Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Multimedia__1201__1171_ymyna_any_1179_tama_beri...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.24 Кб
Скачать

9. Картографиялық белгілерді құрудың компьютерлік әдісі

Бағдарламалық қамтамасыз ету.Компьютерде картаны безендіру векторлық графикамен жұмыс жасауға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Оны шартты түрде үшке бөліп қарастыруымызға болады: Жалпы мақсаттағы векторлық графикалық бағдарламалар(Corel Draw, Adobe Illustrator және т.б.). Геоақпараттық жүйелердің картографиялық топтамасы (ArcInfo, MapInfo, ГеоГраф, WinGIS және т.б.). Картографиялық өндіріске бағытталған, бағдарламалық-аппараттық карта шығару кешендерінің құрамына кіретін мамандандырылған картографиялық бағдарламалар.

Нүктелік картографиялық белгілерді құрастыру әдістері.Көптеген бағдарламаларда базалық графикалық нысандар болып төмендегі нысандар есептеледі: Дөңгелек немесе дөңгелек доғасы; Шеңбер немесе сектор; Төбелерінің саны белгілі дөңес және дұрыс көпбұрыш; Сәуле ұзындығы және саны белгілі жұлдызды дұрыс көпбұрыш; Түзу сызықты сегменттерден құралған сынық сызық; Үшінші дәрежелі параметрлік полиномды сегменттерден тұратын (машиналық графикада олар «Безье қисықтары» деп аталады) қисық сызық.

Картографиялық белгілерді сызықты әдістер арқылы құрастыру Жуандалған сызықтың жасалуында оның жуандығы , бiрлiк (миллиметрлер, тармақ және тағы басқалар, дюйм) өлшемдері беріледі. Бағдарламалардың көпшiлiгi жуандалған сызықтардың суретiн аудан объект ретінде салады, яғни алдымен кейбiр контурлар осьтік сызықтар айналасында пайда болады, содан соң ол боялады. Осьтiк сызық пунктирмен көрсетiлген. Олар бір-бірінен формалары арқылы ерекшеленеді. Мұндай контурдың жасалуының бiрнеше варианттары бар. Олар бір-бірінен шеткi нүктелердегi сызықтарының формалары арқылы, сонымен бiрге iшкi нүктелерде қосу формасымен ерекшеленеді. Шеткi және iшкi нүктелердегi дөңгелектеу мен құрастырулар әдiсі ең көп қолданылатын әдіс. Штрих- пунктир сызығын жасау үшін штрих және аралықтар үлгi сін беру керек. Мұндай сызықтар бейнеленгенде, штрихтар таңдаулы жуандық және түстерарқылы көрсетіледі. Тек қана сызықты таңбалардың шектелген жиынын алу үшін базалық құралдар көмегiмен, тiптi мүмкiн орналастыруды пайдалануға болады. Шаблонды кисть бірінен соң бірі сызық бойымен орналасады,оның формасына байланысты бойымен орналасады. Шаблон осы әдіс үшін әр бөлікке арналған әр түрлі элементтерден тұра алады(ортаңғы бөлік, шеткі нүкте, тік бұрыштағы бұрылыс нүктелері). Мемлекеттің шекарасын картада көрсетуге арналған «шаблонды кисть» аспабы арқылы, сызықты таңба жасауға болады. Орнаментті және басқада суреттерді қолданып,бұл аспаппен көркемдік сыртқы рамка жасау өте ыңғайлы. Көркемдік кисть аспабында шаблон бар сызық бойымен созылып жатыр,соның формасы бойынша трансформалап. Сызықтың бастапқы нүктесінен бергі арақашықтықтан белгілі бір заң бойынша өзгеретін бұл аспапты сызықты таңба жасау үшін өте ыңғайлы қолдану. Шаблон орнына трапецияны қолданар болсақ, көркемдік кисть аспабын ауыспалы жуандық жасау үшін қолдануға болады. Аумақтық картографиялық таңбалардың құру тәсілдері. Түс құйдыру(color fill, uniform fill),шаблонмен толтыру (pattern fill, texture fill) және градиентті бояу(gradient fill, fountain fill) —аумақтық таңбаларды құрудағы ортақ құралдар. Түс құю қарапайым әдіс болып табылады, және ол барлық программаларда болады.Мұнда тек түстік модельден құюға арналған түсті таңдау ғана қажет. Бұл асппап түрі аумақтық таңба құруға мүмкіншілік береді, яғни олар бір—бірінен түс ашықтығы және түсі бойынша айырмашылық табады. Шаблонмен толтыру бұлда барлық программаларда кездеседі. Шаблон растрлы және векторлы суретпен түсіндіріледі, формасы тікбұрышты, облыс ішінде плитка тәрізді орналасқан. Шаблонмен толтыру әдісі ішкі структурасы бойынша айырмашылығы бар аумақтық таңбаларды құруға қолданылады. Картографиялық аумақтық таңбалар жасау үшін вектормен толықтыру әдісі таңдаулы, мұда тек векторлық суреттер ғана болады, ал тікбұрыштық (қалған шаблонның қалған бөлігі растрлыққа қарағанда боялмайды) . Мұндай нысандар жағдайында, астыңғы бөлікте жатқандар боялмайды. Шаблон векторлық графикалық нысанмен түсіндіріледі, бейне максималды сапалы нәтиже шығару әртүрлі құралдар, мысалы дисплейлер мен принтерлер. Ең көп қолданылатын штриховка әдісі көп программаларды тікелей түрінде, бұрыш штриховка және сызықтар аралығында берілгенде, жүзеге асырылмайды. Штрих имитациясы үшін шаблонмен толтыру әдісі қолданылады және дайын шаблондар жиыны стандартты программалар компонентациясы кіреді. Мұндай көз қараста барлық, растрлық шаблонға тән жетіспеушіліктер штриховкілеуге де тән болып табылады. Оң және сол шаблон беткейлері бір-бірінің дәл жалғасы болуы керек, яғни шаблонның оң жағына тағы бір шаблон жалғасақ, онда сызық оң жақтағы бітер шекарасына сол жақ шаблонды сызықпен қиылысуы керек ,оң жақ шаблондағы сол жақ шекарасымен, басталады. Сол сияқты үстіңгі және астыңғы жақтары да дәл келу керек. Градиентті бояу әдісі жалпы берілген графикалық программалар негізімен көрсетілген және де түс құю әдісі модификациясымен беріледі( белгілі бір заңға бағынып өзгеретін) градиентті бояудың бірнеше түрі бар. Градиентті бояудың бірнеше түрі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]