
- •Тәжірбиелік жұмыс №1 Табиғаттық ресурс және өндіріс құралы ретінде жер туралы ғылым
- •Тәжірбиелік жұмыс №2
- •Тәжірбиелік жұмыс №3
- •Тәжірбиелік жұмыс №4 Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретіндегі ерекшеліктері
- •Тәжірбиелік жұмыс №5 Ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаты
- •Тәжірбиелік жұмыс №6 Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- •Тәжірбиелік жұмыс №7 Жерге орналастырудың түсінігі, объектісі
- •Тәжірбиелік жұмыс №8 Жерге орналастырудың мәні және құқықтық негіздері
- •Тәжірбиелік жұмыс №9 Жерге орналастыру техникасы
- •Тәжірбиелік жұмыс № 10 Жерге орналастырудың құрылымы және принциптері
- •Тәжірбиелік жұмыс №11 Жерге орналастыру факторларының өзара байланысы және оларды жерге орналастыру мәселесін шешуде ескеру
Тәжірбиелік жұмыс №3
Жер - өндірістің негізгі қозғаушы күші ретінде
Жер –ерекше өндіріс құралы. Басқа өндіріс құралдарына қарағанда, мысалы машиналарға, оның ең кемінде төрт ерекшелігі бар.
1) Жер –табиғи зат, ол адам еңбегінің нәтижесі емес. Жердің осы ерекшелігіне негізделген, ол жеке меншікке берілмеуге тиісті деген тұжырым бар. Дәл осы ерекшелік өз уақытында жерді ұлттандыру идеясының іргетасы ретінде алынған еді. Қазіргі кезде де бұл кейбір қиялы болып көрінетін, бірақта теориялық тұрғыдан мәні бар, радикалдық ұсыныстардың негізі болып отыр.
Жердің осы ерекшелігі әлі де жерді жеке меншікке беруді жақтайтындар мен олардың қарсыластарының арасындағы өткір пікірталастардың тақырыбына айналып отыр.
2) Жер – мәңгі және басқа құралдармен алмастыруға келмейтін өндіріс құралы.
Егер де басқа өндіріс құралдарын қажеттілікке қарай қанша да және қашан да өндіруге болса, жердің көлемі шектелген, ол ұдайы өндіріске келмейді. Жердің бұл ерекшелігінен мынадай маңызды бір тұжырым туындайды: ол әрқашанда аса құнтты және ұқыпты пайдаланылуға тиісті.
3) Жердің өндіріс құралы ретіндегі тағыда бір ерекшелігі орнының тұрақтылығы.
Басқа жылжымалы өндіріс құралдарына қарағанда ол тұрған орнында ғана пайдаланылады. Жылжымайтын мүліктермен (әр түрлі ғимараттар мен құрылыстар) салыстырғанда, соңғылардың орналасуын, түптеп келгенде, бәрібір адамның өзі белгілейді. Демек аталған ерекшелік тек жерге ғана тән. Осыған байланысты жердің орналасуына қарай сол араға жұмыс күші, техника, тыңайтқыш және басқа да қажетті материалдар жеткізілуге тиісті. Жердің бұл ерекшелігі ауылшаруашылық өндірісінде транспорттық шығындар маңызының арта түсуін себептейді. Сондықтан өнімнің өзіндік құнында тасымалдау шығындарының салыстырмалы үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Бұл жағдай жерге орналастыру шешімдерін бағалау барысында орташа қашықтық пен транспорттық шығындар көлемін аса маңызды көрсеткіштер ретінде қолдануға себеп болды. Жердің осы ерекшелігінен туындайтын тағы бір тұжырым: ол, жылжымайтын мүлік ретінде өзімен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарымен бірге, нарықтық келісімдердің объектісі болып табылады.
4) Басқа өндіріс құралдары ескіріп тозатын болса, жер ғылыми ұсыныстардың негізінде пайдаланылса үнемі жақсара береді. Оның осы ерекшелігіне бүкіл агрономия ғылымы негізделеді. Адамзаттың даму болашағы түптеп келгенде топырақтың құнарлылығын сақтап қалу және арттыру мәселесіне айналып келеді.
Жердің бұл ерекшелігін танып мойындау, Мальтус теориясы негізделген топырақ құнарлылығының үнемі кему заңын теріске шығару деген сөз. Егер де бұл «заң» танылып басшылыққа алынатын болса, адамзаттың болашақта жойылуын амалсыз мойындау керек. Бірақ та қазіргі кезде әлемде адамзаттың өркениетті дамуына бағытталған ғылыми тұжырымдама басым. Соңғысы пессимистік мағынадағы демографиялық теорияларды, олардан туындайтын халық санын қысқарту қажеттілігі жөніндегі кертартпа ұсыныстарды жоққа шығарады.
Жерді үйлестірумен, оның пайдалануын ұйыммдастыру технологиясымен онымен үзілмес байланыстағы және басқа жылжымалы өндіріс құралдарын тиімді орналастыру мәселесі тығыз байланысты. Осы міндеттерді кешенді түрде жүзеге асыру әдістемесі –әр түрлі қолданбалы ғылымдардың тақырыбы. Олармен, өндіріс құралдары орналасқан жер учаскелерінің орынды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру әдістемесін зерттейтін жерге орналастыру ғылымы өзара байланысты.
Әсіресе бұл Республика жер қорының аса маңызды категориясына –ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты.
Жоғарыда айтылғандардан, жалпы жерге орналастыру кешенін құрайтын инженерлік‑техникалық және ұйымдастыру –шаруашылық шаралардың күрделілігі туралы тұжырым туындайды.
Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн. га құрайды. ТМД елдерінің арасында оның территорнясы Ресей Федерациясынан кейін екінші, ал дүние жүзінде тоғызыншы орын алады.
Қазақстанның бүкіл жер қоры өте қуаң климатпен сипатталатын табиғи аймақтарда орналасқан. Жалпы түрде айтқанда, бұл қауіпті егіншілік аймағы. Республиканың оңтүстік аймақтарында тек суармалы егіншілік қана мүмкін. Дала және құрғақ дала аймақтарында төлімі егіншілік дамығанымен, ол топырақтағы ылғалды сақтап қалу мақсатымен күрделі шаралар кешенін талап етеді. Батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында орасан зор территорияны аридтік табиғи жайылымдар алып жатыр. Соңғылары көбінесе қой, жылқы және түйе шаруашылығын жүргізуге пайдаланылады.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдары тың және тыңайма жерлерді жаппай игеру себебінен республиканың жер қорында түбегейлі өзгерістер пайда болды. Бұл процестің бастамасы СОКП ОК 1954 жылдың ақпан-наурыз айларында қабылдаған "Елде астық өндіруді әрі қарай дамыту және тың мен тыңайма жерлерді игеру туралы" атты Қаулысы болып табылады.
Аталған мерзімнің ішінде Қазақстан территориясында 25 млн. га жуық тың және тыңайма жер жыртылды. Бұл процестің маңыздылығын жете түсіну және объективті бағалау үшін сонша көне емес тарихи фактілерге жүгінген қажет. Шығыс аймақтарға Европалық Ресейден шыққандардың жаппай қоныстануы XIX ғасырдың соңғы он жылдықтарында басталып, Столыпин реформасын жүзеге асыру кезінде, XX ғасырдың басында күшейе түсті. Бұның себебі ғасырлар бойы қалыптасқан кең байтақ даланың құнарлы жерлері мен Ресейдің орталық аймақтарындағы жер тапшылығы. Мысалы, қазақ даласына (Орал, Торғай, Семей және Ақмола) 1906 ж - 25100,1907 ж - 81300, 1908 ж - 80159, 1909 ж -89711,1910 ж - 67097, 1911 ж - 55508, 1912 ж - 41077 шаруа қожалықтары қоныстанды.
Мысалы, 1906-1908 ж.ж. аралығында барлығы 1553,4 мың адам көшірілсе, соның 564 мыңы жаңа жерде орнығып, ал 285,0 мыңы қайтып оралған екен. Қалған 700 мыңнан астам адамның тағдыры белгісіз.
XX ғасырдың екінші жартысында тың және тыңайма жерлерді игеру процесі едәуір басқаша бсйнеленеді.
Алғашқы рет бұл мәселе 1930 жылы көтерілген еді. Көрнекті ғалым академик Н.М. Тулайковтың сол кездегі болжауы бойынша Қазақстанда егістікке жарамды жерлердің көлемі 50-55 млн. га шамасында болған. Осы орасан зор ауданның 36 млн.га Сібір мен Оралға таяу Актөбе, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Павлодар және Семей округтарында орналасқан екен. Барлық жыртуға жарамды жерлердегі бидай егістіктерінің үлес салмағы қарастырып отырған жылдары не бары 5 % қана құраған.
Тек қана 1954 жылы кең байтақ өлкенің өміріне түбегейлі өзгерістер енгізген, жаппай қозғалыс орын ала бастады. Екі жылдың ішінде Солтүстік Қазақстан өңіріне 650 мыңга жуық адам кешіп келді, солардың ішінде 130 мың механизатор. Қазақ КСР-ның сол кездегі ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметтері бойынша 1954-1960 ж.ж. республиканың территориясында 25,5 млн. га жер жыртылған екен, соның ішінде 17 млн. га бес Солтүстік облыстарында (3 кесте) 1963 жылға қарай Қазақстанда 2695 совхоз бен басқа мемлекеттік шаруашылықтары және 542 колхоз жұмыс істеді. Олардың қарамағында 190 млн. га жер болып, соның 34 млн. га жыртылған жерді құрады.
Онжылдың ішінде Солтүстік Қазақстанда негізінен астық өндіру бағғытындағы 600 жаңа совхоз ұйымдастырылды.
Кесте 3
1954-1960ж.ж тың және тыңайма жерлердің жыртылуы (мың га)
Республика, облыс. |
Жылдар |
1954-1960 ж.ж, барлығы |
||||||||
1954 |
1955 |
1956 |
1957 |
1958 |
1959 |
1960 |
мың га |
% |
||
ҚАЗАҚ КСР |
8531 |
9436 |
1908 |
1064 |
1877 |
1020 |
1648 |
25484 |
100 |
|
Солтүстік Қазақстанның 5 облысы |
6562 |
6219 |
803 |
413 |
1295 |
529 |
1161 |
16982 |
67 |
Осының ішінде:
Целиноград |
1644 |
1734 |
155 |
118 |
283 |
138 |
236 |
4308 |
17 |
Көкшетау |
1428 |
928 |
44 |
51 |
124 |
39 |
120 |
2134 |
11 |
Қостанай |
1710 |
2102 |
185 |
180 |
339 |
471 |
125 |
5112 |
20 |
Павлодар |
1021 |
1185 |
406 |
46 |
394 |
187 |
259 |
3498 |
14 |
С.Қазақстан |
759 |
270 |
13 |
18 |
155 |
40 |
75 |
1330 |
5 |
Сол жылдары осы бес облыстағы совхоздар мен колхоздардағы тракторлар саны 6,8 есе, комбайн - 6,4 есе, жүк таситын автомобильдер - 11 есе, электростанциялардың қуаттылығы - 27 есе арта түсті. Тың совхоздарының энергиямен қаруландырылғандығы сол кезде-ақ бір жұмысшыға 60 а.к. құрады, ал КСРО көлемінде бұл көрсеткіш тек 7,2 а.к. шеңберінде ғана болды.
Совхоздардың басым бөлігі астық өндіруге бағғытталды. Сонымен бірге мал шаруашылығы мен басқа салаларға мамандандырылған совхоздардың да саны бірте-бірте көбейе бастады. Ұйымдастырылған миграциялық процестердің нәтижесінде Солтүстік Қазақстанның бес облысындағы ауылшаруашылық жұмысшыларының саны 103 мыңнан (1953ж.) 536,7 мыңға дейін (1964 ж.) өсті, демек 5 еседен астам.
Бақылау сұрақтары:
1.Жер меншігінің түрлері,олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
2.Жер жеке меншігі,жер пайдалану және жер иелену ұғымдарының айырмашылығы.
3.ҚР Конституциясы жер меншігі туралы.
4.ҚР мемлекеттік және жеке жер меншіктерінің жүзеге асырылуы.
5.Жерді Жалға алу,оның түрлері мен субьектілері,жерді жалға алу мерзімдері.