
- •Тәжірбиелік жұмыс №1 Табиғаттық ресурс және өндіріс құралы ретінде жер туралы ғылым
- •Тәжірбиелік жұмыс №2
- •Тәжірбиелік жұмыс №3
- •Тәжірбиелік жұмыс №4 Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретіндегі ерекшеліктері
- •Тәжірбиелік жұмыс №5 Ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаты
- •Тәжірбиелік жұмыс №6 Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- •Тәжірбиелік жұмыс №7 Жерге орналастырудың түсінігі, объектісі
- •Тәжірбиелік жұмыс №8 Жерге орналастырудың мәні және құқықтық негіздері
- •Тәжірбиелік жұмыс №9 Жерге орналастыру техникасы
- •Тәжірбиелік жұмыс № 10 Жерге орналастырудың құрылымы және принциптері
- •Тәжірбиелік жұмыс №11 Жерге орналастыру факторларының өзара байланысы және оларды жерге орналастыру мәселесін шешуде ескеру
Тәжірбиелік жұмыс №11 Жерге орналастыру факторларының өзара байланысы және оларды жерге орналастыру мәселесін шешуде ескеру
Жерге орналастыруда экономикалық жағдайлар екі әдіспен ескеріледі: біріншісі , территорияны өңдірістің мұқтаждықтарына қарай бейімдеу арқылы, екіншісі ,өндірісті территорияның реттілігі мен қасиеттерін ескере отырып өзгерту.Бірінші жағдайда өндірістің салалық құрамына сәйкес алаптардың аудандары мен құрамы қалыптастырылады, еңбек пен көлік шығындарын мол талап ететін дақылдардың егістіктерін шаруашылық орталықтарына, мал фермаларына барынша жақындату мүмкіншіліктері және жер массивтерінің пішін кескіндіктерін жақсарту, алаптардың ұсақ контурлылығы мен ыдыранқылығын жою қажеттілігі қарастырылады. Екінші жағдайда шаруашылықтың өндірістік бағыты, мамандандырылғандығы, мал фермалары мен бөлімшелерінің орналасуы, ауыспалы егістіктері мен а.ш. дақылдары өсіру технологиялары топырақтардың құнарлылығы мен таралуына, эрозияланғандығына және жердің басқа да кеңістік ерекшеліктеріне қарай анықталады. Шаруашылық орналасқан аймақтың топырақ-климаттық жағдайлары алаптардың құрамы мен арақатынастарын себептейді, ал соңғысы шаруашылықтың мамандандырылғандығын, демек территорияның реттестірілуіне тікелей әсер етеді. Мысалы, астық өндіретін шаруашылықтарда алаптардың басым бөлігін жыртылған жер құраса, қой шаруашылықтарында табиғи жайылымдардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Қала маңында орналасқан, еңбек ресурстарымен толығырақ қамтамасыз етілген шаруашылықтарда көбінесе интенсивтік дақылдар (көкөніс, картоп және т.с.с.) шоғырланады.
Ал, мал өсіруге мамандандырылған кәсіпорындардың егістік құрамында мал азығы дақылдарының (көпжылдық және біржылдық шөп, жүгері, тамыр жемістілері және т.б.) үлес салмақтары едәуір артығырақ болады.
Жеміс-жидек бағытындағы шаруашылықтарда алаптарыныңбіраз бөлігі көпжылдық көшеттері өсіруге үлестіріледі.
Нарықтық экономика кезеңінде өнімнің қай түрі болса да шаруашылықтың мамандандырылғандығына қарамастан, өзін-өзі өтеу және қаржыландыру принциптерінің негізінде өндіріледі. Бұл, ауылшаруашылық өндірісі толығымен ұдайы өндіріске жеткілікті тұрақты рентабельдікке бағытталған деген сөз.
Сондықтан жерге орналастыруда шаруашылық пен оның өндірістік бөлімшелерінің мамандандырылғандығын талдау, соңғысының жерді тиімді пайдалану талаптарына сай болуын анықтау қажетті. Осымен қатар өнімдері қабылдау және өндеу кәсіпорындарының жабдықтану пункттері мен инфрақұрылымның бар болуы және орналасуы, шаруашылықаралық кооперация және агроөнеркәсіптік интеграция мүмкіншіліктері туралы мәліметтер жиналады. Бұл мәліметтер шаруашылықтың мамандандырылғандығын нақтылауға, алаптардың құрамы мен аудандарын және т.б. осыған сәйкес калыптастыруға мүмкіндік береді. Түпкі мақсат-жердің пайдалану деңгейін барынша көтеру және топырақтың құнарлылығын жүйелі түрде арттырып отыру.
Осы мақсатпен, сонымен бірге өндірістің тиімділігін арттыру үшін, шаруашылық жүргізу жүйесі, егіншілік және мал шаруашылығы салаларының үйлесімділігі, өндірістің ұйымдастыру деңгейі зерттеледі, жалпы және тауарлы өнімнің құрамы мен өндірістің рентабельдіктігі, кіріс пен шығыс, өнімнің өзіндік құны мен тағыда көптеген экономикалық көрсеткіштер талданады.
Бұл іс-әрекеттер нарық қатнастары,толық шаруашылық есебі,өзін-өзі өтеу қаржыландыру талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.
Сондай-ақ жерге орналастыруда еңбектің ұйымдастырылуы,еңбек ұжымдарының а,ш техникамен және өндірістік қорлармен қамтамасыздандырылғандығы назарға алынады.Ол үшін еңбекке жарамды адамдардың саны,біліктілігі,а.ш алаптармен жүктелуі,өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі,шаруашылық жүргізу және жекешелендіру формалары,мүлік және жер үлестерінің мөлшері,бұрынғы совхоздар мен
колхоздардың территорияларында жаңа шаруашылық құрылымдардың (ШФҚ, ЖШС,JK және т,с,с)ұйымдастырылу анықталды .
Қажетті жағдайда,осымен бірге шаруашылық тың бос ақшалай қорлары айқындалып,керекті өндірістік объектілерді салуға,территорияны инженерлік тұрғыда жабдықтауда, белгіленген культуртехникалық және мелиоративтік шараларды жүзеге асыруға несие бөлу мүмкіншіліктері қарастырылады.
Бұл мәліметтердің барлығы жоспарланған жерге орналастыру іс-қимылдардың дәлелдігін қамтамасыз ете отырып,жобалық шешімдерді толық негіздеуге жағдай жасайды.
Аталып өткен экономикалық жағдайлар жерге орналастыруға дейінгі және содан кейінгі көрсеткіштер бойынша талданады.
Жерге орналастыруда ескерілетін негізгі әлеуметтік жағдайлары:
1) қалыптасқан қоныстану жүйесі,халықтың құрамы мен қоныстану тығыздығы,миграциялық процестердің динамикасы;
2) елді мекендердің саны,орналасуы,көлемдері,мақсатталғандығы және жабдықталу деңгейі,әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы;
3) мал фермаларының түрлері,саны,көлемі,егіншілік пен мал шаруашылығында өндірістік процестердің механикаландыру деңгейі;
4) еңбекті ұйымдастыру,ақы төлеу,материялдық және моральдік ынталандыру формалары;
5) жол торабының күйі,халықтың көлікпен қамтамасыз етілуі,су көздерінің тапшылығы,елді мекендер мен өндірістік орталықтардың сумен қамтамасыздандырылуы және жайылымдардың суландырылуы;
6) жеке үй (қосалқы) шаруашылықтарының даму деңгейі,оларды ұлғайту мүмкіндіктері;
7) қала тұрғындарының,саяжай құрлыстарының (жеке меншік,кооперативтік) және бағбандықтың дамуы;
8) өнімді өткізудің және өндірісті жабдықтаудың ұйымдастырылуы,кооперацияның,нарықтық қатынастардың,инфрақұрылымның дамуы,ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын жақсарту мүмкіншіліктері.
Қалыптасқан ауылдық жүйесі бір текті емес.Мысалы қой шаруашылығы тараған батыс және оңтүстік аймақтарға ұсақ қоныстар тән,ал республиканың астық өндірісі дамыған жерлерінде ірі елді мекендер қалыптасқан.
Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға көшу процесі үдейе түсуде. Бұл шаруашылықтардың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне теріс әсер етеді,сондықтан жерге орналастыруды жүргізгенде міндетті түрде ескерілуі тиіс. Әрбір жеке жағдайда ауыл жанұяларын жақсы жабдықталған,қора-қопсылары бар үйлермен қамтамасыз ету көзделеді.
Осы мақсатпен жерге орналастыруды жүзеге асыру барысында елді мекендердегі жерді іс жүзінде пайдалануы зерттеліп,бос учаскелері айқындалады,жеке қосалқы шаруашылықтарының ұйымдастырылуы,оларды ұлғайту мүмкіншіліктері қарастырылады.Сондай-ақ шаруа фермерлік қожалықтарының динамикасы мен әрі қарай дамуы зерттеледі.
Осы аса маңызды әлеуметтік проблеманың шешілуі жерді пайдалану экономикасымен,әрбір елді мекеннің дамуымен тығыз байланысты.халық миграциясының белсенділігі жұмыс орындарының,денсаулық қорғау,білім беру және мәдени-тұрмыс қызметтерінің бар болуына,транспорттық қатынастардың даму деңгейіне тікелей байланысты.Бұндай қызметтер мен жұмыс орындарының жоқтығы,шарасыз халықтың көшуін себептейді.Осының нәтижесінде шағын аудандардың едәуір бөлігі құлдырап ,оларды сақтап қалу бүгінгі күннің шешімін күттіртпейтін проблемалардың біріне айналып тұр. Бұл мәселені шағын елді мекендерде қажетті мөлшерлерде жұмыс орындарын қамтамасыз ету,олардың жаңа шаруашылық құрылымдарын ұйымдастыруға пайдалануға және дағдарыс жылдары жойылған мал фермалары мен кешендерін қалпына келтіру арқылы шешуге болады.Өзі кезегінде бұл іс-шаралар шағын қоныстарының жандануына және оларды мәдени-тұрсыс объектілерін (ФАП-терін,мектептерді,дүкендерді және т.с.с) салуға септігін тигізеді.
Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымдарының дамуы жол торабы күйі мен транспорттық қатынастарын ұйымдастыру деңгейімен де байланысты.Жолдардың жоқтығы немесе олардың сапасының нашар болуына себепті елді мекендер мен өндірістік орталықтарының өңделетін жерлер мен мал азығы алаптарының арасындағы қатынастар қйындай түседі.Ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәлеметтері бойынша өнімді тасмалдау кезінде жолдың әрбір километрінде 10-20 кг астық,0,5 пайыз көк өніс жоғалады екен.Жұмыс орнына барып қайтуға қажетті уақыттың да көлемі едәуір арта түседі.
Жерге орналастыру жобаларында жер пайдаланушылықтардың кеңістік кемшіліктерін (алабарлық,шалғай жерлік және т,с,с.)жою арқылы жолы жоқ жерлер мен жергілікті маңызы бар жолдар да жүру қашықтықтары айтарлықтай қысқартылады.Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің демалу және санитарлық-гегиеналық жағдайларын жақсарту мақсатымен алаптық қостар мен орман жолақтары жобаланады,жарамсыз және тасталған жерлерде ағаш өсіру,жалпы мәдени ландшафтарды қалыптастыру және жақсарту жөніндегі шаралар жоспарланады .
Бақылау сұрақтары:
1.Жерге орналастыру ғылымының қазіргі проблемалры.
2.Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында жерді ұтымды пайдалану және қорғау мәселесінің мәні.
3.ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы және одан ағындайтын аса маңызды ғылыми зерттеу проблемалары.
4.Ауылшарушылық мақсаттағы жерге жеке меншікті енгізу және осыған байланысты ғылыми-зерттеу міндеттері.
5.Миграциялық ағындарды реттеу мәселесі және оыс жөніндегі ғылыми зерттеулердің міндеттері.