Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Multimedia__1201__1171_ymyna_any_1179_tama_beri...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
208.24 Кб
Скачать

27.Векторлық графика көрінісіне тоқталыңыз

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

Растрлық графика мен векторлық графиканы салыстыру

Салыстыру критерийлері

Растрлық графика

Векторлық графика

Кескіндерді ұсыну әдісі

Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады.

Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді.

Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндер шынайы суреттерді  айқын бейнелей алады. 

Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді.

Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі

Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады.

Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.

Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері

Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады.

Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

Қазіргі уақытта көптеген иллюстративтік графикалық пакеттер бар.

Графикалық объектіні құру үшін иллюстративтік векторлы графикалық бағдарламалар қажет болады. Векторлық графиканың сапасы және құрылғыладың қажеттілігі масштабтау мүмкіндігіне байланысты болады.

Векторлық және иллюстративтік графикалық пакеттер әрқашан объекттердің контурын салып, ал содан кейін оларды бояп және өрнектерге толтыруға мүмкіндік беретін объекті – басқару қадамынан өтеді. Бірқатар векторлық графикалық бағдарламалар:

Corel Draw пакеті әрқашан өте жақсы әсер қалдырады. Corel фирмасының топтпмаларында көптеген бағдарламалар бар, оның ішінде Corel Photo – Paint. Барлық бағдарламалардың ішіндегі жаңа пакетте ең жақсы құралдармен жұмыс жасауға болады. Бірақ Web үшін публикация дайындауға Corel Draw Corel Xara-ға орын береді. Corel Draw-да мәтінді бейнелердің көркемдік мүмкіндіктері өте жақсы. «Лупа» құралына теңесетін ешқандай құрал жоқ – ол көптеген арнайы эффекттерді ала алады, сонымен қатар бейненің тек бір бөлігін ғана үлкейтеді және фон түсіне байланысты мәтіннің түсін автоматты түрде өзгерте алады. Егер сізге пиксельді өңдеу керек болса, Corel Draw сізді бірден Corel Photo – Paint-қа қасады.

Micrografx Designer 7-бұл өте қарапайым, көптеген мәтіндермен оңай жұмыс жасайтын бағдарлама. Designer пакетінің сурет салу құрал – саймандар ортасы қолдануда ең қарапайым болып табылады. Corel Xara сияқты Designer-де мәтінді редактрлеу терезесі қарастырылмаған. Қабаттардың арасын ауыстыру өте қолайсыз, бірақ әртүрлі форматтағы бірнеше бетерді қолдануға болады. Designer пакетінің құрамына растрлық филтрлар, эффекттер кіреді. Олар пиксельдерді OLE технологиясымен Picture Publisher құрылғысында редактрлеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл пакет Micrografx QuickSilver 3 браузерінің сыртқы модулімен бірге қолдану үшін URL-ді объектреге қосты. Егер сіз жақсы сызбалар сызғыңыз келсе немесе интерактивті режимде жұмыс жасағыңыз келсе, ақпараттарыңызды өз Web бетіңізге орналастырғыңыз келсе, онда сізге осы пакетке тоқталуыңызға болады.

Macromedia FreeHand 7 пакеті төрт түсті CMYK баспамен және Web ке арналған бінеше форматпен ерекшеленеді. FreeHand сіз нұсқаған түс тізімін ғана қолданады. Бағдарлама бірнеше кітапханалардан түстерді таңдауға мүмкіндік береді, яғни оның ішінде Pantone және Hexachrome. FreeHand сурет салу құралдары және мәтінмен жұмыс қажетті сұраныстарға жауап береді, бірақ шектелу бар. Бұл пакет интерфейсі объектіні толығымен емес, түйіндерді ғана редактрлеуге берілген. Әрбір Corel Draw-да орындалатын масштабтау операциялары, қайталаулар, жән деформациялар FreeHand құралдар жиынтығынан жеке құралды қажет етеді.

Векторлық графика негізінен кез келген шығару құрылғысының рұқсат ету қабілеттерінің мүмкіндіктерін максималды пайдаланады: бейне әруақта сол құрылғының қабілеті қаншалықты жоғары болған сайын сапасы да жоғары болады.

Кемшіліктері:Бағдарламалық тәуелділік: әрбір бағдарлама өзінің меншікті форматында мәліметьтерді сақтайды, сондықтан бір векторлық реадакторда құрылған бейне қағида бойынша екінші бір бағдарламаның форматына қателіктерсіз конверттеле алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]