
- •Мультимедия ұғымына анықтама беріңіз.
- •2. Карта құрастырудағы дизайынның рөлін атаңыз
- •4. Карографиялық семиотика туралы түсінік беріңіз.
- •5. Картографиялық белгілер және олардың картадағы рөлін жазыңыз
- •6. Картографиялық семиотика туралы түсінік
- •8. Картографиялық белгілерді құрудың әдіс-тәсілдерін атаңыз.
- •9. Картографиялық белгілерді құрудың компьютерлік әдісі
- •Шрифтердің негізгі түрлерін атаңыз.
- •18. Геоақпарат ғылымының тарихы қалыптасуының дәуірлерге бөлінуі
- •19. Қай жылдарда гаж-технологияларының қолданысы рентабельді болды?
- •22. Картографиялық өнімнің жалпы безендіруін жобалау туралы анықтама беріңіз.
- •25. Түстік модельдің түсінігі
- •26. Растрлық графикалық көрініс түріне тоқталыңыз
- •27.Векторлық графика көрінісіне тоқталыңыз
- •30. Карта жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
- •33. Компоновка және картаны басылымға шығару.Компоновканы шаблон ретінде сақтау .
- •34. Жалпыгеографиялық карталарды жасау үшін арналған көздерді жазыңыз.
- •41. Жалпыгеографиялық карталар мазмұнының негізгі элементтерін атаңыз
- •45. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
- •47. Тақырыптық карта жасаудың ерекшеліктерін атаңыз
- •57. Графикалық ақпараттардың негізгі қажеттілігі және кейбір тәсілдерінің жетіспеушілік жақтарын анықтау
- •Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •59. Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •60. Заманауи мультимедиялық құрал-жабдықтарды атаңыз.
6. Картографиялық семиотика туралы түсінік
Картаны құру және жобалау картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді.
Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология)[1] — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч.С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойыншасемасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады.[2]
Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі ме Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема,сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарама-қарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:
Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;
Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін семантика;
Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін прагматика.
8. Картографиялық белгілерді құрудың әдіс-тәсілдерін атаңыз.
Картографиялық белгілерді құрудың әдіс-тәсілдер бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;
ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де көрсету оңайға түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерінкөрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
- Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. – географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол – құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.