
- •Тәжірбиелік жұмыс №1 Табиғаттық ресурс және өндіріс құралы ретінде жер туралы ғылым
- •Тәжірбиелік жұмыс №2
- •Тәжірбиелік жұмыс №3
- •Тәжірбиелік жұмыс №4 Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретіндегі ерекшеліктері
- •Тәжірбиелік жұмыс №5 Ауылшаруашылық алқаптарының сапалық сипаты
- •Тәжірбиелік жұмыс №6 Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
- •Тәжірбиелік жұмыс №7 Жерге орналастырудың түсінігі, объектісі
- •Тәжірбиелік жұмыс №8 Жерге орналастырудың мәні және құқықтық негіздері
- •Тәжірбиелік жұмыс №9 Жерге орналастыру техникасы
- •Тәжірбиелік жұмыс № 10 Жерге орналастырудың құрылымы және принциптері
- •Тәжірбиелік жұмыс №11 Жерге орналастыру факторларының өзара байланысы және оларды жерге орналастыру мәселесін шешуде ескеру
Тәжірбиелік жұмыс №1 Табиғаттық ресурс және өндіріс құралы ретінде жер туралы ғылым
Қазіргі ғылыми‑техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған ХХІ ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зертте улер объектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде бүкііл дүние жүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде орын алып отыр.
Табиғи ресурстар деп еңбек құралы, энергия, шикізат және материалдар көздері ретінде пайдаланудағы немесе пайдалануға жарамды табиғат заттарын атайды. Олардың пайдалануы, бірінші кезекте, адамның биологиялық тіршілігін қамтамасыз ететін қоғамның экономикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағғытталған. Бірақ та бұл проблеманың бір шеті, екіншісі‑ осы табиғат күштерін адамның, оның қазіргі және болашақтағы ұрпақтарының игілігіне пайдалана білу.
Табиғи ресурстарға бірінші кезекте ауа бассейні мен бүкіл қоршаған орта жатады (1‑кесте).
Толығырақ айтқанда аталған табиғи ресурстардың қатарына жер мен су, флора мен фауна да жатқызылады. Осылардың арасында, қоғамдық байлықтың сарқылммас қайнар көзі ретінде адамға пайдалы болған жер, оның қойнауы мен шикізат ресурстары ерекше орын алады.
Жер‑ адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жағдайлар қалыптасқан, қойнауы мен биосферасының сан алуан байлығымен сипатталатын және еңбекті қолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, ХVІІ ғасырдағы көрнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: «Тұтыну құндары мен заттық байлықтың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек‑ байлықтың атасы, ал жер оның анасы» деген екен.
Кесте 1
Табиғи ресурстар, оларды пайдалану ерекшеліктері және құрамындағы жердің орны
Табиғи ресурс |
Табиғи салаға жатуы |
Жермен өзара байланысы |
Негізгі шаруашылық мақсатталғандағы |
Ұдайы жаңару қабілеттілігі |
Жер |
Литосфера |
|
Агроөндірістік және басқа да халық шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыру, азық‑түлік және шикізатты өндіру,өндірістік емес іс‑әрекеттерді жүзеге асыру |
Шектелген түрде жаңарып отырады |
Минерал ресурстар |
Литосфера |
Топырақтың минералдық негізін құрайды. Пайдалы қазбалар жер астында жатады.
|
Минералдық және отын‑энергетикалық шикізат |
Қайта жаңармайтын |
Су |
Гидросфера |
Әр түрлі агрегаттық күйінде табиғаттың барлық элементтерінде табылады. |
Ауыл шаруашылық, тұрмыс және өнеркәсіптік су тұтыну |
Қайта жаңарылатын |
Өсімдік |
Биосфера |
Жер бетімен және топырақ қыртысымен тығыз байланысты түрде болады. |
Өсімдік және орман шаруашылықтары өнімдерін өндіру |
Қайта жаңарылатын |
Жануар әлемі |
Биосфера |
Жер бетімен және топырақ қыртысымен тығыз байланысты түрде тіршілік етеді. |
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, аң аулау шаруашылығын жүргізу |
Қайта жаңарылатын |
Климат |
Атмосфера |
Табиғаттың жылу, ылғал, газ алмасу көздері |
Өндірістік процесс пен адамзат тіршілігінің ортасын қалыптастырады |
Шектелген түрде жаңарып отырады |
Жалпыхалықтық масштабта жер ұғымы планета бетін қамтиды. Дегенмен, жалпыға мәлім: Жер бетінің басым бөлігі 361,1 млн2.км немесе 70,8%‑тін алып жатқан Әлем Мұхиты астында, жер көлемі алты құрлықты қамти отырып, планетаның 149,1 млн.км2 немесе 29,2%‑ті құрайды. Соңғысының 1/3 бөлігі таулы жерлер, 20%‑тін шөл және 30%‑тін орман алыр жатыр. Жердің тек 10%‑і ғана ауыл шаруашылық алаптарға жатады.
Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері, оның тек табиғат кешенінің басқа компоненттерімен –климатпен , су ресурстарымен, өсімдік және хайуанат әлемімен өзара әрекеттестік түрінде ғана тиісті маңызға ие болады.
Жер осы кешеннің, демек жер бетінің, онымен шектес литосфераның, гидросфераның және атмосфераның, аса күрделі құрам бөлшектерінің бірі болып табылады. Табиғи ресурстар таусылатындар және таусылмайтындар болып бөлінеді. Жер болса, шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатады. Оның басқа табиғи ресурстарының құрамындағы орны 1‑кестеде көрсетілген. Жерді шектеулі түрде жаңаратын ресурстарға жатқызу оның екі қасиеттерімен себептеледі: бір жағынан, жер дұрыс пайдаланылған жағдайда оның өндіргіш қасиеттері ұдайы өндірілуге тиісті, ал екіншіден, жер жылжымайтын мүлік, демек оның жалпы көлемі өзгермейді.
Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғат кешені бола отырып, белгілі бір заңдар бойынша пайдаланылады. Адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін себептейтін негізгі заңдар қатарына минимум, факторлардың бірлесіп әсер ету, толеранттық және табиғи аймақтық заңдары жатады.
Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдайлардың орташа емес, ең төмен көрсеткіштерімен себептелуге тиісті.
Факторлардың бірлесіп әсер ету заңы ландшафт қасиеттерінің кешенді түрде ықпал жасауын сипаттайды. Сонымен бірге факторлардың жалпы әсері әрқашанда жеке фактордың әсерінен басым бола түседі.
Толеранттық заңы бойынша экожүйе тек белгілі бір шектің ішінде ғана қалыптасады. Жаратылыс биоценоз табиғи аймақтарға қарай өзгеріп отырады. Осы жағдайдың ауыл шаруашылық өндірісте ескерілгені аса маңызды.
Осыған себепті Қазақстан Республикасының территориясы 10 аймаққа бөлінген:
1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейт; 5) шөл; 6) тау етегіндегі шөлді дала; 7) субтропикалық шөл; 8) субторпикалық тау етегіндегі шөл; 9) ортаазиялық таулы облысы; 10) оңтүстік‑сібір таулы облысы.
Жер кодексінде келтірілген осы аймақтар тек табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаны жалпы сипаттайды, территорияны макро‑ және микроаймақтау, бірінші кезекте, ауылшаруашылық алаптарын аймақтауға, ауыл шаруашылық өндірісін мамандандыруға мақсатталған. Бұл аса маңызды жұмыстарды. Жер кодексінің 8‑бабына сәйкес негізделе отырып, басқа саладағы мамандармен бірге, жерге орналастырушы және жер кадастры инженерлері жүзеге асырады.
Облыстар мен аудандардың шекаралары, демек әкімшілік аудандау, табиғи аймақтардың шекараларымен үйлеспейді (1‑сурет).
Бірақ та олардың шамамен былай топтастыруға болады: бірінші 3 аймақ солтүстік және жарым‑жартылай орталық облыстарын; 4‑5 және 6‑ аймақтар батыс және бір бөлігі орталық облыстарын; 7‑8 және 9‑ аймақтар оңтүстік облыстарын, ал 10‑ Шығыс Қазақстан облысын қамтиды.
Жерлерді аймақтау негізінде территорияны табиғи‑ауылшаруашылық тұрғыдан аудандау алынған. Республикада 8 табиғи‑ауылшаруашылық аудан және екі таулы облыс белгіленген. Осы аудандар бойынша жер көлемінің сипаттаммасы 2‑кестеде келтірілген.
Республика территориясының едәуір бөлігін (54,8%) шөлейт және шөл аймақтары алып жатыр. Бұл өзі кезегінде жердің, әсіресе агроөндірістік кешенінде, пайдалану сипатын себептейді. Әр түрлі аймақтар бойынша шабындық және басқа да алаптар аудандарында елеулі айырмашылық байқалады.
Жерді табиғи ресурс және жалпы мекендеу ортасы ретінде құнтты пайдалану адамзаттың даму келешегін себептейді, өйткені ол әр түрлі мақсаттарға және басқа ресурстармен өзара байланыста қолданылады. Жер тек еңбекпен, су және биоклиматтық ресурстармен өзара әрекеттестік түрде ғғана өндіріс құралы болып табылады.
Жер ресурстарын реттестіру және пайдалану жөніндегі әр түрлі міндеттерді орындау барысында мынадай бірқатар негізгі принциптерді ескерген қажет:
‑ өндірістің жерге теріс әсер етуін экологиялық қауіпсіз деңгейге дейін барынша азайту;
‑ жерді пайдалану барысында сапасының өзгеруін қадағалау негізінде, оның әр түрлі қолайсыз табиғат құбылыстар мен антропогендік теріс ықпалдардан қорғалуын қамтамасыз ету.
Жердің құнтты пайдалануы оның берікті қоғалуымен және экологиялық жағдай мен ландшафттың күйін үнемі ескеріп отырумен тығыз байланысты. Аталған концептуалдық принциптер бірінші кезекте ауыл‑шаруашылық мақсатындағы жерлерге, әсіресе негізгі ауыл шаруашылық алаптарына қатысты.
Бақылау сұрақтары:
1.Жердің табиғат ресурсы және өндіріс құралы ретіндегі ерекшеліктері,олардан ағындайтын қорытынды.
2.Жерді ұтымды пайдалану мәселесі және оның мәні.
3.Жердің жалпы өндіріс құралы ретіндегі сипаттамасы және оның адам тіршілігінің әр түрлі салаларында функциялау зандылықтары.
4.Жердің ауылшарушылық өндірістің басты өндіріс құралы ретіндегі сипаттамасы.
5.Осы тарауға тікелей қатысты Жер Кодексінің баптары.