- •Мультимедия ұғымына анықтама беріңіз.
- •2. Карта құрастырудағы дизайынның рөлін атаңыз
- •4. Карографиялық семиотика туралы түсінік беріңіз.
- •5. Картографиялық белгілер және олардың картадағы рөлін жазыңыз
- •6. Картографиялық семиотика туралы түсінік
- •8. Картографиялық белгілерді құрудың әдіс-тәсілдерін атаңыз.
- •9. Картографиялық белгілерді құрудың компьютерлік әдісі
- •Шрифтердің негізгі түрлерін атаңыз.
- •18. Геоақпарат ғылымының тарихы қалыптасуының дәуірлерге бөлінуі
- •19. Қай жылдарда гаж-технологияларының қолданысы рентабельді болды?
- •22. Картографиялық өнімнің жалпы безендіруін жобалау туралы анықтама беріңіз.
- •25. Түстік модельдің түсінігі
- •26. Растрлық графикалық көрініс түріне тоқталыңыз
- •27.Векторлық графика көрінісіне тоқталыңыз
- •30. Карта жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
- •33. Компоновка және картаны басылымға шығару.Компоновканы шаблон ретінде сақтау .
- •34. Жалпыгеографиялық карталарды жасау үшін арналған көздерді жазыңыз.
- •41. Жалпыгеографиялық карталар мазмұнының негізгі элементтерін атаңыз
- •45. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
- •47. Тақырыптық карта жасаудың ерекшеліктерін атаңыз
- •57. Графикалық ақпараттардың негізгі қажеттілігі және кейбір тәсілдерінің жетіспеушілік жақтарын анықтау
- •Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •59. Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •60. Заманауи мультимедиялық құрал-жабдықтарды атаңыз.
4. Карографиялық семиотика туралы түсінік беріңіз.
Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді.
Картографиялық семиотика – шартты белгілерді пайдалана отырып картаны көптеген графикалық модельдерін айырып отырады: мысалы аэрофото және космостық суреттердегі пейзаждарын анықтау.
Картогарфиялық семиотиканың құрамына – карта тілі, картографиялық белгі деген жалпы теория жүйесі бар. Картогрфиялық семиотика 3 бөлімнен тұрады:
Картографиялық симтактика (map syntactics) – белгі системаларының құрылу ережелерін пайдалануын оқытады.
Картографиялық семантика (map semantics) – семантика шартты белгілер мен көрініс пен объектілердің ара-қатынасын болмысын үйретеді.
Картографиялық прагматика (map pragmatics) – шартты белгілердің ақпарат беруші құрал ретінде олардың ақпараттық құндылығын зерттейді.
Планға қарап, жер бетінің қағазға жалпы сипатын ,ондағы заттардың орнын, бір-бірінен ара-қашықтығын дәл анықтауға болады.
Семиотика ұғымы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды.
Семиотиканың негізін қалушы американдық философ әрі логик Чарьз Сэндэрс Пирс (Charles Sanders Peirce, 1839—1914) және шведтік лингвист Фердинанд де Соссюр (Ferdinand de Saussure, 1857—1913).
Неміс логикі әрі филисоф Готлоб Фреге (1848-1925) семиотика терминіне арнап бірнеше мақалалар жазды («О смысле и значении» (1892), «Мысль: логическое исследование») және осы мақаллар бүгінгі күнге дейін классикалық болып отыр. Тілдік белгілер – акустикалық мәннен және мағынадан тұрады деп тұжырымдады ол.
Картография ғылымына семиотиканың енуі 1946 жылдан басталды (Нью-Йоркте «Белгілер, тіл мен тұрпат» атты кітапта оған алғаш рет картографиялық тұрғыдан қараған). 1938 жылы Чарльз Уильям Моррис семиотиканың жүйелеп, оны синтактику, семантику және прагматику деп бөлді. Бүгінгі күнде төртінші түр: картографиялық стилистиканы да қарастырады.
5. Картографиялық белгілер және олардың картадағы рөлін жазыңыз
Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығы және графикалық дәлділігі жағынан тақырыптық карталарда жиі қолданылады. Белгілі бір пунктерге шоғырланған құбылыстарды, мысалы жеке кәсіпорындар, пайдалы қазбалардың кен орындарын көрсету үшін қолданылады. Шартты белгілер формасы, түсі, мөлшері бойынша ажыратылады. Түс пен форма сапалық сипатты, ал мөлшері сандық сипатты көрсетеді.
Формаларына қарай төменгідей түрлерге бөлінеді:
1. Геометриялық белгілер - геометриялық фигуралар түрінде көрсетіледі.Бұл бейнелеу әдісі қарапайым және көрнекі, олар геометриялық орталығы бар жергілікті жерде орналасқан обьектілердің орнына сәйкес келеді, дегенмен мұндай фигуралар шектеулі ғана.
2. Әріптік белгілер - Бұлай бейнелеудің қиындығы, бір әріп бірнеше обьектілерді көрсетуі мүмкін. Адамдар баспадан шыққан карта тілін білмегендіктен бұл белгілер түсініксіз болуы мүмкін (мысалы, «темір» қазақша, «железо» орысша, «зелизо» украиншша). Әріптер әр түрлі аумақты алуы мүмкін, сондықтан бейнеленетін құбылысты бұрмаландыруы мүмкін.
3. Символикалық белгілер - Обьектілердің өзіндік сипатын білдіреді.: мысалы, ас тұзы -тұз кристаллдары; мұнай кен орындары- мұнай құбыры түрінде. Бірақ, барлық обьектілер үшін мұндай символдар қолдану мүмкін емес.
3.Көркемді белгілер - ұсақ суреттер түрінде көрсетіледі.Мұндай белгілер мектеп карталары мен карта-плакаттарда қолданылады.Белгі аумағы құбылыс санына пропорциональды болса, яғни құбылыстың абсолюттік масштабы туралы айтуға болады.
Құбылыс көрсеткіш санына пропорциональды болатын белгі мөлшерін анықтау үшін, алдымен масштаб негізін анықтап алу керек.
Көп жағдайларда сандық көрсеткіштердің интервалдары қолданылады; әр интервалға белгілі бір шама белгісі сәйкес келеді.
Интервалдар әр түрлі болады:
1.Тең интервалдар.
2.Қайталанатын интервалдар.
3.Интервалдар сәйкестігі.
Белгілер қарапайым және құрылымды болады (обьект құрылымына пропорциональды бөліктерге бөлінеді).Белгілік әдіспен құбылыстар динамикасын нақтылы жағдайын көрсетуге болады.
Локальды диаграммалар. Бұл диаграммалар белгілі бір пункт, нүкте, аудандарға арналған. Бұл әдіс маусымдық және кезеңдік құбылыстар сипатын көрсету үшін қолданылады. Көбінесе, температураның жылдық жүрісі, ай сайынғы жауын-шашын мөлшері, қар жамылғысы динамикасы, өзеннің жылдық ағысының таралуы, желдің күші мен жылдамдығын көрсету үшін қолданылады.
Картодиаграмма. Бұл картадағы құбылыстар шамасын диаграммалық фигуралар көмегімен көрсету әдісі- территорияға бөлінген торларда орналасқан еркін белгілер. Картодиаграммалық әдіспен территорияны әкімшіліктерге бөлуде қолданылады. Белгілік әдістен диаграммалық фигуралардың айырмашылығы, олар тек жеке обьектіні емес, белгілі бір аудандағы құбылыстар шамасының жиынтығын- дөңгелек, квадрат, үшбұрыш белгілері түрінде көрсетеді. Бұл әдіс экономикалық географияда жиі қолданылады, себебі белгілер жеңіл есептелінеді, диаграмма құрастыруға болады, көрнекі және нақтылы.
Картограмма.Картада құбылыстар шамасы абсолюттік емес салыстырмалы түрде бейнеленеді (мысалы, халықтар тығыздығы). Бұл әдістің маңыздылығы, территориялық бөліну торында аудан шегіндегі құбылыс сипатамасының географиялық өзгешелігі қарқынды бояу немесе штрих түрінде көрсетіледі.Шартты түрде бұл аудан біртекті болып қабылданады.
Құбылыстардың сандық дәрежелері сатыланып көрсетіледі. Әр сатыға өзіндік бояу немесе штрих сәйкес алынады. Картадағы саты саны 8-10-нан артық болмауы керек. Шкала әртүрлі болуы мүмкін. Құбылыстың салыстырмалы шамасы көп болған сайын, бояу түсі де қарқынды болады. Картограмма әдісін қолданғандағы басты шарт- картадағы аудандарды бейнелеуде боядың тек бір түрін қолданы (қарқындылығы әртүрлі).
