мың га шамасынды. Негізінен бұндағы жерлер қорықтар мен ұлттық саябақтардың құрамына кіреді. Қазіргі кезде республикада 8 қорық және 5 ұлттық саябақ ұйымдастырылған. Солардың ішіндегі ең ірілері болып Қорғалжын (Ақмола облысы) мен Үстірт (Маңғыстау облысы) табиғи қорықтар және Алтын Емел (Алматы облсысы) ұлттық табиғи паркі саналады. Бұлардың әрбірі ең кемінде 200 мың гектардан астам территорияны алып жатыр. Қорықтық жерлердің 262,0 мың га орман қорында қамтылған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы зерттеулерінің негізінде болашақта 2 млн га шеңберіндегі территорияда 14 жаңа қорықтарды ұйымдастыру қажеттті деп танылған.
Орман қоры жерінің бүкіл территорияның құрамындағы үлес салмағы -8,6%. Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің орман қоры жеріндегі алқаптарды пайдаланудан бас тартуына байланысты соңғы 12 жылдыі ішінде бұл категорияның көлемі 12,3 млн га артты.
Кесте 6
Орман қоры жерінің динамикасы
Алаптардың түрлері |
Аудан, мың га |
|
1990 ж. |
2002 ж. |
|
Жалпы ауданы |
9951,5 |
22 432,4 |
Соның ішінде аулшаруашылық алаптары |
1 275,8 |
7 480,2 |
Орман және орманды бұталы өсімдіктер |
6 753,2 |
12 211,7 |
Батпақ |
46,5 |
53,1 |
Су астында |
60,9 |
90,1 |
Басқалары |
1 814,8 |
2597,3 |
Осыдан тыс сала объектілерінің уақытша пайдалануындағы орман қорының жері |
13 682,6 |
2 462,8 |
Су қоры жерінің 95,4% су алып жатыр, соның ішінде көлдер 73,4%, өзендер мен жылғалар 4,6% және жасанды су қоймалары 17,4% (7-кесте).
Кесте 7
Су қоры жерінің динамикасы
-
Алаптар-дың түрлері
Ауданы мың,га
1990 ж.
2002 ж.
Жалпы ауданы
809,4
3 603,3
Соның ішінде ауылшаруашылық алаптары
61,1
88,0
Су астында барлығы
714,3
3 405,2
Бұнда өзендер-мен жылғалар
84,4
163,7
Көлдер
130,2
2 620,5
Жасанды су қоймалары
455,3
621,0
Басқалары
34,0
110,7
Босалқы жердің құрамында өнімділігі төмен алаптармен қатар сапасы тәуір біраз жерлерде қамтылған.
Кестеде келтірілген мәліметтерге қарағанда бұл категорияның құрамында 108,0 млн га ауылшаруашылық алаптары бар екен. Солардың ішінде 1,8 млн га жыртылған жер. (соңғысының 0,09 га суармалы) және 204 млн га шабындық. Реформаға дейінгі кезеңде бұл категориядағы жерлердің 50 %-дан астамы шөл және шөлейт аймақтардағы өнімділігі нашар табиғи жайылымдар еді. Ал қазір бұл категорияның жерлері республиканың барлық аймақтарында пайда болды,сонымен бірге жоғары деңгейде игерілген және табиғи жағынан қолайлы аудандар да жоқ емес. Босалқы жерлердің басым бөлігі Ақтөбе (18,4 млн га), Қарағанды (18,9 млн га) жйне Шығыс Қазақстан (16,6 млн га) облыстарында орналасқан.
Кесте 8
Босалқы жердің динамикасы
Алаптар-дың түрлері
|
Ауданы мың,га |
|
1990 ж. |
2002 ж. |
|
Жалпы ауданы |
17461,9 |
124696,5 |
Ауылшаруашылық |
15911,4 |
107982,0 |
Алаптар соның ішінде |
|
|
Жыртылған жер-барлығы |
1,9 |
1239,0 |
Соның ішінде суармалысы |
--------- |
91,8 |
Тыңайма |
4,3 |
3025,5 |
Шабындық |
153,4 |
2409,4 |
Жайылма |
15 572,8 |
101292,1 |
Басқалары |
1 550,5 |
16 714,5 |
Босалқы жерлерде орман мен орманды – бұталы көшеттердің үлесіне 5,2%,су астына 2,8% жер келеді.Едәуір территорияны (18,4%)ауылшаруашылық емес алаптар - құм, сор ,ащы жерлер және басқалары алып жатыр.
Төменде жалпы жер қорының алаптық құрамы келтірілген.
Кесте 9
Жер қорының алаптық құрамы
Алаптардың түрлері |
Үлес салмағы |
Жыртылған жер |
7,8 |
Көп жылдық көшеттер |
0,1 |
Тыңайма |
3,2 |
Шабындық |
1,8 |
Жайылма |
68,7 |
А/ш алаптары барлығы |
81,6 |
А/ш емес алаптар |
18,4 |
Ауылшаруашылық алаптарының құрамында жыртылған жердің үлес салмағы тек 10,2% қана құрайды, демек 5,7% қысқарған.
Кесте 10
Ауылшаруашылық алаптарының динамикасы
-
Ауылшаруашылық алаптары түрлері
1990 ж
2002 ж
мың га
%
мың га
%
Жыртылған жер барлығы
35608,1
15,9
2800,3
10,2
Соның ішінде, суармалысы
2359,3
1,0
1441,3
0,7
Көп жылдық көшеттер
164,8
0,1
123,0
0,1
Тыңайма
184,8
0,1
545,6
2,5
Шабындық
5185,6
2,3
048,2
2,3
Жайылым
182056,3
81,6
9017,4
84,9
А.ш. алаптары барлығы
223199,6
100,0
2619,0
100,0
1995-2000 жылдарға қатысты жердің сапалық сипаттамасы жөніндегі материалдарды талдау нәтижелері бойынша, жыртылған жер көлемінің айтарлықтай қысқаруына (4,5 млн га) қарамастан, оның құрамында әлі де 1,5 млн га жуық сапасы төмен жерлер бар екен.
Жыртылған жерлерді бағалау және ұтымды пайдалану тек бұл жерлерді түгендегеннен кейін ғана мүмкін
Бақылау сұрақтары:
1.Жер реформасының қазіргі кезеңі.Оның міндеттері.
2.ҚР жер Кодексі бойынша жер жеке меншігінің таралу мезанизмінің сипаттамасы.
3.Шартты Жер үлесі ұғымы,Жер кодексі бойынша оның пайдалануын жүзеге асыру реттілігі.
4.Жер Кодексі туралы ұғым,оның негізгі бөлімдері мен тараулары.