- •Мультимедия ұғымына анықтама беріңіз.
- •2. Карта құрастырудағы дизайынның рөлін атаңыз
- •4. Карографиялық семиотика туралы түсінік беріңіз.
- •5. Картографиялық белгілер және олардың картадағы рөлін жазыңыз
- •6. Картографиялық семиотика туралы түсінік
- •8. Картографиялық белгілерді құрудың әдіс-тәсілдерін атаңыз.
- •9. Картографиялық белгілерді құрудың компьютерлік әдісі
- •Шрифтердің негізгі түрлерін атаңыз.
- •18. Геоақпарат ғылымының тарихы қалыптасуының дәуірлерге бөлінуі
- •19. Қай жылдарда гаж-технологияларының қолданысы рентабельді болды?
- •22. Картографиялық өнімнің жалпы безендіруін жобалау туралы анықтама беріңіз.
- •25. Түстік модельдің түсінігі
- •26. Растрлық графикалық көрініс түріне тоқталыңыз
- •27.Векторлық графика көрінісіне тоқталыңыз
- •30. Карта жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
- •33. Компоновка және картаны басылымға шығару.Компоновканы шаблон ретінде сақтау .
- •34. Жалпыгеографиялық карталарды жасау үшін арналған көздерді жазыңыз.
- •41. Жалпыгеографиялық карталар мазмұнының негізгі элементтерін атаңыз
- •45. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
- •47. Тақырыптық карта жасаудың ерекшеліктерін атаңыз
- •57. Графикалық ақпараттардың негізгі қажеттілігі және кейбір тәсілдерінің жетіспеушілік жақтарын анықтау
- •Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •59. Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •60. Заманауи мультимедиялық құрал-жабдықтарды атаңыз.
41. Жалпыгеографиялық карталар мазмұнының негізгі элементтерін атаңыз
Географиялық карталар -Тақырыптық -Жалпы географиялық
Топографиялық карталар жергілікті жерге толық сипаттама беретін ірі масштабты жалпыгеографиялық карта болып табылады. ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ карта мазмұнының негізгі элементтерін -Математикалық негіз -Картографиялық кескіндеулер -Проекция -Масштаб -Геодезиялық негіз -Жер бедері -Гидрография -Климаттық -Өсімдік және топырақ -Елді мекендер -Қатынас жолдары мен байланыс құралдары -Саяси - әкімшілік бөліну -Экономика мен мәдениет элементтері Карталардың негізін картографиялық кескіндеулер, математикалық негіз, көмекші жабдықтар мен қосымша мәліметтерден тұратын жиынтық құрайды. Картаның аса маңызды элементтерінің бірі - оның түсіндірме бөлігі болып табылады. Түсіндірме бөлік Шартты белгілер Мәтіндік түсіндірме Кесте
45. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
а) табиғат құбылыстарының карталары, яғни физико-географиялық карталар;
ә) қоғамдық құбылыстардың карталары, яғни әлеуметтік-экономикалық (экономика, халық, мәдениет,саяси-әкімшілік, тарихи) карталар.
Тақырыптық карталардан арнаулы карталарды (оқулық, туристік, навигация, жобалау, т.б.) айыра білу қажет. Арнаулы карталар жалпы географиялық (туристік) және тақырыптық (оқулық), климаттық, топырақ, экономикалық т.б. карталарда болуы мүмкін. Бұл карталардың кейбірінің өзіне тән өзгешелігі болғандықтан, олар тақырыптық карталардың ерекше бір тобы – техникалық карталар деп аталады. Оларға теңіз навигациясына, ұшуға, жобалауға т.б. арналған карталар жатады. Географиялық карта көбіне территориялық белгілері (кеңістікті қамтуы) бойынша ажыратылады. Мысалы, дүние жүзінің, мұхиттар мен теңіздердің, құрлықтардың, олардың ірі бөліктерінің, мемлекеттердің, облыстардың, аудандардың карталары.
Географиялық карта тақырыбының кеңдігі жағынан да әр түрлі болады. Мысалы, кейбір климаттық карталар бір ғана метеорологиялық элементті (температура, жауын-шашын т.б.), енді біреулері бірнеше элементті (ауа қысымы мен желді) көрсетеді, немесе климатты тұтас сипаттайды. Бір ғана тақырыпқа арнаған карталарды жеке немесе салалық (температура картасы) деп, ал құбылыстың толық сипатын беретіндерін жалпы (жалпы климаттық карта) карталар деп атайды. Көптеген карталарда бірнеше құбылыс және олардың арасындағы өзара байланыс қатар көрсетіледі. Бұл – көп салалы карталар; оларды комплексті карталар дейді (мысалы, барлық метеорологиялық негізгі элементтерді көрсететін синоптикалық карталар).[4]
Географиялық карта мазмұнының қорытылу дәрежесі жағынан бірдей бола бермейді. Кейбір карталарда жинақтап қорытылмаған немесе әлі аз жинақталған көрсеткіштер (нақтылы бір уақыттағы метеорологиялық элементтердің мәні) берілсе, басқа бір карталарда әбден жинақталған көрсеткіштер (көп жылдық деректердің негізінде алынатын айлық орташа, жылдық орташа температулар) қамтылады.
Халықты сондай-ақ табиғаттың, экономиканың, мәденитеттің кейбір элементтерін, олардың қасиеттерін немесе ерекшеліктерін ажыратып көрсететін карталар анализдік карталар деп аталады. Бірнеше көрсеткішті қосып, пайдалану негізінде құбылыстарды тұтас алып сипаттайтын синтездік карталарға көрсеткіштер жинақталып алынады. Мысалы, жалпы климаттық карталарда климаттық аймақтар бірнеше көрсеткіштің жиынтығы (температура, жауын-шашын т.б.) бойынша көрсетіледі, бірақ олардың нақтылы көрсеткіштері берілмейді. Синтездік карталарда бірқатар жеке карталардың деректері жинақталғандай болады. Тәжірибеде нақтылы және жалпылама көрсеткіштер, анализдік және синтездік сипаттамалар берілген карталар болады. Мысалы, жалпы экономикалық карталардың көпшілігінде өнеркәсіп үшін картографиялаудың анализдік, ал ауыл шаруашылық үшін синтездік әдістері қолданылады.
Географиялық картаның құндылығы – олардың толықтығына, дәлділігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар географиялық карта жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Ал бұл принциптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.
Географиялық карта планетамыздың және оның жеке бөліктері – құрлықтар мен мұхиттар олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәденитеі және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.[5]
