- •Мультимедия ұғымына анықтама беріңіз.
- •2. Карта құрастырудағы дизайынның рөлін атаңыз
- •4. Карографиялық семиотика туралы түсінік беріңіз.
- •5. Картографиялық белгілер және олардың картадағы рөлін жазыңыз
- •6. Картографиялық семиотика туралы түсінік
- •8. Картографиялық белгілерді құрудың әдіс-тәсілдерін атаңыз.
- •9. Картографиялық белгілерді құрудың компьютерлік әдісі
- •Шрифтердің негізгі түрлерін атаңыз.
- •18. Геоақпарат ғылымының тарихы қалыптасуының дәуірлерге бөлінуі
- •19. Қай жылдарда гаж-технологияларының қолданысы рентабельді болды?
- •22. Картографиялық өнімнің жалпы безендіруін жобалау туралы анықтама беріңіз.
- •25. Түстік модельдің түсінігі
- •26. Растрлық графикалық көрініс түріне тоқталыңыз
- •27.Векторлық графика көрінісіне тоқталыңыз
- •30. Карта жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
- •33. Компоновка және картаны басылымға шығару.Компоновканы шаблон ретінде сақтау .
- •34. Жалпыгеографиялық карталарды жасау үшін арналған көздерді жазыңыз.
- •41. Жалпыгеографиялық карталар мазмұнының негізгі элементтерін атаңыз
- •45. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
- •47. Тақырыптық карта жасаудың ерекшеліктерін атаңыз
- •57. Графикалық ақпараттардың негізгі қажеттілігі және кейбір тәсілдерінің жетіспеушілік жақтарын анықтау
- •Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •59. Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •60. Заманауи мультимедиялық құрал-жабдықтарды атаңыз.
26. Растрлық графикалық көрініс түріне тоқталыңыз
График түрінде компьютердің мониторындағы ақпараттардың берілуін тұңғыш рет 50-жылдардың ортасында үлкен ЭЕМ-дер үшін ғылыми және әскери зерттеулерде қолданған. Содан бері, ақпараттар бейнесінің график түріндегі әдісі компьютерлік жүйлердің ажырамас бөлігі болды, әсіресе дербес компьютерлер үшін.
Растрлық графика - экран бетінде немесе қағазда жеке нүктелердің жиынтығы ретінде көрсетуге негізделген. Растрлық гафиканың негізгі түсінігі-пиксель болып табылады. Растрлық кескін үлкеюге де кішіреюге де сезімтал болып келеді. Пиксельдер қосылып растр құрайды. Әртүрлі пиксельдердің жиынтығы бейнені құрайды. Растрлық графика көмегімен өте жоғары сапалы кескін алуға болады, сондықтан растрлық графика электронды және полиграфиялық басылымдарды жасап шығаруда жиі қолданылады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескіндер түрінде сақталады. Оларда суреттің әрбір пикселі туралы ақпарат есте қалғандықтан, мұндай суреттер векторлыққа қарағанда анағұрлым үлкен көлемді файлдарда сақталады.
Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте болып табылады.
Растрлық графикадағы кескіндерді сақтауға арналған файлдарға тоқталатын болсақ, ереже бойынша растрлық графикадағы кескіндерді сақтау екі логикалық бөліктен тұрады: басы және берілгендер аймағы. Басында файлдардың қалыбы көрсетіледі: кескіндер тігінен және көлденең, түстер саны, палитра және тағы басқалар. Берілген аймағында пиксельдердің түстері қосылады. Қазіргі кезде төмендегі файлдардың қалыбы кең тараған:
1. Bmp (bit map) – бит картасы.Бұл қалып Windows (Paint)-та кең тарлаған. Қалыптағы файл екі бөліктен құралған:
1) Басы, онда пиксель түсін кодтайтын кескіннің және бит санының мүмкіндігі көрсетілген;
2) Берілгендер аймағы кескіндердегі пиксельдердің түсі тізбектелген бит түрінде сақталады.
2. pcx. – қалыбы. Ол файлдардан жадыға жедел қайта жазуын және кері жазуын орындауға мүмкіндік беретін, кескіндерді сығудың қарапайым әдісі. Берілген қалып көптеген графикалық редакторлада қолданылады, көп жағдайда Paint-та. тif қалыбымен бірге pcx. қалыбы сканерлерде қолданылатын кең тараған қалыптадың бірі болып табылады. Бұл қалыптағы файлдың басында pcx қалыбы жөніндегі ақпараттардың нұсқасы көрсетіледі. Мысалы: ақпараттарды сығу үшін қолданып, қолданылмағаны, кескіндердің түсі, өлшемі, скане мен дисплейдің мүмкіндігі. pcx қалыбында орналасқан файлдағы кескіндерді сығу үшін байтты екі байтқа алмастыратын топтық кодтау әдісі қолданылады: қайталауыш байт және қайталанатын байт.
3. GIF қалыбы файлдардың барынша қарапайым құрылымында және атрибуттар саны кескіндерді pcx алгоритміне қарағанда біршама тиімдірек қолданады. Бұл қалып қазіргі уақытта Internet-те гипермәтіндік құжаттарға графикалық ақпараттарды енгізу үшін пайдаланады.
4. TIF (Tag Image Fail Format) қалыбы. Осы қалыптың негізгі қолдану аймағы үстел баспа қызметі және оған қатысты қосымшалары болып табылады. Бұл қалып кескіндердің қосылуын дәл сипаттауға мүмкіндік беретін атрибуттар жиынын алады. Сканермен көшіріп алынған суреттерді сақтау үшін осы қалып жиі қолданылады. Негізінен GIF және TIF қалыптары lzw сығуларында пайдаланады. Бұл алгоритмн оны құрастырушылар Lampel, Ziv және Welch атымен аталған.
5. jpg. қалыбы кескіндерді қажетті көлемге дейін сығу үшін қолданатын арнайы сығу алгоритмі. Мұндай жағдайда кескіндердің сапасы жоғалады. Әдетте оны Internet-тегі гипермәтінді графикалық ақпараттарды енгізуде кең тараған.
Сонымен, Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
