Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Multimedia__1201__1171_ymyna_any_1179_tama_beri...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.24 Кб
Скачать

59. Геоикониканың дамуына тоқталыңыз

1985 жылы А.М.Берлянт геобейнелердің теориясын зерттейтін, сондай ақ олардың анализдеу тәсілдерін және ғылым мен тәжірибеде жаңаша түрленуін ғылымның жаңа бағыты ретінде ойлап шығарды. Ол геоиконика деп аталды. Геоикониканың мүмкіндігі шектеусіз, ол картография, аэрокосмостық түсірістер мен графикалық машиналардың арасындағы байланыс болып табылды.

Геоиконика 3 түрлі болып келеді: тегіс және екі өлшемді геобейнелер, көлемді немесе үш өлшемді геобейнелер, динамикалық немесе 3-4 өлшемді геобейнелер. Тегіс бейнелерге топографиялық, тематикалық, аэро және космостық түсірістер, теңіз түбінен алынған түсірістер, телевизиялық, радиолокациялық, гидролокациялық, сканерлік карталар мен пландар жатады. Ал көлемді геобейнелер көз алдымызға шынайы көлем беретін 3 өлшемді графикалық модельдерді біріктіреді. Динамикалық геобейнелер объекттерді тек қана кеңістікте емес, уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді. Динамикалық геосуреттер арқылы мұхит бетінің мұнаймен ластануының өлемін, температуралардың өзгеруін, мұздықтардың көшуін т.б. анықтау оңай.

Қазіргі таңда жаңа технологиялар белгілі бір картографиялық бейнені экран бетінде жылжытуға, демонстрация жылдамдығын өзгертуге, керек кадрге қайта айналып келуге т.б. көптеген операциялар жасауға мүмкіндік береді. Кейбір белгілер жанып өшіп, ал фондық бояулар – пульс беріп белгілі бір қауіптің келе жатқанын ескерте алады. Сондай ақ панорама жасауға және ракурсты өзгертуге де болады. Осындай геоиконика арқылы карта оқушы генерализацияланған картаны оқи отырып, сол аумақтың гео бейнесін қатар көре алады. Геоиконикалардың көмегімен электронды карталар, 3 өлшемді модельдер, анимациялық және қиын гипергеобейнелерді жасап шығаруда.

60. Заманауи мультимедиялық құрал-жабдықтарды атаңыз.

Мультимедия - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпараттарды кешенді түрде бейнелеуді,   мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін түрлі түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, сұқбаттық түрде жұмыс істейтін компьютерлік жүйе. Заман талабына сәйкес компьютердің  өмірлік практикада пайдалануы және ондағы программалардың қажеттігі бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері  көрсетіп отыр. Қазіргі кезде ең көп сұранысқа ие болатын  компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдалану. Мультимедиялық оқыту  құралдары,  Мультимедиялық оқыту бағдарламалары:

  • Компьютер

  • Интерактивті тақта

  • Мультимедиялық проектор

  • Видео және аудиомагнитофон

  • Ғаламторға шығу мүмкіндігі

  • Электрондық оқыту бағдарламалары

Мультимедиялық презентация мыналарды қамтиды:

  • компьютерлік анимациялар

  • иллюстрациялық қатар

  • дыбыстық қатар

  • видеофрагменттер

  • гипермәтін мен гиперсілтемелер.

Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері

  • Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу

  • Суреттер енгізу

  • Дыбыстар кірістіру

  • Видеолар кірістіру

  • Анимациялар құру

Қазіргі кездегі компьютерлерде тек жазып, оқып, сурет салып қана қоймай, суреттер, әр түрлі фигурадағы мәтіндер кірістіруге, анимациялар құруға бейнефильмдерді көруге және компакт дискіден музыкалық шығармалар тыңдауға болады. Компьютерлер осы үшін компакт дискілерді оқитын қосымша құрылғылармен, микрофонмен және колонкалармен жабдықталған. Бұл қосымша құрылғылардың көмегімен:

Құжаттарға дыбыс қосуға (өздерің жасаған құжатпен немесе кестемен жұмыс істейтіндер үшін нұсқау жазуға); Компьютерде музыкалық компакт дискілерді ойнатуға; Windows-тағы әр-түрлі оқиғаларға сәйкес дыбыстар тағайындауға; Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бар мультимедиалық ойындар ойнауға болады. Компьютерде мультимедиалық  құрылғыларды пайдалануға арналған  Windows-тің арнайы программалары бар. Олардың кейбіреулерін, мысалы, лазерлік ойнатқышты, әмбебап ойнатқыш пен фонографты,  PowerPoint-ты қарастырдым. Ойнатқыш 2 ге бөлінеді. Олар: Әмбебап және лазерлік ойнатқыштар. Әмбебап ойнатқыш дыбыстық және видео файлдарды ойнатуға, ал лазерлік ойнатқыш тек қана дыбыстық файлдарды ойнатуға арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]