Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать

Өзіндік жұмыстың үлгілік тақырыптары

Өзіндік жұмыстың сапасын анықтайтын неғұрлым маңызды және жауапты сәті болып зерттеу тақырыбының дұрыс таңдап алынуы. Өзіндік жұмыстың тақырыбы:

- өзекті, ғылым мен өндірістің қазіргі жағдайы мен даму болашағына сәйкес келуі;

- мазмұны бойынша курстық жұмыстың міндеттеріне жауап беруі, мамандық бойынша теориялық және практикалық білімдерді нығайту және кеңейтуді қамтамасыз етуі тиіс.

Өзіндік жұмыстың тақырыптары кең, кешенді теориялық және практикалық сипатқа ие болуы, шаруашылық қызметінде ұсынылатын неғұрлым маңызды мәселелерді көрсетуі керек.

Өзіндік жұмысты жазу барысында мынадай әдістемелік нұсқау сақталғаны жөн:

- тақырыптың ғылыми-теориялық астарын толық меңгеру үшін керекті әдебиеттерді анықтап, оны оқып-үйрену, өзіне керекті дегендерін жазбаша жинақтау;

- ғылыми-теориялық тұжырымдарды шаруашылық қызметінде болып жатқан жағдайлармен салыстыра қарастыру үшін ресми материалдар мен динамикалық, құрылымдық, мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерді терең талдау.

Өзіндік жұмыстың тақырыптары:

1.Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі;

2.Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерістер есебі;

3.Тіркелген активтер бойынша шегерістер;

4.Табыс салығының есебі;

5.Салық есебін ұйымдастыру;

6.Қосылған құн салығының салық есебі;

7.Салық салынатын табысты анықтау;

8.Уақытша және тұрақты айырмаларды анықтау;

9.Міндеттемелер әдісі бойынша корпоративті табыс салығының есебі;

10.Өнім өткізуге кеткен шығындарды құру есебі;

11.Салық кезеңі және салық декларациясы;

12.Есеп құжаттарын толтыру және сақтау.

13. Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп

14.Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстары

15.Қызметті, жұмысты, тауарды сатудан түсетін табыс және оны анықтау тәртібі

16.Жылдық жиынтық табысты түзету

17.Жылдық жиынтық табыстан шегерілетін шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі

18.Салық есебінің ережелері және тауарларды (жұмыс, қызмет) сату және өндіріске жұмсалған шығындар бойынша шегерістер

19.Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және оларды шегеріске жатқызу

20.Еңбек ақы төлеу бойынша шығындардың есебі және оларды шегеріске жатқызу

21.Алдағы кезең шығындарын шегеріске жатқызу

22.Тіркелген активтер туралы түсінік

23.Тіркелген активтердің амортизациясының есебі

24.Жылдық жиынтық табыстан шегеріске жататын, негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың салық есебі

25.Пайыздар бойынша шығындардың есебі

26.Алынған несиелер (займ) үшін сыйлық төлеу бойынша шығындарды шегеріске жатқызу тәртібі

27.Күдікті қарыздар туралы түсінік және оны талап ету

28.Күдікті талаптар бойынша шегерімдердің салық есебі

29.Геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды өндіру үшін дайындық жұмыстарын жасауға жұмсалатын шығындардың салық есебі

30.Әлеуметтік салық есебі

Өзіндік жұмыстың үлгілік құрылымы

Тақырып: Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысын есептеу.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ

1.1.Кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастыру

1.2.Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрамына кіретін табыстарын анықтау

2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСЫ есебі және оны талдау

2.1.Салық салынатын табысты есептеген кезде пайда болатын айырмашылықтарды есептеу

2.2. Жылдық жиынтық табыс туралы декларацияны ұсыну

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША