
- •Мультимедия ұғымына анықтама беріңіз.
- •2. Карта құрастырудағы дизайынның рөлін атаңыз
- •4. Карографиялық семиотика туралы түсінік беріңіз.
- •5. Картографиялық белгілер және олардың картадағы рөлін жазыңыз
- •6. Картографиялық семиотика туралы түсінік
- •8. Картографиялық белгілерді құрудың әдіс-тәсілдерін атаңыз.
- •9. Картографиялық белгілерді құрудың компьютерлік әдісі
- •Шрифтердің негізгі түрлерін атаңыз.
- •18. Геоақпарат ғылымының тарихы қалыптасуының дәуірлерге бөлінуі
- •19. Қай жылдарда гаж-технологияларының қолданысы рентабельді болды?
- •22. Картографиялық өнімнің жалпы безендіруін жобалау туралы анықтама беріңіз.
- •25. Түстік модельдің түсінігі
- •26. Растрлық графикалық көрініс түріне тоқталыңыз
- •27.Векторлық графика көрінісіне тоқталыңыз
- •30. Карта жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
- •33. Компоновка және картаны басылымға шығару.Компоновканы шаблон ретінде сақтау .
- •34. Жалпыгеографиялық карталарды жасау үшін арналған көздерді жазыңыз.
- •41. Жалпыгеографиялық карталар мазмұнының негізгі элементтерін атаңыз
- •45. Тақырыптық карталардың негізгі екі түрі бар:
- •47. Тақырыптық карта жасаудың ерекшеліктерін атаңыз
- •57. Графикалық ақпараттардың негізгі қажеттілігі және кейбір тәсілдерінің жетіспеушілік жақтарын анықтау
- •Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •59. Геоикониканың дамуына тоқталыңыз
- •60. Заманауи мультимедиялық құрал-жабдықтарды атаңыз.
Мультимедия ұғымына анықтама беріңіз.
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды — жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады. Әдетте, мультимедиалық материалдар мынадай негізгі элементтерді қамтиды: мәтін, дыбыс, кескін, анимация және бейне.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады;
Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.
Кескін (изображение; display image pict (picture) — 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім
Анимация (Animation) - қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысы динамикасын бейнелеу тәсілі. Мультимедиа жүйесінде — қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі
Бейне (Образ; image)
анықталу аймағына немесе оның мөндерінің біріне қатысы бойынша мәндер жиыны немесе функцияның жеке мәндері;
бейнелерді тану жүйесіндегі танылатын объект;
жадта сақталатын және қандай да бір жерде бар мәліметтердің көшірмесі
2. Карта құрастырудағы дизайынның рөлін атаңыз
«Картаны безендіру және компьютер дизайны» курсы-картографияның негізгі құрамдас бөлігі. Ол картографиялық өнімнің көркемдік жобалауының теориялары мен әдістерін, компьютерлік дизайн мен қолжазбалардың ғылыми-әдістемелік негіздерін оқытады және өңдеп-жаңартады. Оның негізгі міндеттері: Картографиялық белгілердің жобалауының арналған тиімді және ұтымды жүйелерге арналған бейнелеу әдістері және сипаттамалары. 1. Бейнелеу амалдары мен қабылдауларды қолдану (түс, көрініс пластикасы) 2. Картографиялық өнімнің ішкі көрінісінің дизайнының өңделуі, жаңаруы. 3. Карталар мен атластарды құрастыруда компьютерлік дизайнының технологияларын қолдану. Бұл міндеттердің орындалуы мына негізгі факторлар бойынша қаралады: масштаб, бағытталуы, картаның түрі, картографияланатын аймақтың ауданы, қолдану аясы, сондай-ақ полиграфиялық өндіріс пен басып шығару технологиялары. Карталар мен атластардың көркемдік жобалауы дизайнның негізгі кұрамын қанағаттандыруы тиіс: 1. Мазмұнның айқындылығы 2. Форманың қолайлылығы 3. Жобаның тиімділігі 4. Жоғары эстетикалық сапа