Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК налог 13.11 учетпос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.2 Салық салу объектісі.

Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi. Мемлекеттің салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден оның салық мiндеттемесiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал салық мiндеттемесi орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда салық Кодексінде көзделген тәртiппен оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушiнің салық мiндеттемесi туындайды.

Салық базасы салық салу объектiсiнің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негiзiнде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердің сомасы айқындалады.

Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын бiлдiредi. Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.

Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

Қазақстан Республикасында салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түріне сәйкес, олардың салық салу объектілері де сәйкесінше болады.

Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:

1. Қазақстан Республикасында мынадай:

1) салықтар:

корпоративтік табыс салығы;

жеке табыс салығы;

қосылған құн салығы;

акциздер;

экспортқа рента салығы;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

әлеуметтік салық;

көлік құралы салығы;

жер салығы;

мүлік салығы;

ойын бизнесі салығы;

тіркелген салық;

бірыңғай жер салығы;

2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

мемлекеттік баж;

алымдар;

тіркеу алымдары;

автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;

аукционнан алынатын алым;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым;

мыналар:

жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;

қоршаған ортаға эмиссия үшін;

жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

орманды пайдаланғаны үшін;

ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;

сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

Салықтың, бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиiстi бюджеттердiң кiрiстерiне түседi.