Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Multimedia__1201__1171_ymyna_any_1179_tama_beri...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.24 Кб
Скачать

57. Графикалық ақпараттардың негізгі қажеттілігі және кейбір тәсілдерінің жетіспеушілік жақтарын анықтау

Графикалық ақпарат  — схемалар, эскиздер, диаграммалар, графиктер пішіндегі фигуралар немесе бейнелер (көрнекті символдар) түрінде берілетін ақпарат. Олар графикалық редакторлар арқылы өңделеді.

Графикалық редактор:

  1. Графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруга арналған программа; графикалық ақпаратты редакциялайтын программа;

  2. Дисплей бетінде граффикалық кескіңдер салу процесін автоматтандыруға арналған программа;

  3. Графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін программалық комплекс. Графикалық редактор дисплей экранында әр түрлі түспен қалам, тышқан жөне т.б. көмегімен сурет салады. Сондай-ақ редактор дайындалған кескіндерді сақтау, принтермен, жадпен жұмысты ыңғайлау және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Компьтерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар:

Түс ерекшелігіне қарай: қара-ақ және түрлі түсті болып ажыратылады.

Қолдану бағытына қарай:

  • 1) Инженерлік графика;

  • 2) Ғылыми графика;

  • 3) Web-графика;

Компьютерлік графика :

1) Екі өлшемді графика

2)Үш өлшемді графика болып та жіктеледі.

Растрлық графика:

  • Растрлық кескіндер мозаика тәріздес. Тек шыны немесе пластмасса кесектерінен көп болған сайын пиксель алынады.

  • Пиксель-монитор экранындағы кескінінің минималды пішіні.

  • Растрлық кескін үлкеюге де кішіреюге сезімтал. Оны кішірейткенде ұсақ бөлшектердің айырмашылығы бұзылады.

  • Үлкейткенде: сатылы эффект пайда болады.

Векторлық графика:

  • Бұл нүктелер,сызықтар,шеңберлер,төртбұрыштар және т.б геометриялық примитивті пайдаланып,компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.

  • Құндылығы:

  • Сапаны жоғалтпайды.

  • Шексіз үлкейтуге болады.

Графикалық редакторларға арналған бағдарламалар:

  • Adobe Photoshop , Сorel PhotoPaint.

Пайдасы:

1) Графикалық примитивтерді (сызық,төртбұрыш т.б) салу.

2) Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу.

3) Сурет салу, бояу.

4) Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу.

5) Көркем хабарлама дайындау.

6) Сақтау. Редакциялау.

Векторлық графикалық редакторларда Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, ал кәсіби графикалық редакторға: 1) CorelIDRAW 2 )AdobeIUustrator қолданады.

  1. Геоикониканың дамуына тоқталыңыз

1985 жылы А.М.Берлянт геобейнелердің теориясын зерттейтін, сондай ақ олардың анализдеу тәсілдерін және ғылым мен тәжірибеде жаңаша түрленуін ғылымның жаңа бағыты ретінде ойлап шығарды. Ол геоиконика деп аталды. Геоикониканың мүмкіндігі шектеусіз, ол картография, аэрокосмостық түсірістер мен графикалық машиналардың арасындағы байланыс болып табылды.

Геоиконика 3 түрлі болып келеді: тегіс және екі өлшемді геобейнелер, көлемді немесе үш өлшемді геобейнелер, динамикалық немесе 3-4 өлшемді геобейнелер. Тегіс бейнелерге топографиялық, тематикалық, аэро және космостық түсірістер, теңіз түбінен алынған түсірістер, телевизиялық, радиолокациялық, гидролокациялық, сканерлік карталар мен пландар жатады. Ал көлемді геобейнелер көз алдымызға шынайы көлем беретін 3 өлшемді графикалық модельдерді біріктіреді. Динамикалық геобейнелер объекттерді тек қана кеңістікте емес, уақыт бойынша өзгеруін көрсетеді. Динамикалық геосуреттер арқылы мұхит бетінің мұнаймен ластануының өлемін, температуралардың өзгеруін, мұздықтардың көшуін т.б. анықтау оңай.

Қазіргі таңда жаңа технологиялар белгілі бір картографиялық бейнені экран бетінде жылжытуға, демонстрация жылдамдығын өзгертуге, керек кадрге қайта айналып келуге т.б. көптеген операциялар жасауға мүмкіндік береді. Кейбір белгілер жанып өшіп, ал фондық бояулар – пульс беріп белгілі бір қауіптің келе жатқанын ескерте алады. Сондай ақ панорама жасауға және ракурсты өзгертуге де болады. Осындай геоиконика арқылы карта оқушы генерализацияланған картаны оқи отырып, сол аумақтың гео бейнесін қатар көре алады. Геоиконикалардың көмегімен электронды карталар, 3 өлшемді модельдер, анимациялық және қиын гипергеобейнелерді жасап шығаруда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]